Экология 2-рубежка


1. Биометаногенез. Фитоводород.
Биометаногенез- Биометаногенез, немесе метан «ашу» ертеден белгілі биомассаның энергияға айналу құбылысы. Оны 1776 ж Александр Вольт газ құрамындағы метанның көлемін анықтау арқылы енгізген болатын. Биометаногенез процесі барысында бөлінетін микробты қауымдастықтың қатысуында алынатын биогаз құрамы 65-75%-метан қоспасы 20-35% көмiр қышқылынан, аз мөлшердегі күкiрт сутек, азот, сутектен тұрады.
Фитоводород- термохимиялық, биохимиялық және басқа да әдістермен өсімдік биомассасынан алынған сутегі. Кез-келген өсiмдiктен сутектiң үлкен сандарын шығарудың ең ыңғайлы тәсiлi болып табылды.
3. Биосфера. Жойылып келе жатқан өсімдіктер мен жануарлар, осы проблемаларды шешуде биотехнологиялық әдістерді қолдану.
Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера [2] — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Әдістер:
-Ұрғашылардың жыныс жүйесінің физиологиясы;
-Фолликулогенез және овуляция;
-Гаметалар in vivo ұрықтандыру
-Малдарды ұрықтандыру.
.-Эмбриондарды трансплантацичлау;
-Өсімдіктерді клондық микрокөбейтудің пайдасы.
- Клондық микрокөбейтудің әдістері.
- Қолтық бүршіктердің меристемасының дамуын индукциялау.
- Өсімдіктерді каллустан өсіріп шығару.
- Өсімдіктерді вирустардан сауықтыру.
4. ҚР-да қабылданған Өсімдік қорғау туралы мемлекеттік құжаттар
Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
3-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
5-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
Қазақстан Республикасының
Президенті
5. ҚР-ның аймақтарында пестицидтерді көмген жерлердің жағдай осыған байланысты мемлекеттік құжаттар
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
"Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 515 Қаулысы
Қазақстан Республикасының "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі және "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов 2008 жылғы 29 мамырдағы N 515 қаулысымен бекітілген

1. Қолдану саласы
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) Қазақстан
Республикасы нарығындағы айналымының шарттары
4. Пестицидтерді (улы химикаттарды) енгізу
кезіндегі қауіпсіздік талаптары
5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау)
кезіндегі қауіпсіздік талаптары
6. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу кезіндегі
қауіпсіздік талаптары
7. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау
және қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
8. Пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың
ыдыстарын залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою),
кезіндегі қауіпсіздік талаптары (жалпы ережелер)
9. Пестицидтердің (улы химикаттардың) осы техникалық
регламенттегі талаптарға сәйкестігін растау
және сәйкестендіру

6. Қоршаған ортаның әсерінен пайда болатын аурулардың диагностикасы және оларды биотехнология әдістері арқылы емдеу бағыттары
1. шаң - тозаңдардың әсерінен пайда болатын аурулар (пневмокониоздар, шаңды бронхит, кәсіби бронх демікпесі, т.б.). Бұлар таукен өндірісінде, шахталарда істейтін жұмысшыларда жиі кездеседі.
2. физикалық қолайсыз факторларының әсерінен пайда болатын аурулар (жоғары немесе төмен температура, атмосфералық қысымның әсер тербелістер, сәулелену, радио электрлік, ультрадыбыс толқындардың әсері).
3. химиялық факторларының әсерінен пайда болатын аурулар (жедел және созылмалы уланулар).
4. Биологиялық факторлардың әсерінен дамитын инфекциялық және паразитарлық аурулар (туберкулез таяқшалары, вирус, оба таяқшалары). Бұл факторларға медицина саласында, ғылыми-зерттеу институттарында, орман шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар ұшырайды.
7. Пестицидтердің нарығы. Пестицидтер және қаржы. Қазақстанда пестицидтерге байланысты ластанған топырақтарды талдау жұмыстарының жүргізілуі
"Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. Осы "Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Өсімдіктер карантині туралы " 1999 жылғы 11 ақпандағы,"Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі,"Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі,"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" қараңыз.K090193 2002 жылғы 4 желтоқсандағы,"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы,"Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасындағы (ҚР СЭҚ ТН) тауарлар жіктеліміне сәйкес жіктелетін, техникалық реттеу объектілері болып табылатын пестицидтерге (улы химикаттарға) және олардың әсер ететін заттарына таралады.
пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды организмдерге және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ өнімді жинар алдында кептіру, жапырақтарын түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін қолданылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіптілік сыныбы - адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына зиянды әсерін тигізетін қасиеттерін анықтау үшін пестицидтерді (улы химикаттарды) қауіптілік түрлері және санаттары бойынша бөлу;
пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігі - қауіпті факторды іске асыру мүмкіндігі мен оның салдарының ауыртпалығы дәрежесінің үйлесімділігі ескеріле отырып, азаматтардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіруіне байланысты пестицидтердің (улы химикаттардың) жол беруге болмайтын қатерінің болмауы;
пестицидтің (улы химикаттың) қауіптілігі - адамға және қоршаған ортаға қолайсыз
родентицид - зиянды кеміргіштермен күресуге арналған пестицид (улы химикат);
фунгицид - өсімдіктерді таз ауруларынан қорғауға арналған пестицид (улы химикат).
3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) Қазақстан
Республикасы нарығындағы айналымының шарттары
4. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестік пестицидтердің (улы химикаттардың) нарықтағы айналымының қажетті шарты болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға түскен пестицидтер (улы химикаттар) мемлекеттік тіркеуден өтеді және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізіледі.
6. Пестицидтердің (улы химикаттардың) әрбір партиясы буып-түюге, таңбалауға, зат белгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын техникалық регламенттің талаптарына сәйкес буып-түйіледі және таңбаланады.
Пестицидтерді (улы химикаттарды) таңбалау үшін ілеспе құжаттарға (қауіпсіздік паспортына, ерекшелігіне, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) арналған нормативтік және техникалық құжаттамаға) сәйкес және нақты пестицидтерді (улы химикаттарды), оның ішінде пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істегенде туындайтын апат (төтенше) жағдайларда, қауіпсіз қолдану шаралары туралы барлық қажетті ақпарат пайдаланылады.
Ақпаратты ыдыстың затбелгі жапсырмасында орналастыру мүмкін болмаса, әрбір орама бірлігіне пестицидпен (улы химикатпен) жұмыс істеу кезіндегі алдын ала сақтық шаралары жазылып, оны қолдану жөніндегі ұсынымдар қоса беріледі.
7. Пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған орамалар мен ыдыс өнімді қауіпсіз сақтауды, тасымалдауды және өткізуді қамтамасыз етеді.
Орама мен ыдыс үшін адамды, қоршаған ортаны пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпті сипаттарынан қорғауға арнайы лайықталған және пестицидтердің (улы химикаттардың) құрамдас заттарының қиратушы немесе өзге де бүлдіруші зиянды ықпалына төзетін және олармен тұтану және (немесе) күшті жылу шығару; тез тұтанатын, улы немесе тұншықтыратын газдар бөлу; басқа да химиялық белсенді және қауіпті заттар шығаруды тудыратын реакцияға түсу арқылы өзара әрекет етпейтін материалдар пайдаланылады.
8. Пестицидтердің (улы химикаттардың) физикалық-химиялық қасиеттері өндірушінің ерекшеліктерінде (импорттық пестицидтерге) және отандық пестицидтерді өндіруге арналған нормативтік және техникалық құжаттарда баяндалған қасиеттерге сай.
9. Пестицидтер (улы химикаттар) нарыққа жеткізілген кезде пестицидтің (улы химикаттың) сипаттары және оны сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) кезінде нақты пестицидпен (улы химикатпен) қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі шаралар туралы толық ақпарат бар қауіпсіздік паспортымен сүйемелденеді.
Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады.
Топырақтың ластануы дегеніміз химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус, қарапайымдар, гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде болуы.
Химиялық ластаушылар (неорганикалықжәне органикалық заттар) үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап, қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді. Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан қалдық суларды жатқызуға болады.
ТМД елдерінде (пестицидтердің көптеген түрін қолдануға рұқсат етілген. Пестицидтер ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру үшін өсімдік мақсатындағы химиялық дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.Алайда, пестицидтердің топырақтағы нақты құрамы қалыпты (есептік) мөлшерден едәуір асып түседі және кейбір елдерде аса қауіпті мөлшерге дейін жетеді. Ондай мөлшер адамға да, малға да зиян. Топырақ пестицидтермен ластанса ол жердің шөбі мен суын малға беруге болмайды. Оның ауасын жұтудың өзі де қауіпті. Өйткені, олар жіті және созылмалы улануға әкеліп соқтырады[2].
Қазіргі кезде пестицидтер қолданудың қауіпсіздігін көтеруге зор көңіл бөлінеді. Осы мақсатпен ондай препараттар улылығы аз препаратпен ауыстырылуда. Олардың формалары кейінгі кезде жетілдірілуде. Сондай-ақ, оларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гигиеналық нормалары да негізделуде.Минералды тыңайтқыштар ауылшаруашылығында топырақ құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын химиялық қосылыстар. Оларға макро және микротыңайтқыштар жатады. Минералды макротыңайтқыштар дегеніміз құрамына топырақ құнарлылығын арттыратын негізгі элементгер (азот, фосфор, калий) енетін затгар. Макротыңайтқыштар азотты, фосфорлы, калийлі және аралас деп бөлінеді.
Минералды тыңайтқыштар түрлері көп-ақ. Мысалы, азотты тыңайтқыштар тобына аммиак суы, карбомид, натрий нитраты, аммиак селитрасы, калий селитрасы және т.б. енгізіледі. Фосфорлы тыңайтқыштар тобына қарапайым және қос суперфосфаттар, негізгі шлактар және т.б. жатады. Азотты минералды тыңайтқыштар топыраққа тым артық енгізілсе мал денсаулығына зиян. Өйткені, нитрат метгемоглобинемия деп аталатын улануға ұрындырады. Сондай-ақ, олар топырақта канцерогенді әсері бар нитрозаминдердің синтезделуінің негізі болады.
Калий топыраққа өте баяу көшеді және топырақтың өздігінен тазаруы мен топырақ биоценозына зиянды әсер етпейді. Дегенмен, олармен бірге топырақ қыртысына жасанды сортаңдандыратын хлор иондары енгізіледі. Сонымен бірге мал организміне жиналған аз ғана калий жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Фосфат топырақты онша ластай қоймайды. Әйтсе де фосфат тыңайтқышы гектарына 600 кг немесе топырақтың 1 килограмына 200 мг аспауы қажет. Бұл шамадан асып кетсе жем-шөптің органолептикалық қасиеті мен қоректік құндылығын нашарлатады. Сонымен қатар топыраққа фосфор тыңайтқышын енгізу онымен бірге 1 литр жер асты суында 20 мг дейін фтор енгізілді деген сөз.
8. Сулардың ластануына байланысты флора мен фаунаның өзгеруі. Дүниежүзілік мұхиттардың ластануына не себеп болды?
Су экожүйелерінің деградациясы су ағзаларының жойылуын, су нысандарына биогендік заттардың түсуі, эфтрофикацияның артуы, оттек концентрациясының төмендеуін тудыратын токсинді ластану нәтижесінде болады. Су экожүйелерінің өзіндік тазалану қабілеті нашарлаған. Ластанудың ең ірі ошақтары алдын-ала тазалаусыз (тау-кен өндіретін кәсіпорындар, жеке өндірістік кәсіпорындар, қалалық агломерация), өндірістік және тұрмыстық ағындарды тазалаудың тиімсіз жүйелері салдарынан жер бетіне немесе су желісіне тасталатын өндірістік қалдықтар және су ағындар өнеркәсіп маңындағы аумақтарда байқалады.
Жер асты суларына ең үлкен әсер тигізетін Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары. Қазақстанның барлық мұнай өндіретін аумақтарында жер асты суларының мұнай өнімдерімен алаптық ластануы байқалады.
Техногендік ластанған жерлер барлық табиғат белдеулерінде кездеседі және олар жерлерді ұзақ уақыт пайдалану барысындағы жайылымдардың дегумификациясымен, сор және сортаңдануымен, жел және су эрозиясының дамуымен, топырақтың ластануы мен техногендік бұзылуымен, шамадан тыс жайылымға қолданылғандығымен байланысты. Жер бедерінің түзілу үрдістері – эрозия және дефляция үрдістерінің әсерінен жерлердің деградациясы жүреді. Халықтың тығыздығы да қоршаған ортаға және шөлденуге әсерін тигізеді.
Ерекше экологиялық, ғылыми және рекреациялық мәндегі өсімдіктер мен жанарлардың сирек және жойылу қаупі бар түрлерін, бірегей үлгідегі жерлерді, табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен нысандарды сақтаудың ең тиімді шаралары – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру болып табылады.
Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорының жағдайына қазіргі заманғы талдау жасау нәтижелеріне сүйенсек, сүтқоректілердің 178 түрлерінің 140 түрі (78,6%) қорғалады, оның ішінде 22 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, сондай-ақ құстардың 346 түрі (87,4%), бауырымен жорғалаушылардың 31 түрі (63,2%), балықтардың 23 түрі (22,1%) қорғалады. Бұлар Қазақстанның бірегей флоралық және фауналық әртүрлілігін сақтауды қамтамасыз етпейді.
Қазақстанда ғаламдық маңызы бар экожүйелердің бірнеше қатары бар, олардың ішінде солтүстік шөлдер, реликті шыршалы ормандар және бірегей тау экожүйелері бар. Қазақстан шөлдері мен тау жүйелері Жабайы табиғаттың Дүниежүзілік Қорының Ғаламдық Тізіміне енгізілген. Бұл жүйелер ең маңызды экологиялық аймақтарды (орталық азия шөлдері мен ортаазиялық тау шалғындары мен орман алаптары) алып жатыр. Халықаралық мәні бар Рамсар конвенциясының сулы-батпақты жерлерінің тізіміне Каспий теңізінің маңындағы жағалаулар мен Орал өзенінің атырауы, Алакөл-Сасықкөл және Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйелері енгізілген.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:
•өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
•химиялық заттар және тыңайтқыштар;
•тұрмыстық қалдықтар;
•жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
•ірі құрылыс учаскелері;
•күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.'
Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
9. Ультракүлгін сәулесіне т.с.с қауіпті заттарға байланысты озон қабатының өзгеруі
Ең маңызды қорғаныш қабаты – озон. Ол атмосфераның жоғарғы қабатында(20-50км) күн радиациясы әсерінен түзілетін бір түрі. Озон жерден 25 км қашықтықта ең көп мөлшерде пайда болады. Ол атмосфераны тек 2-4 мм қалыңдықпен қоршайды. Осы аз мөлшердегі қабық жер бетіндегі барлық тіршілікті космостық сәулелердің зиянды әсерінен толық сақтап отырады. Ол ультракүлгін сәулелерді өзіне сіңіріп қалып , жер бетіне тек шамалы мөлшерін ғана жібереді. Сондықтан оның жануарлар мен адамдарға пайдасы өте зор. Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысы өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу және жер маңы кеңістіктеріндегі концентрациясының артуы.
озон оттегі молекуласының (о) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі.
Қазіргі кезде озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі.
Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн. Короче, УК артқан сайын озон кабаты жұқарады.
Биотехнология әдістерін биосфераны қорғауда қолдану
Адам шаруашылық қызметi нәтижесiнде соңғы кездерi тұщы су қоры азайған, су қоймаларының борланып, ластануы, жерасты су қорының азаюы байқалады. Жыл сайын мұхиттар мен теңiздерге, көлдер мен өзендерге мұнайдың, майлағыш майлардың, бензиннiң, керосиннiң, әртүрлi өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтары, егiндер мен фермалардан ағын сулар түседi. Су қоймасының бетiндегi мұнайлы қабық күн жарығын өткiзбейдi, су және ауа қабатындағы газалмасуды бұзады, оттегiнiң суға өту процесiн әлсiретедi, оның барлығы су мекендеушiлерiнiң өмiрiне зиян келтiредi. Сондықтан ғалымдар суқоймаларын мұнайдан тазартудың әдiстерiн жасауда.
Мұнай iздерiн жою үшiн химиялық препараттар, арнайы “сорғыштарды” пайдаланады. Олар мұнаймен бiрге суды да сорады. Кейiн мұнайды судан бөлiп, резервуарға жинайды, ал тазарған суды қайтадан суқоймасына құяды. Арнайы құралдар мұнайдан тазартып қоймай, қатты қоқыстарды: бөтелке, банкi, пластмассалы торларды және тағы басқаларды жинайды.
Суқоймаларының ластануын алдын — алу өндiрiстерде тазартушы құралдарды салуды қажет етедi. Сөйтiп, өндiрiс шығаратын зиянды заттар мөлшерi азаяды, ағын сулар тазарады, өндiрiстiң зиянды қалдықтары өңделедi. Өндiрiсте қолданатын суды ерiген заттардан тазартады, суытып, өндiрiс қажетiне жiбередi.
Ағын суларды қоспалардан тазарту үшiн құрылыстар, фильтрлер пайдаланылады. Зиянды заттарды тұнбаға түсiретiн, ауру қоздырғышын өлтiретiн химиялық реактивтер қолданылады. Биологиялық тазартушы қондырғыларда бактериялар органикалық қалдықтарды, зиянды заттарды ыдыратып, сiңiредi.
Суды тазартуда кейбiр өсiмдiктер мен жануарлар маңызды роль атқарады, оларды су қоймаларының санитарлары, тiрi фильтраттар деп атайды. Оларға су гиацинтi жатады. Ол адамдардың жәндiктермен күресуге пайдаланатын улы заттарды және өндiрiстiң зиянды қалдықтарын сiңiредi. Қамыс суды ауру тудырушы бактериялардан, тұздың артық мөлшерiнен, қалдықтар, мұнайдан тазартады. Суды жөке, өлең шөп, батпақты қырықбуын тазартады.
Ал мынадай жануар — фильтраттар, айқұлақ ұлу өзi арқылы күнiне 30 л суды өткiзедi. Кiшкентай шаяндар да суды фильтрлейдi. Бiр шаян күнiне 1,5л суды фильтрлейдi.
Кез келген табиғи су қоймасы өзiнiң өсiмдiктерi, саңырауқұлақтары, бактериялары, моллюскiлерi көмегiмен өзiн-өзi тазартады. Бұл организмдердiң барлығы — санитарлар, олар өздерiнiң суларын тазартады. Су қоймасына улы қалдықтар түссе, оның құрамындағы тыныс алуға қажеттi оттегi мөлшерi және қоректенуге қажеттi қорек мөлшерi азаяды, санитарлар өлiп, судың дәмi мен иiсi өзгередi.
Қазiргi кезде Дүниежүзiлiк мұхитты ластанудан қорғау мақсатымен теңiз ортасын қорғау бойынша мұхиттарды мұнаймен және тасымалданатын зиянды заттармен, қалдықтармен ластануды болдырмау, сиреп бара жатқан өсiмдiктер мен жануар түрлерiн сақтау, олардың санын арттыру бойынша халықаралық келiсiмдер жасалады. Суқоймаларының күйiн басқару мен бақылау жаңа құралдар арқылы жүргiзедi.
Биотехнология должна помочь сельскому хозяйству получить продукты питания с минимальным применением средств химизации. На основе генетической и клеточной инженерии необходимо создать высокоурожайные, болезнестойкие сорта культурных рас¬тений, что позволит исключить ядохимикаты. На основе достижений современной генетики и биотехнологии пред¬ставляется возможным изменить потребительские свойства сель¬скохозяйственных продуктов с тем, чтобы отпала необходимость применять для корма животных и птицы различные добавки хи¬мического или микробного синтеза (кормовые дрожжи, лизин, витамины и др.), производство которых связано с определенной экологической опасностью. Биотехнология должна создать рациональные и безвредные для человека и среды процессы конверсии продуктов сельского хозяйства в более ценные товарные формы. То же касается химического сырья, которое можно превращать в биологически безвредные формы. Биотехнология призвана сыграть значительную роль при создании безотходных технологий и, конечно, при разработке раз-личных схем очистки производственных стоков и твердых отходов. Экологическая биотехнология бурно развивается, появляются
системы для утилизации органических и неорганических веществ, загрязняющих среду и попадающих в нее с жидкими и газовыми
выбросами. В аэробных и анаэробных условиях обычно с помощью иммобилизованных культур микроорганизмов в жидких стоках разрушают большое количество органических соедине¬ний. Примером может быть окисление сульфидов до сульфатов в жидких стоках аутотрофными бактериями Thiobacillus denitrificans, иммобилизованными в геле альгината. Процесс происходит в анаэробном биофильтре. Учёными-биотехнологами разработана также биотехнологическая система для окисления металлов в грязеобразной среде с содержанием сухого вещества 10—30 %. Так, бактерии рода Leptespirillum окисляют ртуть, серебро, молибден, селен и др. (Е. A. Griffin et. al., 1989). Достаточно широко практикуют денитрификацию стоков, биологическую утилизацию фосфора и удаление из стоков углеводо¬родов нефти.
10- молекулалық диагностика. Иммунодиагностика әдістері. ДНҚ- диагностика жүйесі
молекулалық диагностика артықшылықтары: оның әмбебаптылығы, кез-келген ДНҚ –ы бар клеткалар немесе ұлпалар анализдеріне қолдану мүмкін.
Онымен қоса, анализді онтогенездің кез-келген кезеңінде (зиготадан бастап) жүргізілуі мүмкін.
Моногенді т.қ. ауруларын тікелей-днк және тікелей емес днк-диагностикалау деп бөледі.
Гендиагностикасында келесі негізгі тәсілдерді қолданады:
- ДНК фрагменттерін және генді рекомбинация әдісі көмегімен клондау;
- ДНК-фрагменттері бірізділігін анықтау
- НҚ гибридизациясы ;
- рестрикционды сайттар идентификациясы;
- ПТР қолданумен ДНК амплификациясы;
- ақуыздық өнімдерді талдауға арналған кейінгі in vitro трансляциясы бар ДНК транскрипцисы
Иммунодиагностика деп белгілі бір ауруды немесе зерттелетін материалдағы ауру қоздырғышын анықтауға мүмкіндік беретін иммунологиялық әдістердің жиынтығын айтады. Иммунодиагностика әдістері 2 топқа бөлінеді:
1) Жалпы, арнайы емес әдістер, бұл әдістер иммунитет жүйесінің әр түрлі бөліктерінің лимфоциттердің,гранулоциттердің,макрофагтардың,комплементтің күйін сипаттайды.
2) Арнайы әдістер, Бұл әдістер жануарлар организміндегі және сыртқы ортадағы антидене,антиген,Т-лимфоциттерді анықтауға мүмкіндік береді.
ДНҚ-ң жекелеген фрагменттерін клондау оларды бактериалді плазмидаларға ендіру жолымен жүзеге асады, оларды жасушада автономды түрде көбейтіп, адам ДНҚ-ң сәйкес фрагменттерінің көшірмесін көп мөлшерде алуды қамтамасыз етеді. Келесі кезектегі бактериялардағы рекомбинантты ДНҚ экспрессиясы клондалған адам генінің сәйкес ақуыздық өнімін алуға мүмкіндік береді.
11- Экология проблемаларын шешуде өсімдік биоинженериясын қолдану
Решение экологических проблем территорий связано не только с природоохранными мероприятиями, но и с новыми экологическими технологиями, к которым можно отнести биоинженерные мероприятия, выполняющие средоформирующую и важную социальную функцию. Биоинженерные мероприятия предлагается проводить на системной основе, чтобы в полной мере обеспечивать устойчивое развитие территории
Центральное место в использовании современных методов биотехнологии и биоинженерии в мире занимают инновационные проекты и программы, направленные на повышение эффективности реальных секторов экономики, создание экологически чистых методов и технологий конверсии органических отходов, использование новых видов возобновляемых источников энергии.
12. Фиторемидиация ластанған экожүйені өсімдіктер арқылы сауықтыру .Ағын суларды тазалауда атмосфералық ауаны тазалау .Өсімдіктер қоршаған ортаға әртүрлі әсер етеді
-ризофильтрация тамырлар өзіне суды,химиялық элементтерді қажетті заттарды сіңіріп алады
-фитоэкстракция өсімдік өз бойына зиянды ластағыштарды жинап алу мысал ауыр металлдар
-фитовалатилизация өсімдік жапырақтармен судың және ұшқыш хим.элементтерді буландыру (As,se)
Фототрансформация
-фитостабилизатор хим.қосылыстардың баяу активті формаға ауысуы
-фитодеградация өсімдік деградациясы
-фитосимуляторлар тазалауға қатысатын мо-дің даму стимуляциясы
Фиторемидидацияда қолданылатын өсімдік
-тростник
-ива
-ряска
15. Адам. Аурулар, генетикалық тұрақтылығының бұзылуының қауіптілігі экологиялық жағдайға байланысты кездесетін қиыншылықтар
Пестицидтер дегеніміз –мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық хмиялық қосылыстар. Пестицидтердің атауы латын сөздерінен алынған; pesis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін.
Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
1)хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
2)Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
3)Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
4)Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
5)Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік. Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және т.б.
Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады.дихлордифенилтрихлорметилметанды (ДДТ) пайдалануға болмайды, себебі оның ыдырауына бірнеше жылдар керек. Бұл заттың шығу тарихы өте қызық. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зианкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Осы жаңалығы үшін ғалымға кезінде Нобель сыйлығы берілген. Алғашқы кезде бұл зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті. ДДТ-ны пайдаланып кесіртке мен көптеген зиянкес бунақ денелілерді қырды. Әсірісе ауру таратушы масаларды өлтіріп, миллиондаған Адам дарды безгек ауруынан құтқарды. Кейінірек ДДТ-ның күштілігінен зияндығы басым екендігі анықталды. ДДТ барлық тірі организмдерге тіпті балдырларға да зиянын тигізеді екен. Оның миллиардтан бір бөлігі фотосинтездің жылдамдығын баяулатады. Ал жасыл өсімдіктер атмосфераны ауамен қамтамасыз ететіндігі сіздерге белгілі. Кейінірек ДДТ-ның басқа пестицидтер тәрізді кумулятивтік эффектісі бар екендігі анықталды. Оның әсері уландырудан бастап мутагендікке дейін жетті. ДДТ тұрақты болғандықтан, ол қоректену тізбегімен өсімдіктер организміне өтедіде, өсімдікпен қоректенетін жануарларға, олардан аңдарға беріледі. Өсімдік және жануар тектес тағаммен тамақтанудың арқасында ДДТ адам организміне де түсетіндігін сезіп отырған боларсыздар. Осылайша жылжу кезінде әрбір организмде жинақталған ДДТ—ның шамасы 10 есе артып отырады. Организмде жиналған препарат ондағы басқа заттармен қосылысып, улылығы артады да, адамдарды, жануарларды өлтіре алатын шамаға жетеді. Табиғи жағдайда ДДЭбастапқы ДДТ-дан да қауіпті. Себебі ДДЭ-нің ыдырау алғашқысынан да баяу жүреді.
Ауылшаруашылығында пестицидтерді пайдаланудан гөрі өсімдіктерді қорғаудың биологиялық жолы іздестірілуде және пестицидтер пайдаланылмаған экологиялық таза өнім алу көзделіп отыр. Пестицидтердің адам организміне зиян екенін, табиғи процестерді бұзып, қоршаған ортаны ластайтынын ескеріп, оны өте сақтықпен басқа шара жоқ болған жағдайда ғана пайдаланған жөн.
Бунақденелілермен күресудің кейінде шыққан биологиялық әдісінің бірін айта кетейік. Ол түрпілі материалдарды (абразивы) қолдану. Түрпілі материалдарды бунакденелілер көп жүретін жерге себеді. Оның үстімен жүріп өткен жәндіктің денесі кеуіп қалады, себебі сыртқы жабыны зақымданады. Түрлі заттардың өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға ешқандай зияны жоқ.
16. ҚР өте қауіпті істен шығарылған пестицидтер
пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігі - қауіпті факторды іске асыру мүмкіндігі мен оның салдарының ауыртпалығы дәрежесінің үйлесімділігі ескеріле отырып, азаматтардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіруіне байланысты пестицидтердің (улы химикаттардың) жол беруге болмайтын қатерінің болмауы;
Қазақстан Республикасының нарығына қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін, оның ішінде алдамшы және теңдестірілмеген, адамдардың денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіп төндіретін пестицидтер (улы химикаттар) (бұдан әрі - қауіпті пестицидтер (улы химикаттар) жеткізілген фактісі анықталған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен мұндай пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (жеткізуі, сату) және пайдалану зиянның себептері жойылғанға дейін тоқтатылады, ал қажет болған жағдайда оларды айналымнан алып тастау жөніндегі шаралар қолданылады.
Шығу тегін, сапасын және қауіпсіздігін сипаттайтын қажетті сүйемелдеу құжаттамасы жоқ, Қазақстан Республикасында тіркелмеген, сондай-ақ бірдейлендіру кезінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі
анықталған пестицидтер (улы химикаттар) айналымнан алынады.
Пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған орамалар мен ыдыс өнімді қауіпсіз сақтауды, тасымалдауды және өткізуді қамтамасыз етеді.
Орама мен ыдыс үшін адамды, қоршаған ортаны пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпті сипаттарынан қорғауға арнайы лайықталған және пестицидтердің (улы химикаттардың) құрамдас заттарының қиратушы немесе өзге де бүлдіруші зиянды ықпалына төзетін және олармен тұтану және (немесе) күшті жылу шығару; тез тұтанатын, улы немесе тұншықтыратын газдар бөлу; басқа да химиялық белсенді және қауіпті заттар шығаруды тудыратын реакцияға түсу арқылы өзара әрекет етпейтін материалдар пайдаланылады.
17. Патогенді микроағзалардың биоконтролі
Патогенди микроагзалардын бирден бир тимимдилиги биоконтроль жасау кезинде колданылатын бактериялар осимдиктин осуине жагдай жасайды жане табиги жагдайга тез бейимделип тарайды. Канадада жане акштын солтустик аймактарында патогенди микроагзалар суыкка озиинин омиршендигин сактап калады . Ал коктем уакытында кобейеди -5;10 с температурада. Осы касиеттерин ескере отырып гендик инжерия адисимен онтайландыруга мумкиндик бар . Ягни осы патогенди бактериялардан суыкка тозимди мо алуга мумкиндик бар . Олар осимдиктмн осуине жаксы жагдай жасайды . Курамында антифриздик акуыз курамын озгерте отырып гендик инженерия аркылы бактерия клеткасына енгиземиз ... сонын натижесинде трансформацияланган бактерия алуга мумкиндик аламыз .
18. ОРНЫҚТЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ЛАСТАҒЫШТАР ТУРАЛЫ СТОКГОЛЬМ КОНВЕНЦИЯСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 1302 Қаулысы
Осы Конвенцияның тараптары,
орнықты органикалық ластағыштардың уытты қасиеттерi болатынын, ыдырауға берiктiк көрсететiнiн, биологиялық жинақталыммен сипатталатынын және ауа, су және көші-қон түрлерi бойынша трансшекаралық тасымал объектiсi болып табылатынын, сондай-ақ құрылықтағы экожүйелер мен су экожүйелерiнде жинақтала келiп, олардың шығарылу көздерiнен үлкен қашықтықта шөгетiнiн тани отырып,
адам денсаулығының жай-күйiне, әсiресе дамушы елдерде алаңдаушылық туғызатынын, жергiлiктi халықтың орнықты органикалық ластағыштар әсерiне ұшырайтынына байланысты, атап айтқанда әйелдер жағдайында кездесiп, олар арқылы келесi ұрпаққа берiлетiнiн сезiне отырып ,
арктикалық экожүйелер мен байырғы қауымдардың орнықты органикалық ластағыштар әсерiнiң биологиялық күшеюi салдарынан ерекше қауіпте тұрғанын, сондай-ақ олар пайдаланатын дәстүрлi тағам өнiмдерiнiң зақымдануы халық денсаулығын қорғау мәселесi болып табылатынын тани отырып ,
орнықты органикалық ластағыштарға қатысты ғаламдық шаралар қабылдау қажет екенiн сезiне отырып ,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бағдарламаларды басқарушылар Кеңесiнiң 1997 жылғы 7 ақпандағы орнықты органикалық ластағыштарды шығару мен тастауды қысқартуға және/немесе жоюға мүмкiндiк беретiн жүзеге асырылатын шаралар негiзiнде адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi халықаралық iс-қимылдарға бастамашы болуы туралы 19/13 С шешiмiн назарға ала отырып ,
осы мәселеге жататын тиiстi халықаралық табиғат қорғау әсiресе Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келісiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясының, сондай-ақ Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясының, оның 11-бабының шеңберiнде әзiрленген аймақтық келiсiмдердi қоса алғанда, тиiстi халықаралық табиғат қорғау конвенцияларының ережелерiне сүйене отырып ,
сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының тиiстi ережелерiне және XXI ғасырға арналған Күн тәртiбiне сүйене отырып ,
сақтандыру шараларының барлық Тараптар алаңдаушылығының негiзiне алынатынын және осы Конвенцияда бекiтiлетiнiн тани отырып,
осы Конвенцияның және сауда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да халықаралық келiсiмдердiң өзара толықтырып тұратын сипат алатынын тани отырып ,
мемлекеттердiң Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және халықаралық құқық принциптерiне сәйкес өздерiнiң қоршаған ортаны қорғау және дамыту саласындағы жүргiзетiн саясатына сай өзiнiң жеке ресурстарын әзiрлеуге егемендi құқығы болатынын және өздерiнiң юрисдикциясы шеңберiнде немесе өздерiнiң бақылауымен жүзеге асырылатын iс-шаралар нәтижесiнiң өздерiнiң ұлттық юрисдикциясына жатпайтын басқа мемлекеттердiң немесе аудандардың қоршаған ортасына залал келтiрмеуiн қамтамасыз етуде жауапты болатынын тағы да қуаттай отырып ,
дамушы елдердiң және әсiресе олардың iшiнен аз дамыған елдердiң, сондай-ақ өтпелi экономикасы бар елдердiң жағдайларын және ерекше қажеттерiн, атап айтқанда химиялық заттарды реттеу саласындағы өздерiнiң ұлттық мүмкiндiктерiн, оның iшiнде Тараптар арасында технологиялар беру, қаржы және техникалық көмегiн ұсыну және ынтымақтастыққа жәрдемдесу арқылы кеңейтулерi қажет екенiн назарға ала отырып,
шағын аралдардағы дамушы елдердiң тұрақты дамуы үшiн iс-қимылдарды қамтамасыз етуi жөнiнде 1994 жылғы 6 мамырда Барбадоста қабылданған Бағдарламаны толық дәрежеде назарға ала отырып ,
дамыған және дамушы елдердiң тиістi мүмкiндiктерiн, сондай-ақ мемлекеттердiң қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының 7-принципiнде бекiтiлген ортақ, бiрақ әр түрлi жауапкершiлiктерiн атап өте отырып,
жеке сектор мен үкiметтiк емес ұйымдардың орнықты органикалық ластағыштарды шығару мен тастауды қысқартуды және/немесе жоюды қамтамасыз ету iсiне маңызды үлес қоса алатынын тани отырып,
орнықты органикалық ластағыштар өндiрушiлердiң өздерiнiң өнiмдерiмен келтiретiн зиянды зардаптарды азайтуы және тұтынушыларға, үкiметтерге және жұртшылыққа осындай химиялық заттардың зиянды қасиеттерiне қатысты ақпарат ұсынуы үшiн өздерiне жауапкершiлiк қабылдауының маңызды екенiн атап көрсете отырып ,
орнықты органикалық ластағыштардың зиянды әсерлерiн олардың өмiрлiк циклының барлық кезеңдерiнде болдырмау үшiн шаралар қабылдау қажеттiгiн тани отырып ,
ұлттық өкiметтердiң ластағыштың, принципiнде ластауға байланысты шығындарды қоғамдық мүдделердi тиiстi түрде ескере отырып және халықаралық сауда мен инвестициялауды бұзбай жабуға тиiс болатын көзқарасты назарға ала отырып, экологиялық шығындарды интернализациялауға және экономикалық қаражаттарды пайдалануға жәрдемдесуге ұмтылуға тиiс деп жариялаған қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының 16-принципiн тағы да қуаттай отырып ,
пестицидтер мен өнеркәсiптiк химиялық заттарды реттеу мен бағалау бағдарламалары жоқ Тараптарды осындай бағдарламалар әзiрлеуге көтермелей отырып ,
экологиялық қауiпсiз балама процестер мен химиялық заттарды әзiрлеудiң және пайдаланудың маңызды мәнiн тани отырып ,
адам денсаулығы мен қоршаған ортаны орнықты органикалық ластағыштардың зиянды әсерiнен қорғауды қамтамасыз етуде қатаң шешiмге келе отырып
Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының 15-принципiнде бекiтiлген сақтық шараларын қабылдау принципiн ескере отырып, осы Конвенцияның мақсаты адам денсаулығы мен қоршаған ортаны орнықты органикалық ластағыштардан қорғау болып табылады.
Осы Конвенцияның мақсаты үшiн:
а) "Тарап" осы Конвенцияның мiндеттемелерiмен байланысты болуға келiсiмiн берген және олар үшiн бұл Конвенция күшiне енгiзілген мемлекеттi немесе экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымын бiлдiредi;
b) "экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымы" қайсыбiр аймақтың егемендi мемлекеттерi құрған, оның мүше мемлекеттерi осы Конвенциямен реттелетiн мәселелермен айналысуды тапсырған және өзiнiң iшкi рәсiмдерiне сәйкес осы Конвенцияға қол қоюға, бекiтуге, қабылдауға немесе мақұлдауға немесе оған қосылуға тиiстi түрде уәкiлеттiк берген ұйымды бiлдiредi;
с) "Дауыс беруге қатысушы және қатысқан Тараптар" қатысушы және "жақтап" немесе "қарсы" дауыс берген тараптарды бiлдiредi.
19. Гмо туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1012 Қаулысы
2007 жылы кабылданды. 7 тараудан турады
Қазақстан Республикасының Заңы Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Осы Заң өзгертілген тірі организмдер мен генетикалық түрлендірілген объектілерді жасау, сынау, тұйықталған жүйелерде және (немесе) ашық жүйелерде пайдалану, қоршаған ортаға шығару, трансшекаралық орнын ауыстыру, кәдеге жарату және жою кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1. Жылпы ережелер.
2. Гендік инженерлик қызметтің негиздери
3. Гендік инженерлик кызмет түрлерімен айналысуга руксат тәртібі.
4. Гендік инженерлик қызметті бакылау
5. Гмо мемлекеттік тіркеу, кайта тіркеу жане мемелекеттік тіркеу туралы шешімді кери қайтарып алу.
6. Гмо импорты жане экспорты.
7. Қорытынды ережелер
20. Озондық тесіктің қоршаған ортадағы рөлі. Қышқылдық жауын шашынға негіз болатын газдар. Фреондардың озон қабатына әсері.
Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.
Атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері(NO2) , көміртек оксидтері (иіс газы СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаң жатады. Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3, күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері күкірт қышқылының концентрациясы 10-30 мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден бар болғаны 3-4 есе көбейгенде тіршілігін жояды. Тұщы сулардың қышқылдығы рН < 5,5 (табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында, әсіресе Европада, Солтүстік Америкада антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге жетті. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына алып келуде.
Қазіргі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып табылады. Фреондар (лат. frіgor — суық) — тоңазытқыш машиналарда суытқыш реагент ретінде қолданылатын құрамында фторы бар қаныққан көмірсутектердің қосылыстары. Фреондардың құрамында фтордан басқа хлор, бром да кездеседі. Фреондардың 40-тан астам түрі белгілі, олардың көпшілігі өндірістік жолмен алынады. Фреон — иіссіз газ немесе сұйықтық, олар органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар ериді. Фреондардың ең көп таралғандары дифтордихлорметан, фтортрихлорметан және дифтордихлорметан, олардың қайнау темп-ралары оларға сәйкес —29,8 — 23,8°С және — 40,8°С. Фреондар жанбайды, ауамен қосылып жарылғыш заттар түзбейді және салыстырмалы түрде химиялық инертті, алайда ашық отпен жанасқанда улы дифтор- және фторхлорфосген түзіп, ыдырайды. Фреондар тоңазытқыш реагенттерден басқа, аэрозольдік орамада ұшқыш құраушылар, өрт сөндіргіш ретінде, сондай-ақ фторолефиндер мен олардың негізінде түзілетін полимерлерді алу үшін шикізат ретінде қолданылады. Фреондар стратосфераға көтерілгенде фотохимиялық ыдырауға түсіп, соның нәтижесінде хлор иондары бөлініп шығады. Бұл хлор иондары химиялық реакцияның катализаторы ғана болып қоймай, озон молекулаларын ыдыратып, Жер бетін ультракүлгін сәулеленуден сақтайтын озон қабатына қатер төндіреді.
21. Қазақстанда өте қауіпті экологиялық аймақтардың сипаттамасы.
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
•экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
•мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
•осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
•аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
Аралдың экологиялық проблемасы. Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді.
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
22. ТМД-да тұңғыш ашылған биоотын өндіретін зауыты Солт.Қазақстанның қай қаласында орналасқан? «ҚазАғашТрест» ЖШС биоотынды қай түрде өндіреді?
«Биохим» зауыты – ТМД-да тұңғыш ашылған биоотын өндіретін зауыты – 2006 жылдың қыркүйек айында Петропавл қаласында ашылды.
23.Биотынның пайдасы және қауіптілігі. Биоотын өндіретін Компаниялар.
Биоотынның экономикалық тиімділігі.Егер биоотынның өндірілуі тоқталатын болса онда мұнай және бензин бағалары 15%-ға көтеріліп кетуі мүмкін. Әлем бойынша биоотынды өндіруге ауыл-шаруашылық жерлердің 385-472 миллион гектар жерді пайдалануға болады. Егер осы жерлерде өнім өндіру шикізатын өсірсе биоотынның үлесі әлемдік энергетикалық балансты 8% көтереді. Транспортты отын үлесі 10%-дан 25% дейін құрайды.
2007 жылы Әлем бойынша биоотындардың 54 миллиард литрі өндіріледі. Яғни бұл сұйық отындардың әлемдік қажеттілігінің 1,5% құрайды. Этанол өндіру 40 миллиард литрге жеткен. АҚШ пен Бразилия Әлем бойынща негізгі өндіретін елдер.
2010 жылы сұйық отын өндіру Әлем бойынша 105 млрд литрден асқан, яғни транспортты қажеттілік 2,5% құрайды. 2010 жылы этанолдың 86 млрд. және биодизелдің 19 млрд. литрі өндірілген. Этанол өндіруде АҚШ пен Бразилия үлесі 95%-дан 90%-ға түскен.
Компаниялар- Интерклима инжинеринг, Олимп 21 век, Умный дом,Нурбилдинг, энвиро тэйбс, Топливно-энергетический ңкомплекс-Казахстан, нафтатранс-сервис
24.ҚР-ң қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесінің мысалдар және оған енгізудің 5 категориясы.
Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушылардың 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.
“Қазақстанның қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша: 1-категория – жойылып бара жатқан; 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан; 3-категория – сирек кездесетін; 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген; 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген.
25.Шығыс Қазақстан обылысының Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін, бағалы жергілікті және жойылып кеткен өсімдіктердің түрлерінің тізімінен мысал келтіріңіздер және оларды биотехнология әдістері арқылы сақтау әдістері.
Шығыс Қазақстан облысының Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген сирек кездесетін, бағалы, жергілікті және
құрып кету бар өсімдік түрлерінің тізімі
(Қазақ ССР-дің Қызыл кітабы, Алматы, 1981ж.)
1.Верещагин сазшөбі – сирек, жергілікті түр
2. Қыртысты жуа – сирек, аз жергілікті түр, құрып кету қаупі бар
2. Ұсақ торлы жуа – сирек түр
3. Көп тамырлы жуа – сирек түр
4. Ақшыл секпілгүл – сирек, жергілікті түр
5. Ала күлтелі қызғалдақ – сирек түр
6. Сібір қандығы, жауқарын – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
7. Людвиг құртқашашы – сирек, аз жергілікті түр
8. Ірі гүлді шолпанкебіс — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
9. Нағыз шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
10. Секпіл шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
11. Телпек сүйсін– саны азайып бара жатқан сирек түр
12. Алтай рауғашы – таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр
13. Ақ тұңғиық, аққугүл – сирек түр
14. Дала шұғылығы, сәлдегүл – таралу аймағы азайып бара жатқан жергілікті түр
15. Сауыр тегеурінгүлі – сирек, аз жергілікті түр
16. Көктем жанаргүлі– сирек түр
17. Алтай гимноспермиумы – көп жерлерде азайып бара жатқан сирек түр
18. Қар дәуаяғы – сирек түр, көне түр
19. Сабақсыз ашықжеміс – сирек, жергілікті түр
20. Жебе жапырақты ергеш – өте сирек, жергілікті көне түр
21. Қызғылт семізот, алтын тамыр – саны қатты азайып бара жатқан бағалы түр
22. Алтай суық шөбі – саны азайып бара жатқан сирек түр
23. Сиверс алмасы – саны қатты азайып бара жатқан түр
24. Павлов итмұрыны – сирек, жергілікті түр
25. Ледебур бадамы – сирек, жергілікті түр
26. Ховен майқарағаны– сирек, жергілікті, көне түр
27. Ақ түкті таспа – Зайсан ойпатының жергілікті түрі
28. Тәтті жапырақты таспа – сирек, көне түр
29. Жіңішке сабақты таспа – сирек, жергілікті түр
30. Инелі кекек – өте сирек, жергілікті түр
31. Шыбықша тиынтағы– өте сирек түр
32. Ледебур қоянбұршағы – сирек, жергілікті түр
33. Алтай қасқыржидегі– сирек, жергілікті, көне түр
34. Тарбағатай таушешегі – сирек, жергілікті түр
35. Су жаңғақ — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан көне түр
36. Еуропа орманоты — сирек, көне түр
37. Қылтанды дәлен– өте сирек, көне түр
38. Желбезекше ледебуриелла – сирек, жергілікті түр
39. Мейр шоқгүлі – саны аз сирек түр
40. Саз қазанақ – сирек түр
41. Кәдімгі аюжидек, аюбүлдірген – сирек түр
42. Ұсақ жемісті мүкжидек – сирек түр
43. Тарбағатай кемпіршөбі – сирек, аз таралған жергілікті түр
44. Резниченко кермегі – сирек, көне, жергілікті түр
45. Попов дембеті – сирек, жергілікті түр
46. Тарбагатай дембеті– өте сирек, аз жергілікті түр
47. Кірпі қаратұқым – сирек, аз жергілікті түр
48. Тарбағатай қандыгүлі– сирек, аз жергілікті түр
49. Резниченко рияны – сирек, аз жергілікті түр
50. Дауыр бақаауызы– сирек түр
51. Келлер кесте жусаны– сирек, аз жергілікті түр, көне түр
52. Зайсан лаксасы – сирек, аз жергілікті түр
53. Сафлор тәрізді аюдәрі (марал тамыры) – саны қатты азайып бара жатқан түр
54. Таңдамалы сушырмауық – өте сирек түр
55. Тамыр сүйгіш полипорус – сирек түр
56. Кладина, бұғы мүгі– қынаның сирек түрі
27. Вt гені енгізілген өсімдіктер. Вt штамдары кабыршақ қанатыларға ,қос қанатыларға немесе қатқыл қанаттыларға қатысты белсенді токсиндерді өндіреді.Вt инсектицид дегеніміз Вt споралы жасушалардан тұратын құрғақ ұнтақ.Қазіргі кезде жүгері мақта және картоп негізінде Вt дақылдар болып келеді.
Негізгі әлемде өсімдіктердің 99% гербицидке және жәндікке төзімді. Мысалы: BASTA егрбициді. Bar гені бактериядан алынып, гербицидке төзімді өсімдік алу үшін қолд.
Өсімдіктер: кукуруза, соя, хлопок, күріш, картоп, қызанақ т.б.
28.Ген денгейіндегі өзгертілген өсімдіктердің егістікте отырғызылатын көлемі. Вt штам енгізілген көлемі; Пшеница -230млн га.күріш -140млн га.кукуруза -135 млн га .ячминь 75 млн га.соя -60 млн га.рапс-30млн га.картоп -20млн га.кассова- 10млн га.
29.Биогаз құрамы
Биогаз — қатты және сұйық күйдегі органикалық қалдықтардың метандық ашуы кезінде түзілетін жанғыш газ. Биогаз ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсіптерінің қалдықтары ашығанда, ақаба суларда түзіледі. Оның құрамында 55 — 65% метан және 35 — 45% көмірқышқыл газы болады. Биогазды тез жетіліп, мол биомасса беретін балдырларды және басқа да микроорганизмдерді арнайы өсіріп, ашыту арқылы да алуға болады. Ол отын есебінде қолданылады. Биогаз– газдар қоспасы. Органикалық өнімдерден биогаз алу — органикалық өнімдердің анаэробты жағдайда «метандық ашу» нәтижесінде жанар газ бөлу қасиетіне негізделген.Метандық ашу нәтижесінде бөлінетін биогаз құрамы — 50-80 % метан, 20-30 % көмірқышқыл газы, шамамен 1 % күкірттісутек, сонымен қатар шамалы мөлшердегі басқа газдардан (азот, оттегі, сутегі, аммиак, т.б.) тұрады.
Газ атаулары(биогаз құрамы) көлемі
Метан40-70%
Көмірқышқыл газ30-60%
Басқа газдар1-5%
Сутек0-1%
Көмірсутек0-3%
30. Оттегі арқылы қышқылдар,спирт пен көмірқышқыл газын метанға дейін түзетін микроағзалар тобы
Микроғзалар, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді.Метантүзуші бактериялар, қышқылтүзуші ашытқы микроорганизмдермен салыстырғанда,көбеюге ұзақ уақыт қажет етеді және қоршаған ортаның өзгерістеріне қарсы тұру потенциялы төмен. Сондықтан, ашу ортасында алғашында ұшқыш қышқылдар түзілуіне байланысты, метандық ашудың бірінші кезеңін қышқылдық деп атайды. Ары қарай қышқылдардың түзілуі және өнделуі жылдамдығы тенеледі. Сондықтан субстраттың ыдырауы мен газ түзулуі бір уақытта қатар жүреді. Газдың түзілу өнімділігі метантүзуші бактериялардың тіршілік жағдайына байланысты. Метан және қықшқыл түзуші бактериялар бір-бірімен симбиозда қарым-қатынас жасайды. Бір жағынан, қышқыл түзуші бактериялар метантүзуші бактериялар үшін тамаша параметрлері бар атмосфераны жасайды (анаэробты жағдай, төмен молекулалы салмағы бар химиялық құрылымдар), екінші жағынан, метантүзуші микроағзалар
қышқыл түзуші бактериялардың арасындағы қосылыстарды пайдаланады.Егер мұндай қарым- қатынас жүрмесе реактордың ішінде екі микроағзаның өміршеңдігі үшін қолайсыз жағдайлар артатын еді.
Метантүзуші бактериялар органикалық қышқылдарды қажетті метанға, көмірқышқыл газына айналдырады. Бұл күрделі жүйелену комплексіне микроорганизмдердің мыңдаған түрлері қатысады. Бірақ олардың негізгісі — метантүзуші бактериялар. Метантүзуші бактериялар, қышқылтүзуші ашытқы микроорганизмдермен салыстырғанда, көбеюге ұзақ уақыт қажет етеді және қоршаған ортаның өзгерістеріне қарсы тұру потенциялы төмен. Сондықтан, ашу ортасында алғашында ұшқыш қышқылдар түзілуіне байланысты, метандық ашудың бірінші кезеңін қышқылдық деп атайды. Ары қарай қышқылдардың түзілуі және өнделуі жылдамдығы тенеледі. Сондықтан субстраттың ыдырауы мен газ түзулуі бір уақытта қатар жүреді. Газдың түзілу өнімділігі метантүзуші бактериялардың тіршілік жағдайына байланысты.
31.   Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықта шөгедi.
32. ТОЛ-ға байланысты экологиялық мәселелер мен қауіптілігін төмендеті үшін қолд шаралар.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бағдарламаларды басқарушылар Кеңесiнiң 1997 жылғы 7 ақпандағы орнықты органикалық ластағыштарды шығару мен тастауды қысқартуға және/немесе жоюға мүмкiндiк беретiн жүзеге асырылатын шаралар негiзiнде адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi халықаралық iс-қимылдарға бастамашы болуы туралы 19/13 С шешiмiн назарға ала отырып ,
сақтандыру шараларының барлық Тараптар алаңдаушылығының негiзiне алынатынын және осы Конвенцияда бекiтiлетiнiн тани отырып,
мемлекеттердiң Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және халықаралық құқық принциптерiне сәйкес өздерiнiң қоршаған ортаны қорғау және дамыту саласындағы жүргiзетiн саясатына сай өзiнiң жеке ресурстарын әзiрлеуге егемендi құқығы болатынын және өздерiнiң юрисдикциясы шеңберiнде немесе өздерiнiң бақылауымен жүзеге асырылатын iс-шаралар нәтижесiнiң өздерiнiң ұлттық юрисдикциясына жатпайтын басқа мемлекеттердiң немесе аудандардың қоршаған ортасына залал келтiрмеуiн қамтамасыз етуде жауапты болатынын тағы да қуаттай отырып ,
орнықты органикалық ластағыштардың зиянды әсерлерiн олардың өмiрлiк циклының барлық кезеңдерiнде болдырмау үшiн шаралар қабылдау қажеттiгiн тани отырып
34. Ағынды суларды жағдайда тазалау әдістері
Аэробты әдісі– микроорганизмдер заттарды тотықтыру үшін оттегі пайдаланады. Аэробты жүйелер өте сенімді,тұрақты жұмыс атқаратын, өте көп зерттелген.
Аэробты жолмен тазартуда микроорганизмдер көмегімен тотыққан органикалық заттардың жартысы биосинтез процесіне қатысса, екінші бөлігі зиянсыз өнімдерге – Н2О, СО2, NO2 айналады. Аэробты биологиялық жолмен тазалау әрекеті ағынды культивирлеу әдісіне негізделген. Органикалық қоспаларды жою процесі бірнеше кезеңдерге жіктелген: клетка бетіне сұйықтықтағы органикалық заттар мен оттегінің берілуі, клетка ішіндегі мембрана арқылы заттар мен оттегінің диффузиясы, нәтижесінде микробты биомассаның өсуі байқалып, энергия мен оттегі бөлінеді. Биологиялық жолмен тазалаудың тереңдігі мен қарқындылығы микроорганизмдердің көбею жылдамдығына байланысты. Егер тазартылған ағынды суда органикалық заттар мүлдем қалмаса, онда тазартудың екінші этапы – нитрификация басталады. Бұл процесс барысында құрамында азоты бар заттар нитритке дейін, одан кейін нитратқа дейін тотығады. Осыған орай, аэробты биологиялық тазалау 2 этапқа жіктеледі: минирилизация – нитрификация мен құрамында көмірсу бар органикалық заттардың тотығуы. Егер тазартылған ағынды суда нитраттаржәне нитриттер пайда болса, онда тазалану деңгейі өте жоғары екендігін аңғартады. Ағынды суда кездесетін көптеген биогенді элементтер (көмірсу, оттегі, күкірт, микроэлемнеттер) микроорганизмдер тіршілігі үшін өте қажет. Ағын суда жекеленген элементтер (азот, калий, фосфор) тапшылығы орнаса, онда суға бұл элементердің тұзын қосады.
33. ТОЛ-ды жою үшін қолданылатын биотехнологиялық әдістер
а) жою үшiн қажеттi:
І) А қосымшасында аталған химиялық заттарды, осы қосымшаның ережелерiне сәйкес өндiруге және пайдалануға; және
ІІ) А қосымшасында аталған химиялық заттардың, 2-тармақтың ережелерiне сәйкес өз импортына және экспортына құқықтық және әкiмшiлiк шараларға тыйым салады және/немесе оларды қабылдайды; және
b) В қосымшасында аталған химиялық заттарды, осы қосымшаның ережелерiне сәйкес өзiнiң өндiруiн және пайдалануын шектейдi.
2. Әрбiр Тарап мыналарды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдайды:
а) А немесе В қосымшаларына енгiзiлген химиялық заттарды:
І) 3-баптың I d) тармағында көрсетiлгендей экологиялық қауiпсiз жою мақсаттары үшiн; немесе
ІІ) А немесе В қосымшаларына сәйкес Тараптардың рұқсатымен пайдаланылуы немесе осы мақсаттар үшiн ғана импортталуын;
b) А қосымшасына енгiзiлген, оған қатысты кез келген өндiруге немесе пайдалануға нақты алып тастау қолданылатын немесе оны пайдалануға қатысты В қосымшасына енгiзiлген химиялық заттарды кез келген өндiру немесе нақты алып тастау алдын ала негiзделген келiсiмнiң қазiргi кез келген халықаралық рәсiмдердi ескере отырып, ыңғайлы экспортталатын химиялық заттарды ғана:
І) 6-баптың I d) тармағында көрсетiлгендей экологиялық қауiпсiз жою мақсаттары үшiн;
ІІ) А немесе В қосымшаларына сәйкес осы химиялық затты пайдалануға рұқсат берiлген Тарапқа; немесе
ІІІ) экспортталатын Тарапқа жылдық сертификат ұсынған осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын мемлекетке. Мұндай сертификат химиялық заттарды көзделетiн пайдалануды айқындайды және импорттайтын мемлекеттiң:
а. шығару минимумына немесе болдырмауға дейiн апаратын қажеттi шараларды қабылдау арқылы адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға;
b. 6-баптың 1-тармағының ережелерiн сақтауға; және
с. тиiстi жағдайларда В қосымшасы ІІ бөлiгi 2-тармағының
ережелерiн орындауға осындай химиялық заттарға
қатысты мiндеттенетiнi туралы мәлiмдемесiн қамтиды;
Сондай-ақ мұндай сертификат кез келген тиiстi көмекшi
құжаттаманы, мысалы заң актiлерiн, нормативтiк
құжаттарды немесе әкiмшiлiк немесе директивалық
нұсқауларды қамтиды. Экспорттаушы Тарап бұл
сертификатты оны алғаннан кейiн алпыс күн iшiнде
хатшылыққа жiбередi;
с) А қосымшасына енгiзiлген, оған қатысты кез келген өндiруге немесе пайдалануға нақты алып тастау барлық Тараптар үшiн химиялық заттарды, 6-баптың 1 d) тармағында көрсетiлгендей, экологиялық қауiпсiз жою мақсаттары үшiн экспорттаудан басқа, ендi қолданылмайды;
d) осы тармақтың мақсаты үшiн "осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын мемлекет" осы химиялық заттарға қатысты осы Конвенцияның ережелерiне байланысты өз келiсiмiн бермеген нақты химиялық заттарға қатысты мемлекеттi немесе экономикалық кiрiгудiң аймақтық ұйымын қамтиды.
3. Жаңа пестицидтерге немесе жаңа өнеркәсiптiк химиялық заттарға қатысты бiр немесе бiрнеше реттеу және бағалау бағдарламаларын иеленетiн әрбiр Тарап D қосымшасының 1-тармағында аталған критерийлердi ескере отырып, жаңа пестицидтердi немесе жаңа өнеркәсiптiк химиялық заттарды өндiру мен пайдаланудың алдын алу мақсатында реттеу шараларын қабылдайды, орнықты органикалық ластағыштар сипаттамасын көрсетедi.
4. Пестицидтерге немесе өнеркәсiптiк химиялық заттарға қатысты бiр немесе бiрнеше реттеу және бағалау бағдарламаларын иеленетiн әрбiр Тарап қазiргi кезде пайдаланылатын пестицидтерге немесе өнеркәсiптiк химиялық заттарға қатысты бағалау жүргiзу кезiнде қажет болған жерде D) қосымшасының 1-тармағында аталған осы бағдарламалар шеңберiндегi критерийлердi назарға алады.
5. Егер осы Конвенцияда өзгеше көзделмесе, 1 және 2-тармақтар зертханалық ауқымда зерттеуге, сондай-ақ эталондық стандарт ретiнде пайдалануға жататын химиялық заттар көлемiне қолданылмайды.
6. Оған қатысты А қосымшасына сәйкес нақты алып тастау немесе В қосымшасына сәйкес нақты алып тастау немесе ыңғайлы мақсат қолданылатын кез келген Тарап осындай алып тастау шеңберiнде кез келген өндiру немесе пайдалану немесе оның мақсаты адамға және қоршаған ортаға шығару әсерiнiң алдын алатын немесе ең аз болатын түрде жүзеге асырылатындай қамтамасыз етiлуi үшiн тиiстi шаралар қабылдайды. Алып тастау немесе ыңғайлы мақсатта қамтылатын және қалыпты пайдалану жағдайларында қоршаған ортаға бiле тұра шығаруға байланысты пайдалануға қатысты шығарулар кез келген қолданылатын нормалар мен басшылыққа алатын принциптердi ескере отырып, мүмкiндiгiнше барынша аз болуға тиiс.
35. Рекомбинантты ДНҚ технологиясы көмегімен алынған өсімдіктеролардың өсімдік шаруашылығы проблемаларын шешудегі маңызы және егістікке отырғызылатын көлемі.
Өсімдіктердің жәндіктерге төзімді түрлерін шығаруға бағытталған жұмыстары, негізінен (Bt) ақуызын бөліп шығаратын Bacillus thurinqiensis топырақ бактерияларының споралары құрамындағы ерекше ақуыздарын (Cru) пайдаланудан тұрады. Бұл ақуыз жәндіктерінің ас қорыту жүйесіне түскеннен кейін, токсиндер түзе ыдырайды. Bt токсині түскен жәндік ішектеріне тесіктер пайда блу себепті, бұлар өледі. Құрамында Bt, Di-pel, Thuricide, vectoBac бар жәндіктерді өлтіруге арналған улар ( инсектицидтер) көп жылдарданбері қолданыс табуда.
Bt-ақуызының кодына жауап беретін және Су-гені деп аталатын бактериалдық ген жүгерінің , мақта мен жертүйнектің ДНҚ құрамына ендірілуі себепті, бұл өсімдіктер токсин түзе бастаған. Жүгеріге ол европалық тескіш қоныздары, қорапша құрты мен оңтүстік-батыс тескіш қонызынан қоргауга мүмкіндік береді. Мақта дақылына жапырақ пен қозада тіршілік ететін зиянды құртына төтеп беруге жәрдемдеседі.
Папайяның трансгенді UH Raindow деген түрінің, осы өсімдіктердің жабай популяциясында көп кездесетін «шеңберлі таңба» ауруынтудыратын вирусқа төзімді екендігі анықталған. Флорида университетінің ғалымдары құрамында жібек құртының гені бар жүзім сұрыптарын шығарған және оның жүзімнің өте қауіпті бактериалды – пирс ауруынан қорғануына мүмкіндік беретінін анықтаған.
36 Биоқауіптілік. Генетикалық инженерия әдістері арқылы алынған ағзалардың қауіптілігі туралы мемлекеттік заңдылықтар және ҚР заң жобасы
Гендік инженерия - молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.
Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады.
Биологиялық қауіпсіздік – адамзаттың ең басты міндеттерінің бірі.
1975 жылы биоқауіпсіздік туралы Халықаралық конференцияда (Асиломар, Колифорния) рекомбинантты ДНҚ молекуласы экспериментінің негізгі қағидасы қабылданды.
1985 жылы Биоқауіпсіздік ақпараттық жұмыс тобы құрылды, оған БҰҰ индустриалды даму Ұйымының елдер-мүшелері кірді, және қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы БҰҰ, сонымен қатар Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы.
1991 жылы оларға БҰҰ Тағамдық ресурстар мен ауылшаруашылық ұйымы қосылды.
Биотехнология аумағында заңнама жасау әлі толық жөнге келмеді.
Бір жағынан үкімет тарапынан биотехнологиялардың легализациясы болып жатса, екінші жағынан заңнамадағы өзгешеліктер өнімді глобаоды нарыққа шығаруға кедергі жасап отыр.
Одан кейін рекомбинанттық ДНҚ бірнеше әдістермен тірі клеткаға енгізіледі. Жаңа геннің экспрессиясы өтеді де клетка сол ген белгілейтін белокты синтездей бастайды. Сонымен, клеткаға рекомбинанттық ДНҚ молекуласы түрінде жаңа генетикалық информация енгізіп, ақырында жаңа белгісі жаңа белгісі бар организмді алуға болады. Бұндай организмді трансгендік немесе трансформацияланған организм деп атайды, себебі организмдер өзгеріп басқа қасиетке ие болуын трансформация дейді.
37. Рекомбинантты ДНК туралы түсінік және трансген өсімдігін алу кезеңдеріРекомбинантты ДНҚ технологиясын (РДТ) in vitro жағдайьшда әртүрлі ДНК молекулаларын, бөтен гендерін біріктіру технологиясын іске асырып, кейін реципиент организмде олардың репликациясын жүргізіп инженерия аясындағы жетістік деп сипаттауға болады. Рекомбинантты ДНҚ технологиясының тірі клеткада, in vivo жағдайында мутация және рекомбинация негізінде жүретін дәстүрлі клеткалық селекциядан айырмашылығы осында.
Екінші айтарлықтай айырмашылығы: РДТ - бұл мүлдем түрлі генетикалық материалдарды қосу және клондау (мысалы, прокариот және эукариот организмдер гендерін біріктіру). Ал дәстүрлік селекцияда бүл мүмкін емес. РДТ молекулалық биология, нуклеин қышқылдарының химиясы, гендік- инженерлік энзимология жетістіктері арқылы түраралық, тінаралық тосқауылдарды жеңуге мүмкіндік береді.Дәстүрлік селекция алдымен жаңа штаммпродуценттерді, осімдіктердің жаңа сортын, жануарлардың жаңа түқымын алуда белгілі нәтижелерге қол жеткізеді. Кейін алынған онімнің фенотиптік өзгерістеріне жауапты гендерді анықтауга зерттеулер жүргізеді. Ал РДТ алдымен генетикалық өзгерістердің багдарламасын жасайды, содан кейін өнімді алып фенотиптік қорытындысын жасайды.
Кейбір зерттеушілер РДТ гендік микрохирургия деп атайды, бірақ ол рестриктазалар мен лигаза ферменттері арқылы жүзеге асатын химиялық хирургия. Сонымен қатар, РДТ - бүл дәстүрлік селекцияның жалғасы, мутантты организмдер алу кезінде мутация мен рекомбинация-ларды практика жүзінде қолдану нәтижелерініц анализі. Спонтанды және индуцияланған мутациялар, рекомбинацияның әр түрлі әдістері (конъюгация, трансформация), in vitro-дa ДНҚ рекомбинантты молекуласын жасау - мұның бәрі зерттеу нысаны ген болатын клеткалық және молекулалық генетиканың эволюциялық жетістіктері.
38. Вектор туралы түсінік. Гендік инженерияда кеңінен қолданылатын плазмидалық және фагтық векторлардың сипаттамасы
Гендік инженерияның əдістерін қолдану үшін, хроммен жақсы өңделген қожайын – вектор қажет.Вектор – белгілі организмде дербес репликацияланушылық қабілеті бар,сонымен бірге оған бөгде ДНҚ-ның енуіне кедергі келтірмейтін, ДНҚ-ның шағын молекуласы. Мұндай қабілет бактериофагтар мен плазмидтерде байқалады.Екінші шарт – микроорганизмдерге векторлық жəне рекомбинантты молекулаларды енгізудің тиімді тəсілі болуы қажет. Өнеркəсіпте гендік инженерия əдістерін, микробтық синтез көмегімен медицинада қолданылатын адамдар ақуызын жəне ветеринарияда қажетті ауылшаруашылық малдарының ақуыздарын өндіруге мүмкіндік туды. Мысалы, белгілі-бір аурулармен зақымданғандардың организіміне тиісті ақуыздарды – интерферон, полипептидтік гормондарды, иммунно- модуляторларды енгізу қажет екені мəлім. Плазмидтер — хромосомадан тыс тұқымқуалаушылык қасиеттер иесі. Плазмидтер тірі торшаларда көп тараған,олар генетикалық зерттеулерде қолданылады, мысалы олардың көмегімен кейбір гендер мен белоктар түзілуін бақылауға болады. Кейінгі жылдары гендік инженерияда бөтен ДНК тасымалдаушысы ретінде кеңінен қолданылады.
Вектор ретінде пайдаланылатын плазмидалар, бактериялық клеткада клондағанда құрамында төмендегідей элементтер болу керек:
Ori сайты, өз берілген бактерияның түрінің кл-да ДНК-ның репликациясы дұрыс болуы және плазмиданың өсуі үшін
Доминанттық сұрыптаушы маркер, ол бөгде ДНК-ның үзіндісі отырғызылған плазмиданы таситын клетканы таңдап алады
Бірегей рестрикция сайты, яғни векторда бір-ақ рет кездесетін сайт болу керек.
39. Ағында суларды тазартуда қандай м/о-дер қолданылады. Ағынды суларды тазартуда биотех-қ әдістерді қолданудың артықшылықтары
Ағынды сулардың ластануы табиғат пен оларды ластайтын шикізаттың қайнар көзіне байланысты. Ағынды сулар өндірістік және тұрмыстық деп бөлінеді. Тұрмыстық ағынды сулар көше қалдықтарымен, жуғыш құралдармен, сондай – ақ экскременттармен ластанған. Суда олар суспензиялы қатты және ұшқыш зат күйінде кездеседі. Суспензиялы қатты заттардың басым көпшілігі целлюлоза тектес, ластағыш органикалық компоненттерден, май қышқылынан, көмірсудан, ақуыздан тұрады. Ағынды суларда соңғы аталған өнімдердің ырырауы нәтижесінде жағымсыз иіс пайда болады. Мұндай сулардың микрофлорасы әр алуан. Бұлардың ішіне ішек және топырақ микроорганизмдерінің бірқатар түрі енеді: аэробты, облигатты және факультативті анаэробты. Олар ашытқы бактериялар, саңырақұлақтар, зеңдер мен вирустар қатарына жатады.
4.Ағын суларды биологиялық жолмен тазарту процестерінің 2 әдісі бар:
1)Аэробты – микроорганизмдер заттарды тотықтыру үшін оттегі пайдаланады.
2)Анаэробты – микроорганизмдер бос күйіндегі еріген оттегімен де, сондай – ақ нитратиондарыны электрондарының артық акцепторларымен баййланысқа түсе алады.
Бұл процестерде микроорганизмдер электрон акцепторы ретінде органикалық заттардың көмірсуын пайдаланады. Аэробты және анаэробты процестерге таңдау жасаған кезде, әдетте бірінші түріне ерекше көңіл бөледі. Аэробты жүйелер өте сенімді,тұрақты жұмыс атқаратын, өте көп зерттелген.
Анаэробты процестер аэробты процестерге қарағанда жүру жылдамдығы баяу. Бірқатар артықшылығы бар:
a.Активті түзілген тұнба массасы аэробты процесс кезінде түзілген массадан төмен.
b.Араластыруға кететін энергия шығыны төмен.
c.Қосымша энергия тасушы биогаз түзіледі.
Анаэробты тазалау процесі нашар зерттелген, процестің жүруі үшін үлкен көлемдегі қымбат тазалау қондырғылары қажет.
Бактериялар мен қарапайымдылардан түзілген активті тұнба бөліктері флокулярлық қоспа түзеді. Биофильтрлерде түзілетін биопленкалармен салыстырғанда аэротенктерде түзілген активті тұнбада түрлердің экологиялық алуан түрлілігі аз. Активті тұнбаның негізгі негізгі бактериалды компонентті тобына келесі микроорганизмдер кіреді: көмірсуды тотықтыратын жіп тәрізді бактериялар; көмірсуды тотықтыратын флокулярлы бактериялар және нитрофикатор-бактериялары. Бактериялардың алғашқы тобы ағын судағы органикалық заттарды деградациялауға қатысып қана қоймай, тұрақты флокулалар түзеді. Бұл флокулалар тұндырғышта тығыз тұнба түзуге қатысады. Нитрофикаторлар (Nitrosomonas және Nitrobacter) азоттың түзілген формасын тотыққан формаға айналдырады. Жіптәрізді бактериялар бір жағынан қаңқа түзеді, осы қаңқаның маңайында флокула түзіледі, екінші жағынан жағымсыз процестердің түзілуін алдын алады. Қарапайымдылар ағында судағы бактерияларды қорек ретінде пайдаланып, оның лайлану мөлшерін төмендетеді.
40. Экологиялық мониторингтің ұйымдастырылуы және қоршаған ортаның ахуалы.
Экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйiн және оған әсер етудi жүйелi түрде қадағалау мен бағалау;
Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. “Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.
Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:
жағдайды бақылау;
бағалау;
болатын өзгерістерді болжау.
Экологиялық мониторингтің негізгі міндеттері:
1.Антропогенді әсер ету көздерін бақылау
2.Әсер ету факторларын бақылау
3.Табиғат ортасы мен онда жүріп жатқан үрдістерді бақылау
4.Табиғат ортасының нақтылы жағдайын бақылау
5.Антропогенді әсер нәтижесінде табиғат ортасы жағдайының өзгерісін бақылау
41. ҚР-ның биоқауіптілік туралы заң құжаттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 1194 Қаулысы
биологиялық қауіптілік - дайын бұйымның дене қасиеті деңгейінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінің салдарынан адам ағзасына кері ықпал етуі;Биотехнология ғылыми-техникалық прогресстің қуатты қозғаушы күші болып келе жатыр. Биология ғылымының сонғы жылдардағы жетістіктері, әсіресе молекулалық биология мен клеткалық биология саласында, биотехнологияның қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдістемелік негіздері болды. Сонымен қатар, биотехнология биологиялық процестермен объектілерді пайдаланып экономика жағынан маңызды заттарды (антибиотиктер, витаминдер, ферменттер, амин қышқылдары, белоктар, нуклеотидтер, стероидтар, алкалоидтар, интерферон, гормондар, вакциналар, моноклондық антиденелер, биопестицидтер, биогаз т.с.с.) шығаратын өндірістің ерекше бір саласы болып қалыптасты. Демек, азық-түлік, фармацевтикалық, химиялық өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығының болашақта дамуы биологиялық технологияларсыз мүмкін емес.
Биологиялық қауіпсіздік – адамзаттың ең басты міндеттерінің бірі.
1975 жылы биоқауіпсіздік туралы Халықаралық конференцияда (Асиломар, Колифорния) рекомбинантты ДНҚ молекуласы экспериментінің негізгі қағидасы қабылданды.
Биологиялық және физиологиялық қауіпсіздікті таңдау нақты бір гендік инженерлік экспериментке байланысты. Клондалушы ДНҚ тазалығы, сипаттамасы, ұзындығы және т.б. қасиеттеріне қарай анықталады.

Приложенные файлы

  • docx 23785266
    Размер файла: 110 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий