1-2-3-LEVEL_1


I-LEVEL
1.Омыртқалар: құрылысы, иілімдері, қызметтері, жалпы қасиеттері.
Омыртқа бағанасы - columna vertebrae құрылысы метамерлі және біріне бірі жалғасып, қысқа кеуекті сүйектрег жататын жеке-жеке сүйекті сегменттерден-омыртқалардан, vertebrae, тұрады.Омытрқа бағанасы дененің тіргеі болып табылатын біліктік қаңқа рөлін атқарады, өзінің өзегіндегі жұлынды қорғайды, дене мен бассүйектің қимыл –қозғалысына қатысады. Омыртқа бағанасының қалпы мен пішіні адамның тік жүруіне байланысты болады.Омыртқа бағанасының үш қызметіне сәйкес әрбір омыртқада, vertebrae (грекше-spondylos), мыналар болады:
Алдыңғы жағында орналасқан-денесі, corpus vertebrae, түрінде қалыңдаған тірек бөлімі;
денеге артқы жағынан екі аяқшамен, pediculi arcus vertebrae бекіп, омыртқа тесігін,foramen vertebrale, тұйықтайтын доғадан, arcus vertebrae , осы омыртқа тесіктерінің жиынтығынан омыртқа бағанасында омыртқа өзегі,canalis vertebralis, түзіледі, ол онда орналасқан жұлынды сыртқы зақымданулардан қорғайды.Демек, омыртқа негізінен қорғаныш қызметін атқарады.
Доғаларда омыртқалардың қозғалысы үшін қажет тетіктер- өсінділер болады.Олар доғадан тарайды, ортаңғы сызық бойымен-қылқынды өсінді, processus transversus, жоғары және төмен қарай-жұп буындық өсінділер, processus articulares superiors et inferiores.Буындық артқы жағынан жұп тіліктерді,insisurae vertebrales superiors et inferiores , шектейді,олардан екі омыртқаны байланыстырғанда нервтер мен жұлын тамырлары үшін омыртқааралық тесіктер ,foramina intervertebralia , түзіледі.Буын өсінділері омыртқааралық буындар түзуге қатысып, оларды омыртқалар қозғалыс жасайды, ал көлденең және қылқанды өсінділер омыртқаларды қозғалысқа келтіретін байламдар мен бұлшықеттердің бекуі үшін қажет. Омыртқа бағанасының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың жекелеген бөліктерінің шамасы мен пішіндері әр түрлі, осыған қарай:мойын омыртқалары (7), кеуде омыртқалары(12), бел омыртқалары (5), сегізкөз омыртқалары (5) және құйымшақ омыртқалары (1-5)деп ажыратылады.Бұлшықеттер мен байламдар бекитін көлденең және сүйір өсінділер күшті бұлшықеттер бекитін жерлерде көбірек өскен, ал құйымшақта жамбас бұлшықеттерінің құрып кетуіне байланысты ,бұл өсінділер кішірейіп, қосылып, құйымшақта кішкентай қырқа түзеді.
2.Мойын, кеуде және бел омыртқалары: саны,құрылысы ерекшеліктері.
Мойын омыртқалары(олардың саны 7) vertebrae cervicales. Моын омыртқаларына түсетін жүктемеге сәйкес, олардың денелері де кіші болып келеді.Көлденең өсінділер өсінділер көлденең өсінді тесіктерінің, foramina processus transversalia, болуымен сипатталады.Осы тесіктер жиынтығынан пайда болатын өзектер,олардан өтетін омыртқа артериясы мен венасын қорғайды.Көлденең өсінділердің ұштарында аталған екі төмпешік-tuber cula anterius et posterius түрінде өтеді.VI омыртқаның алдыңғы төмпешігі күшті дамыған, ол –ұйқы төмпешігі, tuberculum caroticum, деп аталады(ұйқы артериясынан қан кеткенде, осы төмпешікке қанды тоқтату үшін ұйқы артериясын қысып басады).VI және VII омыртқада қылқанды өсінділерінің ұштары екіге бөлінген.І және ІІ мойын омыртқалардың пішіндері бассүйекпен буындасуына байланысты ерекше болады.І мойын омыртқада,atlas, дененің үлкен бөлігі даму барысында ІІ омытрқаға ауысып, соғын жабысып өсіп, dens, түзеді.Осының салдарынан І омыртқада тек алдыңғы доға қалады.І омыртқаның алдыңғы (arcus anterior) және артқы (arcus posterior) доғалары, жоғарғы және төменгі беттері,сонымен қатар жоғарғы буын ойығы, төменгі буын ойығы болады.Төменгі буындық ойығы ІІ омыртқамен буындасу үшін қажет.ІІ мойын омыртқа- біліктік омыртқа,axis, (латынша-білік, демек біліктік).Басқа омыртқалардан тіс тәрізді өсіндінің немесе тістің,dens, болумен ерекшеленеді.
Кеуде омыртқалары (олардың саны 12),vertebrae thoracicae, қабырғалармен буындасады.
Әдетте қабырғалар екі көршілес омыртқалармен буындасатындықтан, кеуде омыртқалары денелерінің көбіне екіден жартылай қабырғалық шұңқырлары болады.Олардың біреуі-омыртқаның жоғарғы жиегінде , fovea costalis superior,ал екіншісі-төменгі жиегінде, fovea costalis inferior орналасады.Ал І кеуде омыртқасы бұл ережеге бағынбайды.Кеуде омыртқаларының денелері оларға түсетін көптеу жүктемеге сәйкес, мойын омыртқалары денелерінен үлкен болады.Көлденең өсінділер жан-жаққа және артқа қарай бағытталған.Кеуде омыртқаларның қылқанды өсінділері ұзын және төмен қарай бағытталған, сондықтан омыртқа бағанасының кеуде бөлімі ортаңғы бөлігінде бір-біріне жабысып тұрады.
3. Бел омыртқалары,(олардың саны 5) vertebrae lumbales, омыртқа бағанасының жоғарыда жатқан бөлімдеріне қарағанда көбірек түсетін жүктемеге сәйкес, денелері үлкен болады. Қылқанды өсінділері артқа қарай тура бағытталған, буын өсінділері сагитталды орналасқан. Көлденең өсінді өзінің көп бөлігінде нағыз көлденең өсіндімен барынш қосылып, бір бөлігі оның негізі артында кішкене өсінді түрінде сақталған, қосымша деп дұрыс аталмайтын (accessorius-қосымша,қосылатын) рудименттік қабырға болып табылады,
3.Сегізкөз және құйымшақ: құрылысы, қызметі.
Сегізкөз омыртқалары - vertebrae sacrales (саны 5 ) жас кезде бір сүйекке-сегізкөзге (os sacrum) бірігіп бітісіді. Сегізкөз жоғары қараған негізі, basis ossis sacri және төмен қараған ұшы, apex ossis sacri ,бар үшбұрыш пішінді болады.Сегізкөз негізінің алдыңғы жиегі соңғы бел омыртқаның денесімен бірге алға қарай шығыңқы мүйіс, promontorium, түзеді. Сегізкөздің алдыңғы немесе жамбастық беті, facies pelvina, ойыс келеді. Онда көлденең сызықтар, lineae transversae, омыртқалардың қосылған жерлері,ал осы сызықтардың ұштарында жамбастық сегізкөз тесіктері foramina sacralia dorsalia ,сәйкес келеді.Оның бойында омыртқалардың жеке бөліктерінің қосылуынан түзілген 5 қыр жатады. Олар қылқанды өсінділердің бітісіунен түзілген-жұп аралық сегізкөз қырлары, cristae sacrales intermedia , және олардан латералды көлденең өсінділердің бітісуінен түзілген - cristae sacrales laterales .Сегізкөз тесіктерін сыртқа қарай көлденең өсінділер мен сегізкөздің бүйір қабырғаларының қосылуынан түзілген-сегізкөздің латералды бөліктері-pars laterales, жатады. Олардың латералды жақтарында мықын сүйектерімен буындасуға арналған құлақ тәрізді (auricula) иілген буын беттері, facies auriculares, орналасады.Олардың әрқайсысынан артқа қарай сегізкөз бұдырмағы, tuberositas sacralis (бұлшықеттер мен байламдардың бекитін жері), орналасады. Сегізкөздің ішінен сегізкөз өзегі, canalis sacralis өтеді, ол омыртқа өзегінің жалғасы болып табылады. Адамда құйрықтың жоғалып, құйрық бұлшықетінің редукциялануынан, сегізкөз омыртқаларының сәйкес бөліктері де редукцияланады. Сондықтан сегізкөз өзегі өзінің төменгі бөлігінде тұйықталмай, сегізкөз саңылауымен, hiatus sacralis (hiatus- саңылау), шектеледі.
Құйымшақ омыртқалары, vertebrae coccygea, (саны бір мен бестің аралығында болады) құрып кеткен құйрықтың қалдығы ретінде рудиментті және орта жаста бір сүйекке, құйымшаққа айналып кетеді.
4.Қабырғалар және төс: құрылысы, қызметтері. Қабырғалардың төске беку ерекшеліктері
Төс - sternum үш бөліктен тұрады: жоғарғы бөлігі-тұтқасы, manubrium sterni, ортаңғы бөлігі-денесі, corpus sterni, және төменгі бөлігі-семсер тәрізді өсінді(processus xiphoideus). Саптың жоғарғы жиегінде саптың мойындырық бөлігі, incisura jugularis, орналасады; оның бүйірлерінде әр жағында біреуден бұғана тілігі, incisura clavicularis, болады, олар бұғананың төстік шетімен буындасады. Тұтқаның төменгі жиегі дененің жоғарғы жиегі өзара алға шығыңқы төс бұрышы, angulus costales, деп аталады.Төс денесінің жиегінде қабырғалық тіліктер, incisurae costales, жатады, олар ІІ қабырғадан бастап шеміршекпен буындасады.
Семсер тәрізді өсінді түрі жағынан күшті өзгеріп отарады, тесігі болуы, екіге тармақталуы, бір жағына қарай майысуы мүмкін және т.б. құрылысы өте бай қантамыр торы бар жұмсақ кеуек молдығымен ерекшаланеді, бұл төс арқылы қан құюға мүмкіндік жасайды. Төсте кемік майының көп болуы, сәуле ауруын емдеу кезінде жілік майын ауыстырып салуға мүмкіндік береді.
Қабырғалар. Дененің оң және сол бөлігінде 12 қабырғадан болады.Олардың барлығының артқы шеттері кеуде омыртқаларының денелерімен қосылады.Жоғарғы 7 қабырға алдыңғы шеттерімен тікелей төспен қосылады.Бұлар-қара нағыз қабырғалар, costae vera. Өздерінің шеміршектері арқылы төске емес, алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылатын келесі үш қабырға (VIII, IX және X) сүбе (жалған) қабырғалар, costae spuriae деп аталады. ХІ және ХІІ қабырғалардың алдыңғы шеттері бос жатады, бұлар қозғалмалы қабырғалар, costae fluctuantes.
Қабырғалар, costae, жіңішке иілген табақшалар болып табылады, олардың артқы, ұзындау бөлігі ұзын кеуекті сүйектерге жататын сүйектен, os costales, ал алдыңғы қысқалау бөлігі шеміршектен, cartilago costales, тұрады. Әрбір сүйекті қабырғада артқы және алдыңғы шеттерін, ал олардың арасында қабырға денесін, corpus costae, ажыратады. Артқы шеті қырмен бөлінген буындық беті бар қалыңдау қабырға басы, caput costae, болады, сол арқылы қабырға омыртқалардың денелерімен буындасады. І, ІХ және ХІІ қабырғаларды буындық беті қырмен бөлінбейді. Қабырға басына кейін тарылған бөлік қабырға мойнына, collum costae, жатады, оның жоғарғы жиегімен бірінші және соңғы қабырғада болмайтын бойлық қыр, crista colli costae, өтеді. Мойынның қабырға денесіне айналатын жерінде, сәйкесті омыртқаның көлденең өсіндісінің буындық бетімен буындасу үшін, буындық беті бар қабырға төмпешігі, tuberculum costae, орналасқан. ІХ және ХІІ қабырғаларда төмпешік болмайды, өйткені бұл қабырғалар соңғы кеуде омыртқалардың көлденең өсінділерімен буындаспайды.І қабырғаның жоғарғы бетінде практикалық тұрғыдан маңызды төмпешік, tuberculum m.scaleni anterioris, байқалады, ол алдыңғы сатылы бұлшықеттің бекитін жері. Осы төмпешіктің артқы жағынан кішкентай жүлгені ,sulcus a.subclaviae, көруге болады, оған І қабырға бұғанаасты артериясы орналасады.Төмпешіктің алдында бұғанаасты венасы үшін басқа, жайпақтау жүлге, sulcus v.subclaviae, жайғасқан.
5.Иық белдеуі сүйектері: құрылысы, қызметі.
Қолдың еркін бөлігінің қаңқасы (skeleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол ұшы сүйектерінен тұрады.
Тоқпан жілік humerus ұзын қозғалыс рычагы болып табылды, ұзын жілікті сүйек түрінде дамиды. Осы қызметыне қарай ол диафиз, метафиз, эпифиз, апофиздерден құралады. Жоғарғы шетінде жауырынның буындық тілігімен буындасатын шар тәрізді басы, caput humeri(проксималды эпифиз)болады. Оның басы басқа сүйектен анатомиялық мойын, collum anatomicum деп аталатын тар жүлгемен бөлінеді. Анатомиялық мойыннан кейін екі бұлшықет төмпешігі( апофиздер)орналасады, олардың үлкені, tuberculum majus, латералды, ал екінші кішілеуі, tuberculum minus , одан сәл алға қарай жатады. Төмпешіктерден төмен қарай сүйекті қырлар (бұлшықеттердің бекуі үшін) шығады: үлкен төмпешіктен- crista tuberculi majoris, ал кіші төмпешіктен-crista tuberculi minoris.
Екі төмпешік пен қырлар арасында жүлге, sulcus intertubercularis өтеді, онда екібасты бұлшықеттің ұзын басының сіңірі орналасады.Екі төмпешіктен төмен жатқан тоқпан жіліктің диафизбен шекрада жатқан бөлігі хирургиялық мойын-collum chirurgicum (иықтың ең көп сынатын жері) деп аталады. Сүйектің денесінің ортасында, оның латералды бетінде бұдырмақ, tuberositas deltoidae бар, оған дельтатәрізді бұлшықет бекиді.Тоқпан жіліктің кеңейген және біршама алға қарай иілген төменгі шеті, condylus humeri, жан-жағы бұдырлы өсінділермен медиалды және латералды айдаршық үстімен, epicondulus medialis et lateralis, аяқталады, олар сүйектің медиалды және латералды жиектерінің жалғасында жатады, және бұлшықеттер мен байламдардың бекуі үшін қажет(апофиздер).Медиалды айдаршықүсті латералдыға күштілеу жетілген де, әрі оның артқы жағында шынтақ нерв жүлгесі, sulcus n.ulnaris , орналасады.Айдаршықүсту араларында, білек сүйектерімен буындасу үшін қажет буындық беті(дисталды эпифиз) орын алады.Шығыршық, trochlea , медиалды жатады, ол шынтақ жілікпен буындасу үшін қажет.Шығыршықтан латералды шар кесіндісі түрінде буындық беті, тоқпан жіліктің айдаршығының басы, capitulum humeri, орналасады, ол кәрі жілікпен буындасу үшін қажет.
Білек сүйектері ұзын қуысты сүйектерге жатады.Олар: шынтақ жілік, ulna, медиалды және латералды жағында кәрі жілік, radius, орналасады.
Шынтақ жілік ulna. Оның жоғарғы(проксималды) жуан шеті (эпифиз)екі: артқы, жуандау, шынтақ өсіндісне, olecranon, және алдыңғы, кішкене, тәждік өсіндіге, processus coronoideus, бөлінеді.Бұл екі өсіндінің арасында тоқпан жіліктің шығыршығымен буындасуға арналған шығыршықтық тілік, incisura trochlearis жатады.Шынтақ жіліктің төменгі (дисталды) шетінде дөңгелек , жайпақ, төменгі беті бар басы, caput ulnae (эпифиз) болады, одан медиалды жағынан біз тәрізді өсінді, processus styloideus (апофиз) шығады. Бастың шеңберінде буындық айналма, circumferentia articularis, көрші кәрі жілікпен буындасатын жер орналасады.
Кәрі жілік radius. Кәрі жіліктің дисталды шеті проксималды шетіне қарағанда қалыңдау. Проксималды шеті capitulum humeri-мен буындасуға арналған жалпақ ойысы бар дөңгелек бас,caput radii (эпифиз) түзеді.Кәрі жілік басы басқа сүйектен мойнымен, collum radii, бөлінеді. Одан төмен алдыңғы білек жағынан бұдырмақ, tuberositas radii (апофиз), иықтың екібасты бұлшықеті бекитін жері бөлініп тұрады.Дисталды шетінің (эпифиз) латералды жиегі созылып бізтәрізді өсіндіге, processus styloideus (апофиз), айналады.
6.Білезік және алақан сүйектері:құрылысы, қызметі.
Білезік - carpus 4 сүйектен екі қатарға орналасқан 8 қысқа кеуек сүйектердің –ossa carpi жиынтығы болып табылады. Білезіктің проксималды немесе бірінші, білекке жақын, қатары егер бас бармақтан бастап санасақ, мына сүйектерден түзілген: қайықтәрізді,os scophoideum және жартыайтәрізді, os lunatum, үшқырлы, os triquertum және бұршақтәрізді, pisiforme. Алғашқы үш сүйек бір-бірімен қосылып, кәрі жіліктің дисталды шетімен буындасуға арналған эллипс тәрізді, білек жағына қарай дөңес буындық бетін түзеді. Бұршақтәрізді сүйек бұл буындасуға қатыспай, жек үшқырлы сүйекке қосылып буындасады.Білезіктің дисталды, немесе екінші қатары мына сүйектерден тұрады: трапеция, os trapezium, және ілмектәрізді, os hamatum.Сүйектердің бетінде көрші сүйектермен буындасуға арналған буын фасеткалары болады. Сонымен қатар, білезіктің кейбір сүйектерінің алақан бетінде бұлшықеттер мен байламдар бекуге арналған төмпешіктер шығып тұрады, атап айтқанда: қайықтәрізді сүйекте-tuberculum ossis scaphoidei, os trapezium-де - tuberculum ossis trapezii және hamulus ossis hamati (осы аттан шыққан). Білезік сүйектері жиынтығы қол сырты жағында дөңес те, алақан жағында науа тәрізді ойыс күмбез сияқты. Кәрі жілік жағынан білезік жүлгесі, sulcus carpi, қайықтәрізді сүйекктері және os trapezium төмпешіктерінен түзілген дөңеспен,eminentia carpi radialis, ал шынтақ жілік жағынан hamulus ossis hamati және os pisiforme құрайтын басқа дөңеспен, eminentia carpi ulnaris, шектелген.
Алақан сүйектері, metacarpus, бес алақан сүйектерінен, ossa metacarpalia түзіледі, олар типі жағынан бір, нағыз эпифизі бар(моноэпифиздік сүйектер) қысқа қуыс сүйектерге жатады және бас бармақ жағынан бастап І,ІІ,ІІІ және т.с.с деп реттеліп саналады. Әрбір алақан сүйегі негізінен, basis, диафиз немесе денеден, corpus және дөңгелектелген бастан, caput тұрады.ІІ-V алақан сүйектерінің негіздерінің проксималды шеттерінде білезіктің екінші қатары сүйектерімен байланысуға арналған, ал бүйірлерінде бір-бірімен буындасуға арналған жалпақ буын фасеткалары орналасады. І алақан сүйегі негізінде os trapezium-ге буындасатын ертоқым тәрізді буындық беті болады, бүйір фасеткалар болмайды. ІІ алақан сүйегінің негізі os trapezium-ді қаусыратын бұрыш пішінді тілік түзеді.; V алақан сүйектерінің бастарында проксималды саусақ сүйектерімен буындасуға арналған дөңес буындық беттері орналасады.Бастардың бүйір жақтарында бұдырлы шұңқырлар-байламдар бекитін жерлер жатады.Алақан сүйектерінің ішіндегі ең қысқасы және сонымен бірге ең жуаны-бас бармаққа жататын І сүйек. Ең ұзыны ІІ алақан сүйегі, одан кейінгі ұзындығы ІІІ,IV-V
7.Ортан жілік:құрылысы, қызметі.
Ортан жілік os femoris қуысты сүйектердің ішіндегі ең үлкені және жуаны болып табылады. Өзінің дамуына байланысты оның диафизі,метафизі, эпифизі және апофизі болады.Ортан жіліктің жоғарғы(проксималды) шетінде дөңгелек буын басы, caput femoris (эпифиз) орналасады, ортасынан біршам төмен қарай буын басында кішкене бұдырлы шұңқыры,fovea capitis femoris –ортан жілік басы байламның бекитін жері жатады. Жілік басы сүйектерінің қалған бөлігімен мойын, collum femoris, арқылы қосылады.Мойынның ортан жіліктің денесіне ауысатын жерінде ұршық (апофиз) деп аталатын екі сүйекті төмпешік шығып тұрады.Үлкен ұршық, trochanter major, ортан жілік денесінің жоғарғы аяқталған жері болып табылады. Оның мойынға қараған медиалды бетінде шұңқыр,Fossa trochantericа, орналасқан.
Кіші ұршық, trochanter minor, мойынның төменгі жиегінде медиалды жағынан және шамалы артқа қарай жайғасқан.Екі ұршық бір-бірімен ортан жіліктің артқы жағында қиғаш өтетін қыр,crista interochanterica арқылы,ал алдыңғы бетінде- linea interochanterica, арқылы қосылады.Бұл түзілістердің барлығы-ұршықтар, қыр, сызық және шұңқыр бұлшықеттерінің бекуіне арналған.Ортан жіліктің төменгі( дисталды) жуандау шеті екі дөңгелек артқа қайырылған айдаршық ,condylus medialis және condylus lateralis (эпифиз) түзеді.Олардың медиалды латералды айдаршыққа қарағанда төмен қарай шығыңқылау. Алайда шамаларының бұлайша тең болуына қарамастан, екі айдаршық та бір деңгейде орналасады, өйткені ортан жілік табиғи қалпында қиғаш тұрады және оның төменгі ұшы жоғарғысына қарағанда ортаңғы сызыққы жақындау орналасады.Айдаршықтардың буындық беттері алдыңғы жағынан бір-біріне ауысып сагитталды бағытта кішкене ойыс тізе тобықтық беті, facies patellaris, түзеді, өйткені тізе буыны жазылғанда patella артқы жағымен оған жанасады.Айдаршықтар артқы және төменгі жақтарында терең айдаршықаралық шұңқырмен , fossa intercondylaris, бөлінеді.
8.Асықты жілік және жіліншігі: құрылысы, қызметі.
Асықты жілік - tibia. Оның проксималды шеті (эпифиз) екі айдаршық-медиалды, condylus medialis және латералды condylus lateralis түзеді.Ортан жілікке қараған жақтағы айдаршықтарда ортан жілікпен буындасуға арналған сәл ойыстау буын алаңдары facies articularis superior орналасады. Асықты жілік айдаршықтарының екі буындық беті де бір-бірінен eminentia intercondylaris деп аталатын қырмен бөлінеді. Қырдың екі tuberculum intercondylare mediale et laterale төмпешігі бар.Бұл қыраттың алдыңғы және артқы шеттерінде бір-бірден жатады, олардың area intercondylaris anterior, ал артқысы area intercondylaris posterior деп аталады.Буындық беттері жуандау жиекпен қоршалған. Жиекпен сәл төмендеу, енді асықты жіліктің алдыңғы бетінде едәуір қомақты бұдырмақ, tuberositas tibiae (апофиз), төртбасты бұлшықет сіңірінің бекитін жері жатады. Латералды айдаршықтың артқы бүйір аймағында кішкене жайпақ буындық беті –кіші жіліншік басымен, facies articularis fibularis буындасатын жер жатады.
Асықты жіліктің денесі үшқырлы пішінді,оның үш жиегі бар:алдыңғы,margo anterior, медиалды,margo medialis және кіші жіліншік жаққа қараған,сүйекаралық жарғақтың бекуіне арналған жер латералды жиек.margo interossae. Үш жиектің арасында үш бет болады: артқы,facies posterior, медиалды, facies medialis, латералды, facies lateralis. Медиалды бет пен алдыңғы (ең өткір) жиек тері астында айқын білініп тұрады. Астыңғы жіліктің төменгі дисталды шетінің (эпифиз) медиалды жағында төменде берік өсінді –медиалды толарсақ, malleolis medialis орналасады. Оның арт жағында жайпақ сүйекті жүлге, sulcus malleolaris, сіңірдің өтетін ізі бар. Асықты жіліктің төменгі шетінде аяө ұшы сүйектерімен буындасуға арналған бейімділіктер, facies articularis inferior, және медиалды толарсақтың латералды жағында-facies articularis malleoli жайғасқан. Асықты жіліктің дисталы шетінің латералды жиегінде тілік, insisura fibularis, кіші жіліншікпен қосылатын жер болады.
Асық жілік шыбығы - fibula шеттері жуандаған жұқа әрі ұзын сүйек болып табылады. Жоғарғы (проксималды) эпифиз жайпақ дөңгелекше буындық беті, facies articularis capitis fibulae, арқылы асықты жіліктің латералды айдаршығы буындасатын кішкене бас,caput fibulae, түзеді. Осы беттің сәл артқы және бүйір жағынан жоғары қарай сүйекті бұдыр, бастың ұшы, apex capitis fibulae шығып тұрады. Шыбықтың денесі үш жиекті және өзінің бойлық білігі бойынша сәл-пәл бұратылған сияқты. Сүйек диафизінің асықты жілікке қараған және сүйекаралық жарғақтың, membrane interossea cruris, бекуіне арналған жиегі margo interossea ретінде белгіленеді.Асықты жілік шыбығының төменгі (дисталды)эпифизі жуандап, тегіс буындық беті, facies articularis malleoli, бар латералды толарсақ, malleolus lateralis, түзеді.
9.Жамбас сүйегі: құрылысы, қызметі.
жанбассуйеги Fossa iliaca-мыкындык шункыр Tuberositas iliaca-мыкындык будырмак Spina iliaca posterior superior-мыкындык суйектин арткы жогаргы мыкын Facies auricularis-кулак таризди бет Spina iliaca posterior inferior-мыкынды суйек томенги кылканы Incisura ischiadiea major-шонданайлык улкен тилик Corpus ossis ischii-шонданайык суйек бети Spina ischiadiea-шонданайлык кылкан Incisura ischiadiea minor- шонданайлык киши тилик Ramus ossis ischii-шонданайлык суйектин тармагы Spina ischiadiea-шонданайлык кылкан Foramen obturatorium-жапкыштык тесик Ramus ossis ischii-шонданайлык суйек тармагы Ramus inferior ossis pudis-мыкындыксуйтармагы Facies symphysialis-симфиздикбет Os pubis-косагалыксуй Ramus superior ossis pubis-косагалыксуйекжогаргытармагы Pectin ossis pubis-косагалыксуйектинкыры Eminentia iliopubica-мыкынкосагалыктомпак Spina iliaca anterior inferior-мыкынсуйалдыегытоменгикылкан Linea arcuata-догатариздисызык Spina iliaca anterior superior-мыкынсуйалдынгыжогаргыкылканы Crista iliaca-мыкынкыр Osilium-мыкындыксуйек Lineaexternum-сырткыернеу Lineaintermedia-аралыксызык Labiuminternum-ишкиернеу Faciesglutea-бокселикбет Facieslunata-жартыайтариздибет Fossaacetabuli-уршыктынойыстыншункыры Cristaobturatoria-жапкыштыккыр Tuberculumpubicum-косагалыктомпешик Sulccusobturatorium-жапкыштыкжулге Incisuraacetabuli-уршыктыкойыстынтилиги Foramenobturatorium-жапкыштыктесик Osichii-шонданайлыксуйек Tuberishiadicum-шонданайлыктомпе Corpusossisischii-шонданайлыксуйектинденеси
10.Шүйде сүегі:құрылысы, қызметі.
Шүйде сүйек, os occipitale, әрі бассүйек күмбезіне , әрі оның негәзәне қатыса отырып, бассүйек қорабының артқы және төменгі қабырғаларын түзеді. Ол(аралас сүйек болғандықтан) осыған сәйкес дәнекер тін негізінде жабын сүйек(шүйде қабыршағының жоғарғыбөлігі) ретінде де, сондай-ақ шеміршек негізінде де(cүйектің басқа бөліктері) сүйектенеді. Ол тек 3-6 жаста бірыңғай сүйекке айналып бітісіп кететін жеке-жеке 4 бөліктен тұрады. Үлкен шүйде тесігін, foramen magnum(жұлынның омыртқа өзегінен бассүйек қуысындағы сопақша миға ауысатын жері) тұйықтайтын бұл бөліктер мыналар: алдыңғы жағынан –негізгі бөлік,pars basilaris,жан-жақтарында-латеральды бөліктер,partes lateralis, арт жағынан-шүйде қабыршағы,squama occipitalis. Қабыршақтың шеке сүйектерінің арасына сыналап өтетін жоғары бөлігі жеке сүйектенеді және көбінесе бүкіл өмір бойы көлденең жікпен бөлініп тұрады.
Шүйде қабыршағы, squama occipitalis, жабын сүйек ретінде табақша тәрізді, сырт жағынан дөңес, ал іш жағынан ойыс. Оның сыртқы бедері бұлшықеттер мен байламдардың бекуіне байланысты. Ішкі беттің бедері мидың пішініне және оның қабаттарының бекуіне байланысты, соның себебінен бұл бет тік бұрыш жасай қиылысатын екі қыр арқылы байланысатын 4 шұңқырға бөлінеді: бұл екі қырға бірге кресттәрізді томпақты, eminentia cruciformis, ал олардың қиылысқан жерінде ішкі шүйде шодырын(protuberantia occipitalis interna) түзеді.
Бойлық қырдың төменгі жартысы сүйірлеу және crista occipitalis interna деп аталады. Жоғарғы жартысы және көлденең қырдың екі жартысы да жақсы байқалатын: сагиталды, sulkus sinus sagittalis superioris және көлденең,sulkus sinus transversi жүлгелерімен қамтылған.
Латералдық бөліктердің, partes lateralis, әрқайсысы бассүйектің омыртқа жотасымен байланысуына қатысады, сондықтан олардың төменгі бетінде шүйде айдаршығы, condulus occipitalis, ауыз омыртқамен буындасатын жер болады.
Негізді бөлік, pars basilaris, 18 жасқа қарай сына тәрізді сүйекпен бітісіп-өсіп, бассүйек негізінің ортасында бірыңғай сүйек, os basilare, түзеді.
11.Маңдай сүйегі құрылысын жазыңыз.
Маңдай сүйегі- os frontale: ми сауытының алдыңғы бөлігін, аздап негізін құрастырады. Төрт бөліктен тұрады: қанбыршақтық, екі көздік және мұрындық. Маңдай қабыршақтық бөлігі, squama frontalis, сыртқы, екі самайлық және милық беттері болады. Сыртқы беті, facies externa, тегіс, алға шығыңқы. Қабыршақтық бөлік алдыңғы жағынан көз ұя үстілік жиек, margo supraorbitalis түзіп көзұялық бетке, facies orbitalis-ке ауысады. Көз ұя үстілік жиектің ішкі 2/3 бөлігінде көз ұя үстілік тілік, incisura supraorbitalis болады. Көз ұя үстілік жиектен сәл жоғары қас үсті доғасы, arcus superciliaris шығады. Әр қас үсті доғасының үстінде маңдайлық төмпек болады, tuber frontale. Маңдай төмпектері арасында сәл жоғарырақ глабелла, glabella жазықтығы болады. Көз ұя үстілік жиек латеральды бағытта үшбұрыгтанып беттік өсіндісі, processus zygomaticus пен аяқталады. Осы сызықтан жоғры айқын байқалатын самай сызығы, linea temporalis шығады, ол қабыршақтың самайлық бетін, facies temporalis шектейді. Ішкі бетінде, facies interna, орта сызық бойымен жоғарғы сагитальды қойнау жүлгесі, sulcus sinus sagittalis superior, өтеді, ол төменгі жағында маңдай қырқасына аяқталады, crista frontalis.
Көз бөліктері, partes orbitaies, төменгі ойыс бетімен- көзұясына, жоғары бетімен бассүйек қуысына қараған, ал артқы жиегімен сына тәрізді сүйекпен байланысқан, горизонталды орналасқан екі табақша. Милық бетінде саусақтық батыңқылар, impressions digitate бар.
Төменгі беті, facies orbitalis, көзұясының жоғарғы қабырғасын құрайды, онда көздің қосалқы тесіктерінің жанасқан іздері болады; бет өсіндісінде- көз жас безі шұңқыры, fossa glandulae lacrimalis, incisura supraorbitalis жанында-fovea trochlearis болады.
Мұрын бөлігі, pars nasalis, кеңсірік қалқасының түзілуіне қатысатын сүйір өсіндімен –spina nasalis, аяқталатын қырқашық байқалады. Қасүсті доғасының арт жағында сүйек қабатында өзгермелі маңдай қуысы, sinus frontalis орналасқан.
12.Самай сүйектері құрылысын жазыңыз.
Самай сүйегі – os temporal, жұп сүйек, бас сүйегінің бүйір қабырғасы мен негізінің бір бөлігін құрайды, онда тепе-теңдік пен есту мүшелері орналасқан. Үш бөліктен тұрады 1) қабыршақты бөлік,pars squamosa; 2) дабылды бөлігі, pars tympanica; 3) тасты бөлік, pars petrosa.
Қабыршақты бөлік, pars squamosa, бас сүйектің бүйір бетін түзуге қатысады. Оның ми бетіне, facies cerebralis, мидың іздері, саусақтық батыңқылар, impressions digitatae болады. Қабыршақтың сыртқы беті тегіс, самай шұңқырын құрауға қатысады да facies temporalis деп аталады. Одан бет сүйегімен қосылуға алға қарай бет өсіндісі, processus zygomaticus шығады.Басталар жерінің астында төменгі жақ сүйекпен байлансуға қажет шұңқыр, fossa mandibularis, орналасады. Алдыңғы түбірдің төменгі бетінде ауыз қатты ашылғанда төменгі жақтың алға қарай тайып кетуіне кедергі жасайтын буын төмпешігі, tuberculum articulare бар.
Дабылды бөлігі , pars tympanicaсыртқы дыбыс жолының алдыңғы және артқы жиегінің бір бөлігін түзеді. Сыртқы дыбыс жолы,meatus acusticus externus, ішкі және біршама алға қарай бағытталған және дабыл қуысына апаратын сыртқы дабыл тесігі, porus acusticus externus болады.
Тасты бөлік, pars petrosa, бас сүйегінің негізін құрауға қатысады және есту мен тепе-теңдік мүшелерінің жайғасатын орны. Екінші атауы пирамида деп аталады. Пирамиданың үш беті бар; алдыңғы, артқы және төменгі. Алдыңғы беті ортаңғы бассүйек шұңқырының түбінің құрамына кіреді; артқы беті артқа және медиальды бағытталып, артқы бас сүйек шұңқырының алдыңғы қабырғасының бір бөлігін құрайды; төменгі беті бас сүйек негізінің сыртқы бетіне ғана кіреді. Пирамидада ортаңғы және ішкі құлақ жайғасады, нерв пен тамырлар өтеді. Пирамиданың алдыңғы бетінде, шекеге жақын жерде үшкіл нерв түйінінің батыңқы ойысы, impressio trigemini байқалады. Одан сыртқа қарайекі жіңішке жүлге; медиалды sulcus n.petrosi majoris ,және латералды hiatus canalis n.petrosi majoris, және латералды hiatus canalis n.petrosi mainoris. Тесіктерден сыртқа қарай доғатәрізді қырат, eminentia arcuata байқалады.
Пирамиданың артқы бетінде ішкі дыбыс тесігі porus acusticus internus, орналасады, ол ішкі дыбыс жолына meatus acusticus internus-қа жалғасады. Приамиданың төменгі бөлігінде біз тәрізді өсінді procrsus styloideus, шығады. Бізтәрізді мен емізік тәрізді өсінділердің арасында біз-емізіктәрізді тесік, foramen stylomastoideum жатады.Бізтәрізді өсіндіден терең мойындырық щұңқыры fossa jugularis, медиалды орналасқан.
Пирамиданың үш жиегі бар; алдыңғы, артқы және жоғарғы. Қысқа алдыңғы жиек қабыршақпен сүйіп бұрыш түзеді. Бұл бұрышта бұлшықеттік құбырлы өзектің тесігі, canalis musculotubarius, байқалады. Бұл өзек пердемен жоғарғы және төменгі бөлікке бөлінеді. Жоғарғы, кішілеу, жартыөзек, semicanalis m. tensoris tympani, ал төменгі, үлкендеу, semicanalis tube auditivae ауданы бөлінеді.
Пирамиданың алдыңғы және артқы беттерін бөлетігн жоғарғы жиегімен жақсы байқалатын жүлге, sulcus sinus petrosi superioris, аттас веналық синустың ізі өтеді.
Пирамиданың артқы жиегі алға қарай сүйектің базилярлы бөлігімен қосылып, осы сүйекпен бірге sulcus sinus petrosi inferoris- төменгі тастақтық веналық синустың ізін түзеді.
Ол төмен қарай емізік тәрізді өсіндіге, processus mastoideus-ке айналады. Емізіктәрізді өсіндінің медиалды жағында терең емізік тәріщді тілік, incisura mastoidae болады.
13.Шеке сүйектері құрылысын жазыңыз.
14.Сына тәрізді сүйек құрылысын жазыңыз.
15.Жоғарғы жақсүйек құрылысын жазыңыз.
16.Бет сүйегі құрылысын жазыңыз.
Жоғарғы жақсүйек, maxilla, құрылысы күрделі жұп сүйек. Ол сезім мүшелеріне арналған қуыстар – көзұя мен кеңсірік, кеңсірік пен ауыз арасында қалқа түзуге, сондай-ақ шайнау аппаратының жұмысына қатысады.
Жоғарғы дақсүйек денесінен төрт өсіндісінен тұрады.
Дене,corpus maxillae, үлкен ауалы қуыс sinus maxillaries (немесе Гайморов қуысы) бар, ол кең тесігі, hiatus maxillaris-арқылыкеңсірікке ашылады.
Төрт бетін ажыратады: алдыңғы беті, facies anterior, төменгі жағында ұяшықты өсіндіге айналады, ол жерге тіс түбірінің ұяшықтары, juga alveolaria, байқалады. Одан жоғары және латералды иттіс шұңқыры, fossa canina, орналасқан.жоғары жағында көзұя асты жиегімен, margo infraorbitalis, бөлінген. Алдығы бетінің медиалды шекарасы мұрын тілігі, incisura nasalis.
Төменгі самайлық бет, infratemporalis, алдыңғы беттен бет өсіндісі арқылы бөлінген және онда жоғарғы жақ сүйектің төмпешігі,tuber maxillae орналасқан.
Мұрындық беті, facies nasalis, төменгі жағында таңдай өсіндісінің жоғарғы бетіне айналады. Онда төменгі мұрын қалқаны, crista conchalis crista conchalis үшін қыр байқалады. Маңдай өсіндісінің артында көзжасы жүлгесі, sulcus lacrimalis бар.
Көздік беті, facies orbitalis, үшбұрыш пішінді.
Өсінділері: маңдай өсіндісі, processus frontalis, ұяшықты өсінді, processus alveolaris, таңдай өсіндісі palatinus, бетсүйек өсінді, processus zygomaticus бар.
Бетсүйек бөлігінің сүйектеріне жататындар:
Төменгі мұрын қалқаны,concha nasalis inferior, жұп сүйек; торлы сүйектің құрам бөлігі болып табылады
Мұрын сүйегі, os nasale, өзіңің жұптасына жанасып, мұрын негізінде мұрын арқашығын түзеді.
Көзжас сүйегі, os lacrimalе,
Өре сүйек, vomer, тақ сүйек; мұрын сүйектерінің пердесі құрамына кіретін бұрыс төртбұрышты табақша болып табылады.
Бет сүйегі, os zygomaticum, жұп, бет сүйектерініңішіндегі ең мықтысы; үш беті, екі өсіндісі бар. Бүйір бет, facies lateralis. Самай шұңқырына қараған бет, facies temporalis. Көздік бет facies orbitalis. Сүйектің жоғарғы өсіндісі, processus frontalis, маңдай сүйегінің бет өсіндісімен және сына тәрізді сүйектің үлкен қанатымен байланысады. Латералды өсінді, processus lateralis, самай сүйегінің бет өсіндісімен қосылып бет доғашығын түзеді.
17.Төменгі жақсүйек құрылысын жазыңыз.
18.Құрылымы мен пішініне байланысты буындардың жіктемесін жазыңыз.
Буындардың жіктелуі. Буындар буын беттерінің саны мен пішіні бойынша және қызметіне байланысты жіктеледі.
І. Буын беттерінің саны бойынша:
- Қарапайым буын, artіculatіo sіmplex,екі сүйектен түзілетін буын. Мысалы: саусақаралық буындар.
- Күрделі буын, artіculatіo composіta, үш немесе одан көп сүйектерден түзіледі. Мысалы: шынтақ буыны.
- Үйлесімді буын, artіculartіo complexa, бірлесе қызмет атқаратын буындар. Мысалы: шықшыт буындары.
ІІ. Буын беттерінің пішініне байланысты: цилиндр тәрізді, шығыршық тәрізді, эллипс тәрізді, айдаршық тәрізді, ертоқым тәрізді, шар тәрізді, тостаған тәрізді және т.б.
ІІІ. Қызметіне байланысты:
- Бір білікті буындар-бір білік бойынша қозғалатын буындар. Мысалы: тек бүгу мен жазу. Бұған цилиндр тәрізді, шығыршық тәрізді буындар жатады.
- Екі білікті буындар-екі білік бойында қозғалады. Мысалы: бүгу мен жазу және әкелу мен әкету Оларға: эллипс тәрізді, айдаршық, ертоқым тәрізді буындар жатады.
- Көп білікті буындар-бірнеше білік бойынша қозғалады. Оған: шар тәрізді және тостаған тәрізді буындар жатады.
Буындар қозғалысы үш негізгі білікті айнала жүреді:
- Фронталды білік бойынша- бүгу, flexіo, және жазу, extensіo.
- Сагитталды білік бойынша- әкелу, adductіo, және әкету, abductіo.
- Вертикалды білік бойынша-айналу, rotatіo, ішке айналу, pronatіo, және сыртқа айналу, supіnatіo. Шеңбер бойымен қозғалу, cіrcumflexіo.
19.Буындардардың жазықтықтарда қоғалу түрлері.20.Үзіліссіз сүйек қосылыстары. Жіктемесін жазып, әрқайсысына сипаттама беріңіз.
Сүйектер қосылысын негізінен екі топқа бөінеді:
- Үзіліссіз қосылыстар-синартроздар
- Үзілісті қосылыстар-диартроздар
Екі топтың арасында ауыспалы түрде болатын жартылай буындар симфиздер деп аталады.
Синартроздар, бұл қосылыстарда сүйектер арасындағы саңлауды қандай да бір тін толтырып жатады, бұндай қосылыстар арқылы біріккен сүйектер қозғалмайды. Сүйектер арасындағы саңлауды толтыратын тініне байланысты үш түрі бар:
- синдесмоздар
- синхондроздар
- синостоздар
Синдесмоздарнемесе фиброзды қосылыстар деп аталады, бұл қосылыста сүйектер бір-бірімен талшықты дәнекер тіні арқылы байланысады, оларға байламдар, lіgamentum, жарғақтар, membrana, жіктер, suttura, жатады. Байламдар омыртқа доғаларының арасында кездеседі, жарғақтар білек және сирақ сүйектерінің арасында орналасады. Жіктердің үш түрін ажыратамыз: тісті, қабыршақты және тегіс. Тісті жіктер бассүйек күмбезі сүйектерінің арасында түзіледі. Қабыршақты жік самай мен шеке сүйектерінің арасында түзіледі. Тегіс жік бет сүйектерінің арасында түзіледі.
Синхондроздарсүйектердің шеміршек тіні арқылы байланысуы. Олар уақытша және тұрақты болып бөлінеді, уақытша синхондроздар белгілі бір жасқа дейін ғана болып, одан кейін синостозға өтеді. Мысалы: жамбас сүйектерінің арасындағы қосылыс. Тұрақты синхондроздар бүкіл өмір бойында сақталады, мысалы: самай пирамидасы мен сына сүйектерінің арасындағы қосылыс.
Синостоз сүйектердің сүйек тіні арқылы байланысуы. Мысалы: сегізкөз омыртқалары арасындағы қосылыс.
Егер синхондроздың ортасында буындық беттері мен қапшығы бар нағыз буын қуысы сипаты жоқ тар саңлау түзілсе, онда мұндай қосылулар үзілістіден үзілістіге өтпелі болады да, ол симфиз деп аталады. Мысалы: шат симфизі.
21.Буынның негізгі және қосымша элементтері.Сипаттама беріңіз.
22.Бас бұлшықеттерінің жіктелуін жазыңыз.
23.Бас сүйек күмбезі бұлшықеттері, құрылысы мен қызметтерін жазыңыз.
24.Мұрын айналасының бұлшықеттері, құрылысы мен қызметтерін жазыңыз.
25.Мойынның беткей бұлшықеттері, құрылысы мен қызметін жазыңыз.
26.Бас миына жалпы сипаттама беріңіз.
27.Меншікті ауыз қуысы құрылысы мен қызметін жазыңыз.
28.Қатты және жұмсақ таңдай құрылысы мен қызметін жазыңыз.
29.Тілдің құрылысы мен қызметін жазыңыз.
30.Ауыз қуысының құрылысын жазыңыз.
Ауыз қуысы, cavitas oris, екі бөлімге бөлінеді: ауыз алды, vestibulum oris, және нағыз ауыз қуысы, cavitas oris propria. Ауыз алды деп сыртынан еріндер мен жақтар арасындағы, іш жағынантістер мен қызыл иектер арасындағы кеңістікті айтады. Ауыз тесігі,rima oris, арқылы ауыз алды сыртқа ашылады.
Еріндер, labia oris, сыртынан терімен, іш жағынан шырышты қабықшамен жабылған ауыздың сақиналы бұлшықетті талшықтары болып табылады. Еріндерде тері шырышты қабықшаға айналады,ол жоғарғы еріннен қызылиек бетіне созылып, орта сызық бойымен жақсы байқалатын жүгеншік, frenulum labii superioris, түзеді.
Таңдай,palatum, екі бөліктен тұрады. Алдыңғы үштен екісінің негізі,palatum osseum, бар, бұл қатты таңдай palatum ;durum ;артқы уштен бірі, жұмсақ таңдай,palatum molle, фиброзды негізі бар бұлшықетті түзіліс болып табылады.
Ауыз қуысында үш жұп сілекей бездерінің шығару өзектері: төменгі жақасты, тіласты, сонымен қатар ауыздың кілегейлі қабықшасында көптеген ұсақ бездер бар. Бөліп шығаратын секреттің сипатына қарай бездер:серозды,шырышты, аралас деп бөлінеді.
31.Иық және білек сүйектері: құрылысы, қызметі.
Қолдың еркін бөлігінің қаңқасы (skeleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол ұшы сүйектерінен тұрады.
Тоқпан жілік humerus ұзын қозғалыс рычагы болып табылды, ұзын жілікті сүйек түрінде дамиды. Осы қызметыне қарай ол диафиз, метафиз, эпифиз, апофиздерден құралады. Жоғарғы шетінде жауырынның буындық тілігімен буындасатын шар тәрізді басы, caput humeri(проксималды эпифиз)болады. Оның басы басқа сүйектен анатомиялық мойын, collum anatomicum деп аталатын тар жүлгемен бөлінеді. Анатомиялық мойыннан кейін екі бұлшықет төмпешігі( апофиздер)орналасады, олардың үлкені, tuberculum majus, латералды, ал екінші кішілеуі, tuberculum minus , одан сәл алға қарай жатады. Төмпешіктерден төмен қарай сүйекті қырлар (бұлшықеттердің бекуі үшін) шығады: үлкен төмпешіктен- crista tuberculi majoris, ал кіші төмпешіктен-crista tuberculi minoris.
Екі төмпешік пен қырлар арасында жүлге, sulcus intertubercularis өтеді, онда екібасты бұлшықеттің ұзын басының сіңірі орналасады.Екі төмпешіктен төмен жатқан тоқпан жіліктің диафизбен шекрада жатқан бөлігі хирургиялық мойын-collum chirurgicum (иықтың ең көп сынатын жері) деп аталады. Сүйектің денесінің ортасында, оның латералды бетінде бұдырмақ, tuberositas deltoidae бар, оған дельтатәрізді бұлшықет бекиді.Тоқпан жіліктің кеңейген және біршама алға қарай иілген төменгі шеті, condylus humeri, жан-жағы бұдырлы өсінділермен медиалды және латералды айдаршық үстімен, epicondulus medialis et lateralis, аяқталады, олар сүйектің медиалды және латералды жиектерінің жалғасында жатады, және бұлшықеттер мен байламдардың бекуі үшін қажет(апофиздер).Медиалды айдаршықүсті латералдыға күштілеу жетілген де, әрі оның артқы жағында шынтақ нерв жүлгесі, sulcus n.ulnaris , орналасады.Айдаршықүсту араларында, білек сүйектерімен буындасу үшін қажет буындық беті(дисталды эпифиз) орын алады.Шығыршық, trochlea , медиалды жатады, ол шынтақ жілікпен буындасу үшін қажет.Шығыршықтан латералды шар кесіндісі түрінде буындық беті, тоқпан жіліктің айдаршығының басы, capitulum humeri, орналасады, ол кәрі жілікпен буындасу үшін қажет.
Білек сүйектері ұзын қуысты сүйектерге жатады.Олар: шынтақ жілік, ulna, медиалды және латералды жағында кәрі жілік, radius, орналасады.
Шынтақ жілік ulna. Оның жоғарғы(проксималды) жуан шеті (эпифиз)екі: артқы, жуандау, шынтақ өсіндісне, olecranon, және алдыңғы, кішкене, тәждік өсіндіге, processus coronoideus, бөлінеді.Бұл екі өсіндінің арасында тоқпан жіліктің шығыршығымен буындасуға арналған шығыршықтық тілік, incisura trochlearis жатады.Шынтақ жіліктің төменгі (дисталды) шетінде дөңгелек , жайпақ, төменгі беті бар басы, caput ulnae (эпифиз) болады, одан медиалды жағынан біз тәрізді өсінді, processus styloideus (апофиз) шығады. Бастың шеңберінде буындық айналма, circumferentia articularis, көрші кәрі жілікпен буындасатын жер орналасады.
Кәрі жілік radius. Кәрі жіліктің дисталды шеті проксималды шетіне қарағанда қалыңдау. Проксималды шеті capitulum humeri-мен буындасуға арналған жалпақ ойысы бар дөңгелек бас,caput radii (эпифиз) түзеді.Кәрі жілік басы басқа сүйектен мойнымен, collum radii, бөлінеді. Одан төмен алдыңғы білек жағынан бұдырмақ, tuberositas radii (апофиз), иықтың екібасты бұлшықеті бекитін жері бөлініп тұрады.Дисталды шетінің (эпифиз) латералды жиегі созылып бізтәрізді өсіндіге, processus styloideus (апофиз), айналады.
II-LEVEL
1.Мойын бұлшықеттері: топографиялық орналасуына байланысты жіктелуі, құрылыс ерекшеліктері.
Мойын бұлшықеттері орналасуы жағынан мынадай топтарға бөлінеді:
1.Беткей бұлшықеттер platysma,m.sternocleidomastoideus).
2.Ортаңғы бұлшықеттер, немесе тіласты сүйегінің бұлшықеттері:
а)одан жоғары жататын бұлшықеттер (mm.mylohyoideus, digastricus, stylohyoideus, geniohyoideus);
б)одан төмен жататын бұлшықеттер(m.sternohyoideus, sternothyroideus, thyrohyoideus, omohyoideus);
3.Терең бұлшықеттер:
а)қабырғаларға бекитін бүйір бұлшықеттері(mm, scalenі anterior, mediale еt posterior);
б)омыртқа алдындағы(m, longus colli,m, longus capitis; m, rectus capitis anterior et lateralis).
Беткей бұлшықеттер.
1. Мойынның теріасты бұлшықеті ,m, platysma ,тікелей тері астында, шандырдың үстінде жұқа табақша түрінде жатады.
Қызметі.мойын терісін тартып, бұлшықет теріасты веналарын қысып қалудан сақтайды,бет қимылында маңызы бар, езуді төмен қарай тарта алады.
2.Төс-бұғана-емізікті бұлшықет,m.sternocleidomastoideus, алдыңғы бұлшықеттің астында орналасып, одан мойын шандыры арқылы бөлінеді. Ол төстің тұтқасынан және бұғананың төстік шетінен басталып, емізік тәрізді өсіндіге және шүйде сүйектің linea nuchae superior-ына бекиді.
Қызметі.Біржақты жиырылғанда бұлшықет омыртқа жотасының мойын бөлімін өз жағына қарай қисайтады, сонымен қатар бір мезгілде басты көтеріп, бетті қарама-қарсы жаққа қарай айналдырады.
Ортаңғы бұлшықеттер.
1.Жақ-тіласты бұлшықеті, m.mylohyoideus, жақ-төменгі жақсүйектің linea mylohyoideus-ынан басталып, иектің ішкі жағынан тіласты сүйегінің денесіне қарай орта сызықпен екі mm.mylohyoideа арасындағы шекара бойымен созылып жатқан сіңірлі жікте,raphe, аяқталады.
2.Қосқарыншалы бұлшықет,m. digastricus, дөңгелек аралық сіңірмен қосылған екі құрсақшадан тұрады.
3.Біз-тіласты бұлшықет, m, stylohyoideus, самай сүйегінің processus styloideus-інен тіласты сүйегінің денесіне түсіп, екі шоғырмен қосқұрсақ бұлшықетінің аралық сіңірін қаусырып алады.
4.Иек-тіласты бұлшықеті, m, geniohyoideus,raphe-нің бүйір жағынан m.mylohyoideus үстінде жатады, төменгі жақсүйектің тіласты сүйегінің денесіне дейңн созылып жатады.
Терең бұлшықеттер.
1.Алдыңғы сатылы бұлшықет,m. scalenus anterior
2.Ортаңғы сатылы бұлшықет, m. scalenus medius
3.Артқы сатылы бұлшықет, m. scalenus posterior
4.Мойынның ұзын бұлшықеті, m. longus colli m, longus capitis
5.Бастың ұзын бұлшықеті ,m. longus capitis
2.Шайнау бұлшықеттерінің құрлысы мен қызметін жазыңыз.
Жауабы: Шайнау бұлшықеттері бас сүйектерінің белгілі сүйектік нүтелерден басталып, төменгі жақ сүйегіне бекитін төрт жұп бұлшықеттерден тұрады Негізгі қызметі: самай-төменгі жақ буынын қозғалысқа келтіру.
1.Шайнау бұлшықеті, m.masseter, сыртқы пішіні төртбұрыш тәрізденіп,төменгі жақ сүйегінің бұтағының сыртқы бетінде орналасқан бұлшықет. Ол,бет сүйектік доғаның төменгі жиегінен басталады. Бұл бұлшықеттің талшықтары беткей орналасқан және тереңде орналасқан бұлшықеттер топтарына бөлінеді
Беткей орналасқан бұлшықеттер тобы, pars superficialis, ол сүйектік доғаның сыртқы бетінде орналасса, тереңде орналасқан бұлшықеттер тобы, pars profunda, бетсүйек доғаның ішкі қапталынан басталады. Беткей орналасқан бұлшықеттік талшықтары төмен жіне артқа қарай бағытталса, тереңде орналасқан бұлшықеттің талшықтары керісінше төмен және алға қарай бағытталып, одан әрі бұлшықет талшықтары жинақталып төменгі жақ сүйегі бұрышының сыртқы бетіндегі шайнау бұлшықетінің бұдырына, tuberositas massaterica барып бекиді.
Қызметі:төменгі жақ сүйегін көтеріп, алға қарай тарту.
Нервтендірілуі: V жұп үшкіл ми нервінің, n.trigeminus, шайнау бұлшықеттік нервісі,n.massatericus арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы еріндік артерия, a.labialis superior арқылы қанмен қамтамасыз етіледі
2. Самай бұлшықеті, m.temporalis, бас сүйектің самайлық ойысында,fossa temporalis желпуіш тәрізденіп орналасқан.Бұл бұлшықеттің талшықтары: маңдай сүйектің самайлық бетінен, сына сүйектің үлкен қанатының самай ойысына қараған бетінен, самай сүйектің қабықшалы бөлігінің самай ойысына қараған талшықтары, одан әрі жинақталып және төмен қарай бағытталып, төменгі жақ сүйегінің тәж тәрізді өсіндісіне processus coronoideus барып бекиді
Қызметі: бұлщықеттің алдыңғы, артқы, ортанғы бұлшықеттері талшықтарының қызметі төменгі жақ сүйегін жоғары және алға қарай тартса, артқы топ талшықтары керісінше, жоғары және артқа қарай тартады.
Қанмен қамтамасыз етілуі: самайлық терең және беткей артериялары,aa.temporalis profunda et superficialis арқылы қанмен қамтамасыз етіледі
Нервтендірілуі: V жұп үшкіл нервінің терең самайлық нервтері арқылы нервтендіріледі.
3.Қанат тәрізді латеральды бұлшықет, m.pterygoideus lateralis сыртқы пішіні қысқалау және қалыңдау болып келген.Бұл бұшықеттің жоғарғы және төмнгі басы ажыратылады.
Жоғарғы басы, caput superior ол сына сүйектің үлкен қанатының төменгі самайлық бетінен және төменгі самайлық қырқасынан, crista infratemporalis басталады.Төменгі басы сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің латеральды табақшасының бүйір бетінен басталады.Бұлшықеттің жоғарғы басы мен төменгі басының бұлшықеттік талшықтары жинақталып, артқа қарай бағытталып, төменгі жақ сүйектің қанатты шұңқыршасына, fovea pterygoidea барып бекиді.
Қызметі: бір жақты жиырылған кезде төменгі жақ сүйегі қарсы жағына қарай ауытқыса, екі жақты бұлшықет бір уақытта жиырылса төменгі жақ сүйегі алға қарай қозғалады.
Нервтендірілуі: V жұп үшкіл нервтің,n.trigeminus қанатты бұлшықеттік нерві,n.pterygoideus medialis арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы альвеолярлық артериялар,aa.alveolaris superior, бет артериясы,a.facialis арқылы.
4. Қанат тәрізді медиальді бұлшықет, m.pterygoideus medialis.
3,4,5.Мимикалық бұлшықеттердің құрылысы мен қызметін жазыңыз.
Жауабы: Беттің бұлшықеттері,mm.facialis, немесе ымдау бұлшықеттері, дененің басқа басқа бұлшықеттерінен айырмашылығы: эмбрионалдық дамуы өзгешелеу, тері астына орналасып, фасциялық қабықшасыз, сүйектік нүктелерден басталып , теріге барып бекиді жиырылған кезде беттің терісінде адамның көңіл күйін білдіретін қатпарлар пайда болады
Топографиялық орналасуына қарай ымдау бұлшықеттері: көздің, ауыздың, мұрынның, құлақ қалқанының төңірегіндегі және бас сүйектің қақпағының маңындағы бұлшықеттерге бөлінеді
1.Бассүйек қақпағының бұшықеттері, m.epicranius ол жалпақтау келіп, бас сүйек қақпағын жауып орналасқан апонеаротикалық табақшадан тұрады. Орналасуына қарай: шүйде-маңдайлық,апоневротикалық табақшадан, самай-төбелік бұлшықеттерден тұрады:
a) шүйде-маңдайлық бұлшықет,m.occipitofrontalis ол маңдай сүйектің жоғарғы қастық доғасынан,arcus superciliaris, шүйде сүйегінен, linea nuche suprema, басталып апоневрозға ұласады.Бұлшықет маңдайлық,venter frontalis және шүйделік қарыншадан6 venter occipitalis тұрады, қарыншалар бір-бірімен өзара жалпақтау келген апо, қарыншалар бір-бірімен өзара жалпақтау келген апоневрозды табақша арқылы жалғасқан.
ә)самай-төбе бұлшықеті, ол бас сүйектің самай бөлігінде орналасқан. Бұлшықеттер талшықтары құлақ қалқанының шеміршегінің алдыңғы қапталынан басталып, бастың апоневроз табақшасына ұласады.
Қызметі: шүйде бөлігінің қарыншасы жиырылғанда бастың терісін артқа қарай тартады, маңдай қарыншасы жиырылғанда көздің қабағы мен қасты көтереді.
Нервтендірілуі: VII жұп бет нерві,n.facialis арқылы нервтендіріледі
Қанмен қамтамасыз етілуі: шүйде артериясы,a.occipitalis құлақ қалқанының артқы артериясы,a.auricularis posterior самайдың беткей артериясы, a.temporalis superficialis және көз шарасының жоғарғы артериясы a.supraorbitalis арқылы.
2.Құлақ қалқанының алдыңғы бұлшықеті, m.auricularis anterior,ол самай бұлшықетінің фасциялық қабықшасы мен шүйде-маңдайлық бұлшықетінің апоневрозды қабықшасынанбасталып, құлақ қалқанының терісіне барып бекиді
Қызметі: құлақ қалқанын алға қарай қозғалту
Қанмен қамтамасыз етілуі: беткей самайлық артериясы, a.temporalis superficialis арқылы.
3.Құлақ қалқанының жоғарғы бұлшықеті, m.auricularis superior ол шүйде-маңдай бқлшықетінің апоневрозды қабықшасынан басталып, құлақ қалқан шеміршегінің жоғарғы қапталына барып бекиді
Қызметі: құлақ қалқанын жоғары қарай тарту мен қатар, бастың апоневрозды қабықшасын керу
Қанмен қамтамасыз етілуі: беткей самайлық артериясы, a.temporalis superficialis мен құлақ қалқанының артқы артериясы, a.auricularis posterior арқылы.
4.Құлақ қалқанының артқы бұлшықеті ол желкелік бұлшықеттердің фасциялық қабықшасынан басталып құлақ қалқаны терісінің артқы бөлігіне барып бекиді.
Қызметі: құлақ қалқанын артқа қарай тарту
Қанмен қамтамасыз етілуі:құлақ қалқанының артқы артериясы
5.Көздің дөігелек бұлшықеті, m.orbicularis oculi, сыртқы пішіні жалпақтау келіп,көз шарасының маңында шеңбер бағытта орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай көз қабақтық, көз шарасының және көзжас бұлшықеттерңне бөлінеді
а) Көз қабақтық, pars palpebralis, көз қабағының медиальды байламынан және көз шарасының ішкі қапталынан басталып, көз шарасының латеральды бұрышындағы сүйектік қабықшасына барып бекиді
ә)Көз шарасының бөлігі, pars orbitalis, ол маңдай сүйегінің мұрындық бөлігінен, жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық өсіндісінен және көздің қабағының медиальды байламынан басталып шүйде-маңдайлық бұлшықеттің маңдайлық қарыншасы, venter frontalism. occipitofrontalis мен қасты түюші бұлшыұетке, m.corrugator supercilii, ұласады
б) Көзжас бөлігі, pars lacrimalis, ол көз жас сүйегінің латеральды бетінен және бұл сүйектің артқы қырқасынан басталып, көз жас қапшығына бекісе шамалы бөлігі қабақтық бөлігінің бөлшықетіне ұласады
Қызметі: а) көздік бөлігі жиырылған кезде, көздің саңылауын жұмып, маңдайдың көлденең қатпарларын құрайды; ә) көздің қабағының бұлшықеті көздің саңылауын тарылтады; б)бұл бұлшықеттің көздік бөлігі жиырылғанда қасты төмен тартып , ұрттың терісін жоғары көтереді; в) бұл бұлшықеттің көз жас бөлігі жиырылған кезде, көз жас-мұрын өзекшесінің өту жолы кеңейіп, жастың мұрын қуысына өтуіне ықпал жасайды.
Нервтендірілуі: VII жұп бет ми нерві n.facialis арқылы
Қанмен қамтамасыз етілуі: бет артериясы, a.facialis самайдың беткей артериясы,f.temporalis superficialis, және көз шарасының жоғарғы және төменгі артериялары, a.supraorbitalis et infraorbitalis арқылы.
5. Қасты түю бұлшықеті,m.corrugator supercilii, ол маңдай сүйектің мұрын бөлігінен және көз жас сүйегінен басталып, қастың медиальды қапталына барып бекиді
Қызметі: екі жақтық қасты бір-біріне түйістіріп, аралығында вертикаль бағытта орналасқан сызықшаны құрайды.
Қанмен қамтамасыз етілуі: маңдайлық артерия, a.frontalis көз шарасының жоғарғы артериясы,a.supraorbitalis, самайдың беткей артериясы,a.temporalis superficialis арқылы.
6. Тәкәппар бұлшықеті,m.procerus ол мұрын сүйегінің қырынан немесе мұрын бұшықетінің апоневрозынан басталып, кеңсірік үстілік жазықтықтың маңындағы теріге барып бекиді.
Қызметі: екі жақты бөлігі бірдей жиырылғанда, мұрын қырының түбірі маңындағы теріде көлденең сызықша пайда болады
Қанмен қамтамасыз етілуі: құлақ қалқанының артериясы,a.auricularis, көз шарасының жоғарғы артериясы,a.supraorbitalis, арқылы.
7. Ауыздың дөңгелек бұлшықеті, m.orbicularis oris ол еріндердің терең қабатында шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттер талшықтарынан тұрады. Бұл бұлшықеттердің талшықтар орналасуына қарай иектік және еріндік болып екі топқа бөлінеді.
Қызметі : ауыз тесігін қысып, ерінді сыртқа қарай ығыстырады.
Қанмен қамтамасыз етілуі: еріннің жоғарғы және төменгі артериясы, aa.labiales superior et inferior, мен иектік артерия,a.mentalis, арқылы.
8.Үлкен бетсүйектік бұлшықет,m.zygomaticus major ол бетсуйектің сыртқы бетінен басталады. Бұлшықеттің талшықтары ауыздың езуінің маңындағы теріге және ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттің талшықтарын құрауға қатысады.
9.Кіші бетсүйектік бұлшықет, m.zygomaticus minor, ол бетсүйектің алдыңғы бетінен басталып ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықетіне ұласады.
10.Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықет,m.levator labii superioris, ол көз шарасының төменгі жиегінен басталып, ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттеріне ұласады.
11.Жоғарғы ерін мен мұрынның танауын көтеретін бұлшықет,mm.levator labii superioris et alaegue nasi, ол жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық өсіндісінің негізінен басталып, бір бөлігі жоғарғы еріннің шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттің талшықтарына ұласса, екінші бөлігі мұрын танауының терісімен бітісе жалғасады.
Қызметі: жоғарғы ерінді көтерумен қатар,мұрынның танауын керіп, жоғары қарай көтереді
Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы және төменгі ерідік артериялар,aa.labiales superior et inferior мен ұрттың артериясы,a.buccalis арқылы.
12.Ауыздың езуін көтеретін бұшықет,m.levator angulus oris, ол кө шарасының төменгі жиегінен және оның тесігінен,foramen infraorbitalis, басталып, езудің терісі мен ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықет талшықтарына ұласады.
Қызметі:Ауыздың езуін жоғары көтеріп, латеральды бағытта тарту.
Қанмен қамтамасызетілуі:көз шарасының төменгі артериясы мен ұрттық артериялар,aa.infraorbitalis et buccalis, арқылы.
13.Ұрт бұлшықеті,m.buccalis, ол төменгі жақсүйегінің ұрттық қырқасынан,crista buccinatoria, және жоғарғы жақсүйегінің аз тістер маңындағы доға тәрізденген сызықшасынан және сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің ілмегі мен төменгі жақсүйегі аралығындағы фиброздық тігістен, raphe pterygomandibularis басталып, ауыз қуысының шырышты қабықшасы мен жоғарғы ерін мен төменгі еріннің шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттеріне ұласады.
Қызметі: езуді сыртқа қарай тартып, еріндерді тістермен жанастырып еріндерді кереді.
Қанмен қамтамасыз етілуі: ұрт артериясы,a.buccalis арқылы.
14.Күлкі бұлшықеті,m.risorius тұрақсыз.Ол шайнау бұлшықетінің фасциялық қабықшасынан және мұрын мен еріннің терілік қатпардан басталып, еріннің езуінің маңындағы теріге барып бекиді.
Қызметі: езуді көтеріп, сыртқа қарай тарту.
Қанмен қамтамасыз етілуі: Бет артериясы,a.facialis, беттің көлденең артериясы,a.transversa faciei арқылы.
15.Езуді төмен түсіруші бұлшықет,m.depressor anguli oris, ол төменгі жақ сүйегінің бетінен, иектік тесіктен төменірек жерден басталып, ауыз езуінің маңындағы теріге бекісе, біраз бұлшықет талшықтары езуді көтеретін бұлшықеттің талшықтарына ұласады.
Қызметі:езуді төмен түсіріп, артқа қарай тарту
Қанмен қамтамасыз етілуі: төменгі еріндік артерия,a.labialis inferior, мен иектік және төменгі иектік артериялары,aa.mentalis et submentalis, арқылы.
16.Ерінді төмен түсіруші бұлшықет,m.depressor labii inferioris, ол төменгі жақ сүйегі денесінің сыртқы бетінен және иектік тесіктің алдыңғы қатарынан басталып, төменгі иек пен еріннің терісіне барып бекиді.
Қызметі: төменгі ерінді төмен қарай тарту
Қанмен қамтамасыз етілуі: төменгі еріндік артерия,a.labialis inferior, мен иектік және төменгі иектік артериялары,aa.mentalis et submentalis, арқылы.
17.Иектік бұлшықет,m.mentalis, ол төменгі жақ сүйегінің күрек тістерінің маңындағы альвеолярлық көтеріңкілерінен басталып, иектің терісіне барып бекиді.
Қызметі: төменгі ерінді сыртқа қарай айналдырып, иекті жоғары көтеру.
Қанмен қамтамасыз етілуі: төменгі еріндік артерия,a.labialis inferior, мен иектік артерия,a.mentalis, арқылы.
18.Иектің көлденең бұлшықеті,m.transversus menti, тұрақсыз шағын келген бұлшықет. Көлденең бағытта орналасып, езуді төмен тартатын бұлшықеттің тікелей жалғасы болып саналады.
19. Мұрын бұлшықеті,m.nasalis, ол жоғарғы жақ сүйегінің ит тіс пен латеральды күректістік көтеріңкілерден басталып, бұлшықет талшықтары : сыртқы және ішкі бөліктерге бөлінеді.
а)Сыртқы немесе көлденең бөлігі,pars transversa, мұрын қырының апоневроз тканына ұласады
ә)Ішкі нмесе танаулық бөлігі,pars alaris, танаудың шеміршектік бөлігіне барып бекиді.
Қызметі:танаудың тесігін тарылту.
Қанмен қамтамасыз етілуі:жоғарғы еріндік артерия,a.labialis superior, арқылы.
20.Мұрынның аралық қабырғасын төмен тартушы бұлшықет,m.depressor septi nasi, ол жоғарғы жақ сүйегінің альвеолярлық медиальдыкүрек тістік өсінділерінен және осы маңға орналасқан ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттік талшықтарынан басталып, мұрын қуысының аралық қабырғаларының шеміршектік бөлігінің алдыңғы қапталына барып бекиді
Қызметі:мұрын қуысының аралық қабырғасын төмен қарай тарту.
Нервтендірілуі:Бет нерві,n.facialis, арқылы.
Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы еріндік артерия, a.labialis superior, арқылы.
6.Мойынның ортанғы топ тіласты сүйегінің үстіндегі бұлшықеттердің құрылысы мен қызметі.
Адамның мойын бөлігі жоғарғы жағынан жақпен, төменгі жағынан бұғана және төс тұтқасымен шектеледі. Мойынның еттері шайнау, ымдау, тыныс алу, жұтыну, сөйлеу, т.б. қозғалыстарын жүргізеді. Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөледі. Соңғы тобы арқа еттерінің жалғасы болып табылады және олар арқа еттерімен бірге өтеді. Мойынның бүйір еттері жатқан жағдайына қарай беткей және терең еттер деп екіге бөледі. Мойынның беткей еттеріне төс-бұғана-емізікше еті мен теріасты мойынның беткей жатқан еттері жатады.
1. Теріасты ет (подкожная мышца) – қалдық ет болып саналады. Бұл ет сүтқоректілерде жақсы жетілген. Олардың терісінің астында бүкіл денесін жауып жатады, ал адамда теріасты мойынның екі бүйір бөлігін ғана жауып жатқан жұқа ет. Ол көкірек клеткасынан жоғары қарай көтеріліп, жақтың төменгі жиегіне бекиді. Бұл ет жиырылған кезде езуді төмен тартады.
2. Төс-бұғана емізікше еті (грудино-ключично-сосцевидная мышца) – мойынның алдыңғы бүйір бөлігінде орналасқан екібасты ет. Оның бір басы бұғанадан, екінші басы төстен басталып самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекиді. Бұл еттің екі жағы бірдей жиырылған кезде басты мойынмен бірге алға қарай иеді. Бір жағына жиырылса, басты қарама-қарсы жағына бұрып, мойынды өз жағына иеді.
Мойын еттерінің алдыңғы тобы - тіласты сүйегінің үстіңгі және астыңғы еттері деп - екіге бөлінеді. Тіласты сүйегінің үстіңгі тобы ауыз қуысының төменгі тобын түзеді. Оларға жақ-тіласты, иек-тіласты, қос қарыншалы, біз-тіласты еттері жатады.1. Жақ-тіласты еті (челюстно-подьязычная мышца) - шаршы келген жалпақ ет, ауыз қуысының түбін түзеді. Жақ сүйегінен басталып тіласты сүйегін жоғары қарай қозғайды, не керісінше жақты төмен түсіреді.2. Иек-тіласты еті (подбородочно-подязычная мышца)- иектен басталып тіласты сүйегіне бекиді.3. Қосқарыншалы ет (двубоюшная мышца)- атына сәйкес қос қарыншалы келеді. Көлденең бағытта жатады. Артқы қарыншасы арқылы самай сүйегінің емізікше өсіндісінен басталып, алдыңғы қарыншасы мен тіласты сүйегіне бекиді.4. Біз-тіласты еті (шило-подьязычная мышца) - самай сүйегінің біз өсіндісінен басталып, тіласты сүйегіне тіркеледі. Тіласты сүйегінің үстіңгі жағында жатқан еттер жақты төмен түсіру жұмыстарын атқарады немесе жақ қимылсыз тұрған жағдайда, керісінше тіласты сүйегін көмекеймен бірге көтереді. Бұл жағдайда сөйлеу мен шайнау процестеріне қатысады.Тіласты сүйегінің астыңғы жағындағы бұлшық еттерге төс-тіл, төс-қалқан, қалқан-тіласты, жауырын-тіласты еттері жатады.1. Төс-тіласты еті (грудино-подьязычная мышца) – төс тұтқасы мен бұғананың іш жақ бөлігінен басталып, көмекейдің алдынан өтіп, тіласты сүйегінің денесіне жалғасады.2. Төс-қалқан еті (грудино-щитовидная мышца) – төс тұтқасынан басталып, қалқанша шеміршекке бекиді.3. Қалқан-тіласты еті (щито-подьязычная мышца) – қалқанша шеміршегінен басталып тіласты сүйектің мүйізіне бекиді.4. Жауырын-тіласты еті (лопаточная-подьязычная мышца)- жауырынның жоғарғы жиегінен басталып, тіласты сүйегіне жалғасады. екі қарны бар, төменгі қарны трапеция тәрізді бұлшық еттің астында жатады.Мойынның тіласты сүйегінің астында орналасқан еттердің қатысуымен көмекейдегі дыбыс шығару (сөйлеу), жұтыну қызметтері атқарылады.Мойынның терең еттерінің бүйір тобына алдыңғы, ортаңғы және артқы сатылы еттері, ал ортаңғы тобына бастың, мойынның тік еттері мен бастың және мойынның ұзын еттері жатады.Мойынның алдыңғы, ортаңғы және артқы сатылы бұлшық еттері мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінен басталып, І-ІІ қабырғаларға бекиді. Бұлар бір жағынан жиырылса сол жағына қарай мойынды иеді. Соынмен бірге қатты тыныс алғанда, жүргенде, жүк көтергенде қабырғаны көтеріп демді ішке алуға қатысады.Мойынның алдыңғы терең тобына бастың және мойынның тік еттері мен ұзын бұлшық еттері жатады. Бұлар шүйде сүйегінен басталып көкірек омыртқаларының көлденең өсінділеріне тіркеледі. Қалған қысқа тік еттері ауыз омыртқа мен шүйде аралығында орналасқан. Бұл бұлшық еттер жиырылғанда мойын омыртқаларын, басты алға иеді. Сондықтан желке еттерінің антогонистері болып табылады.8.Мойынның терең топ бұлшықеттерінің құрылысы мен қызметі.
9.Кеуденің терең топ бұлшықеттерінің құрылысы мен қызметі.
10.Кеуденің беткей топ бұлшықеттерінің құрылысы мен қызметі.
11.Іштің алдыңғы топ бұлшықеттерінің құрылысы мен қызметі
12.Іштің бүйір топ бұлшықеттерінің құрылысы мен қызметі
13.Іштің артқы топ бұлшықеттерінің құрылысы мен қызметі
14.Мидың дамуы.
15.Үшкіл нервтің бірінші тармағы таралу аймақтары, жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары, қызметі.
16.Сопақша ми құрылысы, қызметі.
Жауабы: Сопақша ми, medulla oblongata, артқы ми көпіршігінің немесе ромбтәрізді мидың, rhombencephalon, туындысы. Сопақша ми буылтық түріндегі жұлынның краниалді бағыттағы жалғасы, ми буылтығы, bulbus medullaris, атауын алуы сол себепті. Сопақша мидың ең жуандаған бөлігін сопақша ми буылтығы, bulbus medullae oblongatae, деп атайды. Сопақша ми конус пішінді, артынан кішкене жалпайған және алдыңғы бөлімдерінде дөңгеленген беттері бар. Оның жіңішке шеті жұлынға, жоғарғы кеңейген шеті көпір мен мишыққа бағытталған. Сопақша ми мен жүлынның арасындағы шекара бірінші мойын нервтің жоғарғы түбіршігінің шығу жері немесе пирамидалар қиылысының, decussatio pyramidum, төменгі деңгейі. Сопақша ми көпірден алдыңгы бетінде көлденең жүретін жүлге арқылы бөлінеді, жүлгеден ми бетіне әкететін нерв n.abducens шығады. Сопақша мидың бойлық көлемі - 3 см, көлденеңі орташа - 1,5 см алдыңғы - арткы 1 см-дей. Сопақша ми озінің алдыңғы, вентралді бетімен ылдидың төменгі учаскесінде жатып, үлкен тесігіне дейін жетеді. Сопақша мидың алдыңғы, вентралді бетінде алдыңғы орталық саңылау, fissura mediana anterior, өтеді, ол жұлынның аттас саңылауының жалғасы. Бұл саңылау жоғары бағытталып, кішкене ұңғыл - соқыр тесікпен аяқталады. Соқыр тесік сопақша миды көпірден шектейтін жоғарыда аталған көлденең жүлгеде орналасады. Алдыңғы орталык саңылау бірінші жұп мойын нервтері түбіршіктерінің будалары шығатын деңгейде кішкене үзіліп, пирамидалар қиылысынан, decussatio pyramidum, түзілген беткей саңылау түрінде. Сопақша мидың көлденең кесіндісінде әрбір пирамиданың будалар жиынтығынан түратынын ажыратуға болады, олар оң және сол пирамидаларда өзара жартылай қиылысып, пирамидалар қиылысын, decussatio pyramidum, түзеді. Кейін олар жұлынның латералді жіпше жүйесіне, funiculis spinalis lateralis, латералді қыртыс - жүлын жолы, tractus corticospinalis lateralis, түрінде жүреді. Будалардың қалған кішкене бөлігі қиылысқа қатыспай жұлынның алдыңғы жіпше жүйесіне, funiculus spinalis anterior, алдыңғы кыртыс-жұлын жолы, tractus corticospinalis anterior, түрінде жалғасады. Осы аталмыш екі жолды пирамидалы жолға біріктіреді. Сопақша ми пирамидаларынан тысқары сопақша-дөңгелек пішінді томпақ, төменгі олива, oliva inferior, орналасады, ол бүйір жіпшенің алдыңғы бетінде шығып тұрады. Оливаны пирамидадан жұлынның аттас жүлгесінің жалғасы алдыңғы латералді жүлгесі, sulcus lateralis anterior, бөледі. Бұл жүлге жүлыннан сопақша миға өткенде көлденең жүретін сыртқы доғатәрізді талшықтармен, fibrae arcuatae externae, тегістеледі, талшықтар оливаның төменгі жиегінде орналасып, пирамидаға бағытталады. Алдыңғы латералді жүлге тереңінен сопақша мидың бетіне тіласты нервтің, n. hypoglossus, 6-10 түбіршіктері шығады. Оливалар аркылы өткізілген көлденең кесіндісінде оливаларда нерв талшықтарымен бірге сұр зат тобын ажыратады, олардың көп бөлігі қатпар пішінді - төменгі оливалық ядросы, nucleus olivaris; оның олива-мишық жолымен, tractus olivocerebellaris, толтырылған төменгі оливалык ядро қақпағы, hilus nuclei olivaris, бар, және кішкене көлемді ядроларының біреуі ішке еніп, медиалді қосымша оливалық ядроны, nucleus olivaris accessorius medialis, басқасы-артта жатып, дорсалді қосымша оливалык ядроны, nucleus olivaris асcessorius dorsalis, түзеді. Сопақша мидың артқы, дорсалді бетінде артқы орталык жүлге, sulcus medianus posterior, орналасады, ол жоғары бағытталып, ми табақшасына, ысырма, obex, жетеді. Ми табақшасы, tuberculum nuclei gracilis арасында тартылып, төртінші карынша куысы төбесінің бөлігін құайды. Жүлынның орталық өзегі қуысы ысырманың астында төртінші қарынша қуысына жалғасады. Артқы орталық жүлгеден тысқары екі жүлге отеді; біреуі орталық жүлгеге жақын-артқы аралық жүлге, басқасы латералді-артқы латералді жүлге, sulcus lateralis posterior. Артқы латералді жүлге тереңінен 4-5 мөлшерінде тіл-жүтқыншак нервтің, n. glossopharyrigeus, түбіршіктері, 12-16 мөлшерінде кезбе нервтің, n. vagus, түбіршіктері, 3-6 мөлшерінде косымша нервтің церебралді болігінің, pars cerebellalis n. accessorii, түбіршіктері сопақша ми бетіне шығады. Артқы орталық және артқы латералді жүлгелер жұлыннықң аттас будаларының жалғасы саналатын артқы жіпшені, funiculus posterior, шектейді. Артқы аралық жүлге артқы жіпшені екі будаға бөледі, біреуі артқы аралық жүлге мен артқы орталық жүлге арасында жіңішке буда, fasciculus gracilis, ол жоғарыда томпаққа - жіңішке ядро төмпешігіне, tuberculum nuclei gracilis, жалғасады, басқасы - артқы аралық жүлге мен артқы латералді жүлге арасында - сынатәрізді буда, fasciculus cuneatus, ол да жоғарыда нашар айқындалған сынатәрізді ядро томпешігіне, tuberculum nuclei cuneati, жалғасады. Аталған осы томпақтарда сұр зат жиынтығы бар: жіңішке ядро төмпешігінде жіңішке ядро, nucleus gracilis, сынатәрізді төмпешікте - сынатәрізді ядро, nucleus cuneatus. Осы ядролар жасушаларында артқы жіпшенің сәйкес будалар талшықтары аяқталады. Артқы латералді жүлгенің жоғарғы шетінде, тіл-жүтқыншак нерв түбіршіктерінің үстінде, артқы және латералді жіпшелер жалғасы түрінде жартылай дөңгелек пішінді буылтық-мишықтың төменгі аяқшасы, pedinculus cerebellaris inferior, орналасады. Оң және сол мишықтын төменгі аяқшалары ромбтәрізді, fossa rhomboidea, шұңқырды латералді және дорсалді шектейді. Әрбір мишықтың төменгі аяқшаларының құрамына латералді үлкен және медиалді кіші бөліктерді түзетін откізгіш жүйе талшықтары кіреді.
17.Соңғы ми медиалды беті жүлгелері мен қатпарлары.
18.Соңғы ми латералды беті жүлгелері мен қатпарлары.
19.Үшкіл нервтің екінші тармағы таралу аймақтары, жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары, қызметі.
20.Үшкіл нервтің үшінші тармағы таралу аймақтары, жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары, қызметі.
21.Ми қабықтары құрылысы, қызметі.
22.Бас сүйек 12 жұп нервтері жіктелуі. Қазақша-латынша атауларын көрсете отырып жазыңыз.
23.Асқазан: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Асқазан - gaster асқорыту жолының қалта тәрізді кеңейген жері.Қарында өңеш арқылы өткен тамақ жиналып, асқорытудың бірінші сатылары өтеді, тамақтың қатты бөліктері сұйық немесе ботқа тәрізді қоспаға айналады.
Топографиясы. Қарын,epigastrium-дe орналасады. Қарынның көп бөлігі 5/6 жуығы ортаңғы жазықтықтан солға қарай жатады; қарынның үлкен қысықтығы толған кезде regio umdilregions-ке проекцияланады. Асқазан ұзыннан төмен, солдан оңға, арттан алға қарай бағытталған. Омыртқа бағанасының сол жағында VII сол жақ қабырға шеміршегінің артында , төстің жиегінен2,5-3 см қашықтықта орналасқан.
Құрылысы. Қабырғасы 3 қабықтан тұрады.
1.tunica mucosa-шырышастылық негізі.
2. tunica muscularis-бұлшықетті қабық.
3. Tunica serosa- серозды қабық.
Tunica mucosa қарынның негізгі қызметі-қышқыл ортада асты химиялық өңдеуге сәйкес құрылған. Шырышты қабықта асқазан сөлын өндіретін арнаулы асқазан бездері орналасады, асқазан сөлінде тұз қышқылы болады. Тunica muscularis астың араласып, жылжуына көмегін тигізетін миоциттерден, бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Асқазан қабырғасының ең сыртқы қабаты ішастардың бөлігі болып табылатын серозды қабықтан ,tunica serosa түзіледі.
Асқазанның қанмен қамтамасыз етілуі.Асқазанның кіші иінін сол асқазан артериясы, a.gastrica sinistra, (құрсақ сабауының тармағы), мен оң асқазан артериясы, a.gastrica dextra, (меншікті бауыр артериясының тармағы); үлкен иінін оң асқазан-шарбы артериясы, a.gastroepiploica dextra, (асқазан он екі елі ішек артериясының тармағы), және сол асқазан-шарбы артериясы, a.gastroepiploica sinistra, асқазан түбін- қысқа асқазан артериялары, aa.gastricae breves, (екеуі де көкбауыр артериясының тармақтары) қанмен қамтамасыз етеді.Асқазанның кіші және үлкен иіндері тұсында асқазан және асқазан-шарбы артериялары өзара анастомоз құрып, асқазан айналасында артериялық сақина түзеді, одан асқазан қабырғасына көптеген тармақтар тарайды.
Асқазанның нервтенуі (асқазан өрімін plexus gastricus, қалыптастыруда) кезбе және симпатикалық нервтермен жүреді.Алдыңғы кезбе сабауы асқазанның алдыңғы қабырғасында, артқы кезбе сабауы-асқазанның артқы қабырғасында тармақталады.Асқазанға симпатикалық талшықтар құрсақ сабауынан келеді.
24.Он екі елі ішек: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Он екі елі ішек, duodenum, ұйқы бездің басын таға тәрізді айналып жатады. 4 негізгі бөлімді айырады:
1)pars superior.
2)pars descendens.
3)pars horizantalis.
4)pars ascendens түзеді.
Топографиясы. Он екі елі ішек өз иілімінің ішкі жағымен ұйқы бездің басымен бітісіп-өседі, оған қоса, pars superior бауырдың шаршы бөлігімен,pars descendens –оң жақ бүйрекпен жанасады, pars horizantalis a және v.mezentericae superiors алдынан және aorta мен v.cava inferior арасында артынан өтеді. Duodenum-де шажырқай болмайды да, негізінен алдыңғы жағынан ішастармен жабылады.
Он екі елі ішектің қанмен қамтамасыз етілуі.Он екі елі ішекті алдыңғы және артқы жоғарғы ұйқыбез-он екі елі ішек артериялары, aa.pancreaticoduodenalis superiors anterior et posterior (асқазан-он екі елі ішек артериясының тармақтары) және төменгі ұйқыбез-он екі елі ішек артериясы, aa.pancreaticoduodenalis inferior (жоғарғы шажырқай артериясының тармағы)қанмен қамтамсыз етіліп, өзара анастомоз құрып, он екі елі ішектің қабырғасына он екі елі ішек тармақтарын rr.duodenales береді.
Он екі елі ішекте кезбе нервтің және асқазан, бауыр және жоғарғы шажырқай өрімдерінің тік тармақтары нервтендіреді.
25.Аш ішек пен мықын ішектер: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Жіңішке ішек,intestinum tenue,үш бөлімге бөлінеді:
1. Duodenum-он екі елі ішек
2.Jejunum-аш ішек
3.Ileum-мықын ішек.
Жіңішке ішектің ұзындығы 2,7 м-ден аспайды. Бұл ішекте ас механикалық және сілтілік реакция жағдайында одан әрі химиялық өңдеуден өтіп, сіңіріледі.
Аш ішек пен мықын ішекті,intestinum tenue mesenteriale деген жалпы атпен біріктіреді, өйткені бүкіл бұл бөлім duodenum-нен өзгеше ішастармен жабылып, шажырқай арқылы артқы құрсақ қабырғасына бекиді. Аш ішек пен мықын ішек арасында айқын шекара болмаса да, екі бөлімнің де типтік бөліктерінің жоғарғы бөлігі мен төменгі бөлігі айқын байқалатын өзгешеліктері бар: аш ішек диаметрі үлкендеу, қабырғасы қалыңдау, қан тамырлары мол.
Құрылысы. Аш ішек шырышты қабықшасы, tunica mucosa, оны жауып тұратын көптеген ішек бүрлерінен,villi intestinales күңгірт барқыт тәрізді көрінеді. Бүрлер-ұзындығы шамамен 1мм, шырышты қабықшаның өсінділері, шырышты қабықша тәрізді цилиндрлі эпителиймен жабылған және центрінде лимфалық синусы мен қан капиллярлары болады. Бүрлердің қызметі-өт,ұйқы безі, ішек бездері бөлетін сөлдердің әсерін алған қоректік заттарды сіңіру, бұл кезде көмірсулар мен белоктарын вена тамырлары , ал майларды лимфа тамырлары сіңіреді. Бүрлер аш ішекте көп болады, ол жерде олар жұқалау және ұзындау. Бұлшықет қабықшасы,tunica muscularis, жіңішке ішектің түтікшелі пішініне сәйкес миоциттердің екі қабатынан тұрады:сыртқы- бойлық, ішкі-циркулярлы қабат. Циркулярлы қабат жақсы дамыған. Серозды қабықша,tunica serosa, аш ішекті жан-жағынан қаусыра, арт жағынан, шажырқайдың екң жапырақшасы енсіз жолақ қалдырады, екі шажырқай арасымен ішекке нервтер, қантамырлар, лимфа тамырлары келеді.
Аш ішек пен мықын ішектің қанмен қамтамасыз етілуі.Жіңішке ішектің шажырқайлы бөлігі жоғарғы шажырқайлық артерияның тармақтары, 15-20 жіңішке ішек артерияларымен, aa.intestinales, қанмен қамтамасыз етіледі. Нервтенуі кезбе нервтің тармақтары мен жоғарғы шажырқайлық өріммен (симпатикалық нервтер жүреді).
26.Жуан ішек: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Жуан ішек, intestinum crassum,жіңішке ішектің шетінен артқы тесікке дейін созылып, мынадай бөліктерге бөлінеді:
1.Caecum-құрт тәрізді өсінді.
2.Colon ascendens-жоғарылаған ішек.
3. Colon transversum-көлденең ішек.
4.Colon descendens-төмендеген ішек.
5.Colon sigmoideum-сигма тәрізді.
6.Rectum-тік ішек.
Жуан ішектің жалпы ұзындығы 1,0 мен 1,5 метр аралығында өзгеріп отырады.Сaecum аймағындағы ені 7 см-ге жетеді. Жуан ішектің жіңішке ішектен ерекшелігі:1.еркше таспалардың болуы,teniae coli, 2. өзіне тән қампайған жерлерінің болуы,haustra coli, 3.майы бар сероз қабықшасы өсінділерінің болуы,appendices epiploicae.
Жуан ішектің шірішты қабықшасында сіңіру процесінің әлсіреуіне байланысты бүрлер болмайды да,сондқтан ол аш ішектіңшырышты қабықшасынан өзгеше тегіс болып келеді. Аш ішектегі дөңгелек қатпарлар тоқ ішекте жеке бөліктергеб бөлініп, тек шырышты қабықшадан ғана емес, қабырғаның басқа қабаттарынан да тұратын жарты ай тәрізді қатпарларға айналады. Бұлшықет қабыға екі қабаттан тұрады:сыртқы-бойлық, ішкі-циркулярлы қабат. Ішкі –циркулярлы, тарылтатын қабат қана тұтас, ол тығыз нәжіс бөліктерін жылжыту қажеттігіне байланысты қалыңдайды.Кеңейтетін бойлық бұлшықет жуан ішекте жоғарыда сипатталған үш teniae-ге бөлінеді. Өйткені саңылаудың кеңеюін нәжіс бөліктерінің қысымы жеңілдетеді.
Жуан ішектің қанмен қамтамасыз етілуі.Жиек ішекті жоғарғы шажырқайлық артерияның тармақтары a.mesenterica superior, жоғарылаған жиек ішекті –оң жиектік артерия, a.colica dextra, көлденең жиек ішекті-ортаңғы жиектік артерия, a.colica media, және төменгі шажырқайлық артерияның a.mesenterica inferior тармақтары:төмендеген жиек ішекті –сол жиектік артерия, a.colica sinistra, сигматәрізді жиек ішекті-сигматәрізді артерия, a.sigmoidea,қанмен қамтамасыз етеді.
Жиек ішек кезбе нервтің тармақтары (сигматәрізді жиек ішек –ішкі мүшелік бел нервтері) мен жоғарғы және төменгі шажырқайлық өрімнің симпатикалық нервтерімен нервтендіріледі.
27.Бауыр: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Бауыр,hepar, көлемді безді мүше болып табылады(массасы 1500г жуық). Бауырдың қызметі әралуан. Ол ең алдымен шығару өзегі арқылы он екі елі ішекке келетін өт жасап шығаратын үлкен асқорыту безі болып табылады. Оған бөгеу,тазарту қызметі тән: қанмен бауырға келетін белок алмасудың улы өнімдері бауырда нейтралданады. Бауыр зат алмасудығ барлық түріне қатысады. Ішектің шырышты кабығы сіңіріп алатын көмірсулар бауырда гликогенге айналады.
Бауыр тікелей көкеттің астында құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің оң жағында орналасқан,сондықтан оның кішкене бөлігі ғана ересек адамда ортаңғы сызықтан сол жаққа қарай өтеді. Жаңа туған нісетеде бауыр құрсақ қуысының көп бөлігін алып, бүкіл дене салмағының 1/20 бөлігін құрайды. Бауырда екі бет:алдыңғы-жоғарғы және төменгі беті,екі жиек:төменгі және жоғарғы-артқы жиек ажыратылады. Бауырда екі бөлікті ажыратады:оң жақ бөлік,lobus hepatus dexter, кішілеу сол жақтық бөлік, lobus hepatus sinister, бұлар көкеттік бетте бір-бірінен орақ пішінді байламымен бөлінген. Бауыр беттерімен түйісетін мүшлер онда жанасушы мүше деп аталатын батыңқы- ойыстар түзеді. Бауырдың көп бөлігі ішастармен жабылған.
Құрылысы.Бауырдың сероз қабығының астында жұқа фиброзды қабықша,tunica fibrosa, жатады. Ол бауыр қақпалары аймағында тамырлармен бірге бауыр затына еніп, бауыр бөліктерін қоршайтын жұқа дәнекер тін қабатына айнала созылады. Адамда бауыр бөліктері бір-бірінен нашар бөлінген.
Бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі.Бауыр қақпасына меншікті бауыр артериясы, a.hepatica propria, мен қақпа венасы v.porta, кіреді.Бауырдың ішінде меншікті бауыр артериясы мен қақпа венасы үлесшеаралық артериялар мен үлесшеаралық веналарға тармақталады.Бұл артериялар мен веналар бауыр үлесшелерінің аралығында үлесшеаралық түтіктермен ductuli interlobulares, бірге орналасады.Үлесшеаралық веналардан үлесшенің ішіне жалпақ үлесшеаралық синусоидтық капилярлар тармақталып, олар бауыр табақшаларының аралығында орналасып, қақпалық венаға ашылады. Синусоидтық капилярлардың бастапқы бөліміне үлесшеаралық артериялардан тармақталатын артериялық капилярлар құйылады.Бауыр үлесшелерінің орталық веналары өзара бірігіп, үлесшеасты (жинаушы) веналарын, vv.sublabulares, түзеді.Соңғыларынан 2-3 ірі немесе бірнеше бауыр веналары түзіліп, төменгі қуыс венаға жүлгесі аймағында бауырдан шығып, төменгі қуыс венасына ашылады.
Бауыр кезбе нервпен және бауыр өрімімен (симпатикалық) нервтенеді.
28.Өкпелер: топографиясы, бөлімдері, құрылысы(құрылымдық-қызметтік бірлігі),қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Өкпе,pulmonesкеуде қуысында, жүрек пен үлкен тамырлардың жанында, омыртқа бағанасының алдыңғы бетінен, кеуде қабырғасының вртқы бетіне дейін созылатын көкірекаралықпен бір-бірінен бөлінетін өкпе қабында орналасады. Әр өкпе pulmo, бұрыс конус пішінді, төмен қараған негізі, basis pulmonis және дөнгелектенген ұшы, apex pulmonisдеп аталады. Ол алдыңғы жағында І қабырғадан 3-4 см жоғары немесе бұғанадан 2-3см жоғары тұрады, артқы жағында VII мойын омыртқасы денгейіне жетеді. Өкпе ұшфнда бұғана асты артериясының жүлгесі, sulcus subclavius, байқалады. Өкпенің үш бетін ажыратады: диафрагмалық беті, facies diaphragmatica, көкет дөңестігіне сәйкес келеді. Кең қабырғалық беті, facies costalis. Медиалды беті, facies medialis, көп жерінде жүрекқаптың ойысын сақтайды. Беттері жиектермен бөлінген: facies costalis пен facies diaphragmatica-ны бөлетін төменгі жиек, margo inferior, facies costalis пен facies medialis-ті бөлетін алдыңғы жиек, facies anterior деп аталады. Әр бір өкпенің медиалды бетінде ортасынан жоғары және артқа қарай өкпе қақпасы, hilum pulmonis, орналасады. Ол арқылы бронхтар, өкпе артериясы мен нервтері кіріп, өкпе веналары мен лимфа тамырлары өкпеден шығады, барығы қосылып өкпе түбірін, radix pulmonis, құрайды. Әр өкпе саңлаулар, fissure interlobares арқылыүлестерге, lobi, бөлінеді. Екі өкпеде де болатын бір қиғаш саңлау, fissure obliquа, жоғарыдан басталып, одан қиғаш көкеттік бетіне түсіп, өкпе затына тереңдей енеді. Ол әр өкпені жоғарғы және төменгі үлестен айырады. Оң өкпеде тағын бір горизанталды саңлау, fissura horizontalis орналасады. Сөйтіп оң өкпе үш үлес болады, lobi superior, medius et inferior. Сол өкпеде тек екі үлесті ажыратады: жоғарғы, lobus superior, төменгі үлес lobus inferior. Сол өкпенің алдыңғы жиегінің төменгі бөлігінде жүректік тілік, fissure cardiac pulmonis sinistri, жатады. Төменнен бұл тілік сол өкпенің тілшігі, lingula pulmonus sinistri-мен шектеледі.
Өкпе құрылысы:басты бронхтар, bronchus principalis, әрқайсысы өкпе қақпасына еніп үлестік бронхтарға, bronchi lobares. Үлестік бронхтар өкпе затына еніп сегменттерін желдететін сегменттік, bronchi segmentales деп аталатын ұсақ, үшінші бөліп шығарады. Бронхтар өз кезегінде дихотомдық жолмен одан да ұсақ 4-ші, 5-ші т.с.с., шамамен 10-11реттік соңғы және тынысалу бронхтарына дейін бөлінеді. Өкпе сегментері екінші үлесшелерден, lobuli pulmonis secundarii, тұрады. Әр бір үлесшелік бронх үлесшенің ішінде 16-18 жіңішке соңғы бронхшаларға, bronchioli terminalis-ке тармақталады. Сонғы бронхшалар дихотомдық жолмен тыныс алу бронхшаларына, bronchiolii respiratorii, ретіне бастама береді. Оларда альвеолар пайда болады. Тыныс алу бронхшалары көпіршіктер қапшаларымен, sacculi alveolares, aяқталатын көпіршіктер жолдары, ductuli alveolares, радиалды шығады.
Өкпенің қызметтері. Негізгі қызметі-газ алмасу қанды оттегімен байытып, одан көмірқышқыл газын бөліп әкету.
Өкпенің қан айналымы. Веналық қан өкпе артериясы тармақтары арқылы ағып келеді, олардың әрқайсысы тиісті өкпе қақпасына кіріп, бронхтардың тармақталуына сәйкес бөлінеді. Өкпенің ең ұсақ артериялық тармақтары альвеолаларды шырмайтын капиляр торын құрайды.
Артериялық қан өкпеге rr.bronchiales арқылы қолқадан aa.intercostales posteriors-тен және a.subclavia-дан келеді. Олар бронхтар қабырғасы мен өкпе тінін қоректендіреді.
29.Ұйқы безі: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Ұйқы безі, pancres, асқазан артындаregio epigastrica-да артқы іш қабырғасында жатады, сол бөлігімен сол жақ қабырға астына еніп тұарды. Артқы жағынан төменгі қуыс венаға, сол жақ бүйрек венасы мен қолқаға жанасып жатады. Ұйқы безінің басы- caput pancreatic, ілмек тәрізді өсіндісі, processus uncinatus және денесімен, corpus pancreatis, құйрық cauda pancreatic деп бөлінеді. Бездің басы он екі елі ішекпен қапталып, І бел омыртқа мен ІІ бел омыртқаның жоғарғы бөлігі денгейінде орналасады. Онда денемен шекарасында терең тілік, incisura pancreatic. Алдыңғы беті, facies anterior, ойыс және асқазанға жанасып жатады. Артқы беті, facies posterior, артқы ішкі қабырғасына қараған. Төменгі беті, facies inferior, төмен және сәл алға қарайды. Үш беті үш жиекпен бөлінген: margo superior, anterior et inferior. Бездің жалпы ұзындығы 12-15см. Ұйқыбез түтігі, ductus pancreaticus тік бұрышпен дерлік кео\ліп құятын көптеген тармақатра қабылдайды.
Құрылысы.Құрылысы жағынан күрделі альвеолалық без. Екі құрам бөлігін ажыратады: бездің негізгі массасының сыртқы секреттік қызметі бар, ол секретін шығару түтігі арқылы он екі елі ішекке қарай бөледі; бездің аздау бөлігі- ұйқы без аралшықтары, insulae pancreaticae, деп аталатын түрінде эндокриндік түзілістерге жатады, олар қандағы қант мөлшерін реттейтін инсулинді бөліп шығарады.
Жүйкеленуі:plexus coeliacus et n. vagus.
Қанмен қамтамассыз етілуі:a.pancreaticoduodenalis superior (a.gastroduodenalis-тан), a.pancreaticoduodenalis inferior (a.mesenterica superior-дан) , және rr. pancreatici (a.lienalis-тен).
30.Кеңірдек және басты бронхылар: топографиясы, құрылысы, бронхтық ағаш. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Жауабы: Кеңірдек(trachea)іші қуыс,ауаны өкпегеөткізіп,ұзындығы орташа есеппен 9-11см,көлденеңі 15-18мм-дей түтік тәрізді мүше.Ол көмейдің тікелей жалғасы,6мойын омыртқасның төменгі жиегінен басталып,4кеуде омыртқаның тұсында айырылып,bifurcation traheaе,оң және сол бронхтарғ абөлінеді.
Кеңірдек топографиясы. Топографиялық орналасуына қараймойындырық және кеуделік бөліктерге бөлінеді. Кеңірдектің мойындырық бөлігінің, parscervicalis,алдыңғы беті қалқанша безбен, glandulatryoidea, және тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттер меншектелген, бүйір беті жалпы ұйқы артериямен a.carotiscommunis, ішкі мойындырық венамен,v jugularis interna,және кезбе нервпен,n.vagus, артқы беті оңешпен,esephagus шектелген.
Кеңірдектің кеуделік бөлігінің,pars thoracica,алдыңғы беті қолқа доғасымен, arcusaortae, айырша безбен, thymus, артқы беті өңештің кеуделік бөлігімен,бүйірқапталы оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектеледі.
Кеңірдек құрылысы. Кеңірдектің қабырғасы талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар,ligg.annularia, арқылы өзара байланысқан 16-20-дай жарылай сақиналы шеміршектерден тұрады.Кеңірдек шеміршектерінің артқы беті жалпақтау келген жарғақтар, pars membranaceus,арқылы байланысқан. Кеңірдектің ішкі беті ,шырышты қабық шырышты бездер, glltracheales,ми лимфа түйіндеріне өте бай,кірпікшелі эпителимен қапталған. Сыртқы беті дәнекертінмен, tunicaadventita көмкерілген.
Кеңірдек төменгі қалқанша артериясының, a thiyroidea inferior,ішкі кеуде артериясының, a thiyroidea interna, және кеуделік қолқаның, aorta thoracicae ,кеңірдектің тармақтарымен, rr.tracheales, қандандырылады.
Бронхтар
Кеңірдектің кеуделік бөлігі 5-ші кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында оң және сол басты бронхтарға, bronchiprincipales,бөлінеді.
Оң басты бронх, bronchus principalis dexter, кеңірдектің тікелей жалғасы болғандықтан, тіктеу, өту жолы кең және қысқа, 6-8 жартылай сақиналы, шеміршектерден тұрады.Оң басты бронхтың ұзындығы шамамен 3см-дей.
Сол басты бронх, bronchus principalis sinister, оң басты бронхыға қарағанда бұрыш құрап, ұзындау және жіңішкелеу келіп, 9-12сақиналы шеміршектерден тұрады.
Оң басты бронх доға тәрізді иіліп, жоғарғы қуыс венаға, v.cavasuperior ,бағытталған сыңар венамен, v.azygos шектесіп,сол басты бронхтың жоғарғы беті қолқа доғасымен, arcus aortae, беттесіп орналақан. Шырышты қабығы сұрғылт түсті, кеңірдектің бөлінген ішкі бетінде еркін қозғалатын қыры,carina болады.
Өкпенің басты бронхтарынан бастап,bronchus principalis соңғы бронхшаларға дейінгі бронхтардың жиынтығы бронхиалды тармақ, arbor bronhialis (ағаш) деп аталынады. Қызметі: тыныс алу кезінде ауаны өткізу.
III-LEVEL
1.Жалпы және сыртқы ұйқы артериялары: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.
Жалпы ұйқы артериясы-a.carotis 3-ден 4-ші қолқа доғалары бойында вентралды қолқадан дамиды;оң жағында truncus brachiocephalicus- тен,сол жағында қолқа доғасынан шығады. Жалпы ұйқы артериялары кеңірдек және өңештің жағымен жоғары қарай жүреді.Оң жақ жалпы ұйқы артериясы сол жақтағыдан қысқалау,өйткені,сол жақ ұйқы артериясы екі-кеуде(қолқа доғасынан сол жақ төс-бұғана буынына дейін)және мойын бөлімдерінен,ал оң жақ ұйқы артериясы тек мойын бөлімінен тұрады.A.carotis communis,trigonum caroticum-ге өтіп,қалқанша шеміршек немесе тіласты сүйегі денесінің деңгейінде өзінің соңғы тармақтарына: a.carotis externa et a.carotis interna-ға бөлінеді.Қан ағуды тоқтату үшін жүзіктәрізді шеміршектің төменгі жиегі деңгейінде,жалпы ұйқы артериясын YI мойын омыртқасының tuberculum caroticum–ына батырып қысады.Кейде сыртқы және ішкі ұйқы артериялары ортақ сабаумен емес,жеке-жеке қолқадан шығады,бұл олардың қалай дамитындығын көрсетеді. A.carotis communis сабауының бүкіл ұзына бойынан оның қасында өтетін тамырлар мен нервтер үшін ұсақ тармақтар –vasa vasorum және vasa nervorum-дар кетеді,бұлар,мойында жанама қан айналымының дамуы үшін белгілі бір қызмет атқарады.
Сыртқы ұйқы артериясы-a.carotis externaбас пен мойынның сыртқы бөліктері қанмен қамтамасыз етеді.Сыртқы ұйқы артериясы басталған жерінен жоғары көтеріліп,m.digastricus-тің артқы қарыншасы мен m.stylohyoideus–тің артқы бөлігінің ішкі жағынан құлаққасы безін тесіп өтіп,төменгі жақ өсіндісінің мойында өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді.Олар алдыңғы,ортаңғы және артқы топтарға бөлінеді.
Алдыңғы топқа жататын артериялар,қамтамасыз ететін ағзалардың дамуы және орналасуына байланысты,желбезек доғаларының туындылары болып табылады,атап айтқанда:қалқанша без бен көмейдікі-a.thyroidea superior,тілдікі-a.lingualis,беттікі-a.facialis.
1. A.thyroidea superior-қалқанша бездің жоғарғы артериясы сыртқы ұйқы артериясының басталатын жерінен сәл жоғарыдан шығып,төмен және алдыға қарай жүріп,қалқанша безге келіп,сол жерде басқа қалқанша артерияларымен қосылады.
Жолында n.laryngeus superior–мен бірге lig.thyroideum –ды тесіп өтіп,тармақтарымен көмейдің бұлшықеттерін,байламдарын және шырышты қабығын қанмен қамтамасыз ететін a.laryngea superior-ді береді.
2. A.lingualis -тіл артериясы,тіласты сүйегінің үлкен мүйіздері деңгейінен шығып,m.hyoglossus-пен жабылған Пирогов үшбұрышы арқылы жоғары өтіп,тілге қарай келеді.оған енгенге дейін тіласты безіне тармақтар береді.Тілге енгеннен кейін тіл артериясының сабауы-a.profunda linguae деген атпен тілдің ұшына дейін созылып,жолында тіл арқасына көптеген тармақтар- rr.dorsales linguae береді.
3. A.facialis-бет артериясы,алдыңғы артериядан сәл биіктеу төменгі жақ бұрышы деңгейінен шығып, m.digastricus-тың артқы қарыншасынан ішке өтіп,m.masseter-дің алдыңғы жиегі тұсында,төменгі жақтың жиегінен иіліп бетке өтеді.Бұл жерде, m.masseter алдында,оны төменгі жаққа қарай қысуға болады(қан тоқтағанда).Одан әрі көздің медиалды бұрышына қарай жүріп,сол жерде ақырғы тармағы-a.angularis пен ішкі ұйқы артериясы жүйесінің тармағы a.ophtalmica–дан кететін a.dorsalis nasi- мен анастомоз құрады.Төменгі жақ арқылы иілгенге дейін жақын жатқан құрылымдарға:жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайға,таңдай бадамшаларына,төменгі жақасты безі мен ауыз көкетіне,сілекей бездеріне,иілгеннен кейін жоғарғы және төменгі еріндерге тармақтар береді.
Артқы топ.
4.A.occipitalis-шүйде артериясында ,processus mastoideus-тегі жүлге арқылы өтіп,желке аймағындағы тері астына келіп төбеге дейін тамақталады.өз жолында a.occipitalis бірқатар қоршаған бұлшықеттерге,құлақ қалқандарына,артқы бассүйек шұңқыры аймағындағы мидың қатты қабығына кішкене тармақтар береді.
5.A.auricularis posterior-құлақтың артқы артериясы,жоғары және артқы қарай жүріп,құлақ қалқаны артындағы теріге қарай өтеді.Оның тармақтары құлақ қалқанында,шүйде терісі мен бұлшықеттерінде,сондай-ақ дабыл қуысында(оған артерияның тармағы foramen stylomastoideum арқылы өтеді.)таралады.
6.A.sternocleidomastoidea,аттас бұлшықетке барады.
Ортаңғы топ артерия доғаларының қалдықтарынан тұрады.
7.A.pharyngea ascendens-жоғары көтерілетін жұтқыншақ артериясы,жоғары қарай оның қабырғасымен көтеріле жұтқыншақты,жұмсақ таңдайды,таңдай бадамшасымен,есту түтігін,дабыл қуысын және мидың қатты қабықшасын қанмен қамтамасыз етеді.
8.A.temporalis superficialis-самай беткей артериясы,сыртқы ұйқы артериясының екі соңғы тармақтарының бірі-a.carotis externa сабауының жалғасы ретінде самай бұлшықеті шандырында терінің астында сыртқы есту тесігінің алдынан самайға барады.Бұл жерде артерияны самай сүйегіне қысуға болады.Оның ақырғы тармақтары-ramus frontalis және ramus parietals ,шеке мен самай аймағында тармақталады.Ол жол-жөнекей құлаққасы безіне,құлақ қалқанының латералды беті мен сыртқы есту тесігіне тармақтар береді;тармақтардың бір бөлігі беттің артқы жағына,көздің сыртқы бұрышына-m.orbicularis oculi және бет сүйегіне барады.A.temporalis superficialis –ті де қанмен жабдықтайды.
9.A.maxillaries-жоғарғы жақсүйек артериясы,сыртқы ұйқы артериясының басқа бір соңғы тармағы болып табылады.тармақтарды зерттеу оңай болу үшін оның қысқа сабауын үш бөлімге бөледі:бірінші бөлім төменгі жақ мойнын орап өтеді,екінші бөлім m.pterygoideus lateralis–тің бетімен fossa infratemporalis –ке өтеді,үшінші бөлім-fossa pterygopalatina-ға өтеді.
Бірінші бөлімнің тармақтары жоғары қарай сыртқы есту тесігіне fissure pterygotympanica арқылы дабыл қуысына барады;мидың қатты қабықшасына foramen spinosum арқылы a.meningea media-ортаңғы менингеалдық артерия(ең ірі тармақ)өтеді және төмен қарай төменгі тістерге-a.alveolaris inferior- төменгі ұяшықтық артерия барады.Соңғы артерия төменгі жаққа canalis mandibulae арқылы өтеді.Өзекке енгенге дейін a.alveolaris inferior аттас бұлшықетке r.mylohyoideus береді,ал өзекте өзінің тармақтарымен төменгі тістерді қамтамасыз етіп,a.mentalis деген атпен foramen mentale арқылы шығып,иек терісі мен бұлшықеттерінде тармақталады.
Екінші бөлім тармақтары:ұрт бұлшықетіне және барлық шайнау тобы бұлшықеттеріне аттас артеирялар арқылы,сондай-ақ sinus maxillaries–тің шырышты қабығына және жоғарғы азу тістерге артқы жоғарғы ұяшықтық артериялары арқылы барады.
Үшінші бөлімнің тармақатары.1)a.infraotbitalis-көзұяасты артериясы,fissure orbitalis inferior арқылы көзұясына енеді,содан кейін canalis infraorbitalis арқылы жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетіне шығып,төменгі қабаққа,көз жасы қабына және төмен қарай жоғарғы ерін мен ұртқа тармақтар береі.Бұл жерде бет артериясы тармақтарымен қосылады,сондықтан a.maxillaries сабауында қан ағысы қиындағанда,қан оның бассейніне a.facialis арқылы келеді.Көзұясының өзінде-ақ a.infraorbitalis көз алмасыбұлшықеттеріне тармақтар береді;көзасты тілігінен өткенде ит және күректістерді (aa.alveolarae superiors anteriores)және sinus maxillaries –тің шырышты қабығын тармақтармен жабдықтайды;2)таңдай,жұтқыншақ және есту түтікшесіне баратын тармақтар,олардың бір бөлігі canalis palatinus major арқылы төмен түсіп,foramina palatine majus et minores арқылы шығып,қатты және жұмсақ таңдайда тармақталады.3)a.sphenopalatina-сынатәрізді-таңдай артериясы,аттас тесік арқылы мұрын қуысына өтіп,оның латералды қабырғасы мен қалқасына тармақтар береді;мұрын қуысының алдыңғы бөлігі aa.ethmoidales anterior et posterior арқылы қан алады(a.ophtalmica-дан).
2.Бұғанаастылық артерия: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.
Тек сол жақ бұған асты артериясы-a.subclavia-қолқа доғасынан тікелей шығатын тармақтарға жатады,ал оң жақ бұғанаасты артериясы –truncus brachiocephalicus-тың тармағы болып саналады.
Бұғанаасты артериясының бірінші бөлімінің тармақтары(septicum intercalenum-ге кіргенде дейін)
1.A.vertebralis- омыртқа артериясы m.scalenus anterior мен m. longus coli аралығында орналасқан foramen processus transversalis –іне кіріп, мойын омыртқаларындағы көлденең өсінді тесіктер арқылы membrane atlantoocipitalis posterior-ға дейін жоғары көтеріліп,оны тесіп өтіп,шүйде сүйектің foramen magnum- ы арқылы бассүйек қуысына енеді.Бассүйек қуысында екі (оң,сол) жақтың артериялары орталық сызыққа түйісіп.көпіршенің артқы жиегіне жақын жерде тақ базиллярлы артерияға a.basilaris- бірігеді. Ол өз жолында бұлшықеттерге,жұлынға және мидың шүйде бөліктерінің қатты қабықшасына ұсақ тармақтар, сондай-ақ маңдай ірі ірі тармақтар береді:
а)a.spinalis anterior- бассүйек қуысында ,екі омыртқа артериясы қосылатын жерге жақын өтіп, төмен және орталық сызыққа қарай жүріп,қарсы жақтың аттас артериясымен бір сабауға бірігеді;
ә)a spinalis posterior – омыртқа артериясы бассүйек қуысына кірісімен дереу одан бөлініп шығып,жұлынның төмен жүреді.Нәтижесінде жұлын бойында үш артериялық сабау төмен түседі; тақ (a.spinalis anterior )алдыңғы бетімен және екі жұп –әр жағынан біреуден артқы бүйір бетімен (a spinalis posterior). Бұлар жұлыннның төменгі ұшына дейінгі жолында rr.spinalis түрінде омыртқалық тесіктер арқылы қосымша қан алады: мойын аймағында –aa. vertebralis , кеуде бөлімінде - a.intercostalis posterioris, бел бөлімінде- aa.lumbalis-тен.Осы тармақтар арқылы омыртқа артериясы бұғанаасты артериясымен және төмен түсетін қолқамен анастамоздар құрайды :в) a.cerebelli inferior posterior, a.vertebralis- тің ең ірі тармағы көпір қасынан басталып,артқа қарай жүріп , сопақша миды айналып , мишықтың төменгі бетінде тармақталады.
A.Basilaris – негізгі (базиллярлық) артерия,екі омыртқа артериясының қосылуынан пайда болады, тақ, көпірдің ортаңғы жүлгесіне жайғасады, оның алдыңғы жиегінде екі –aa. cerebri pasterioris(әр жағынан біреуден ) бөлінеді, ал бұлар кейін және жоғары жүріп,ми аяқшаларының бүйір бетін орап өтіп,шүйде бөлігінің төменгі,ішкі және сыртқы беттерінде тармақталады. Артқы ми артериялары a.carotis interna –дан жоғарыда айтылған aa.comunicantes pasteriores-терді өзіне қабылдап, үлкен мидың артериялық шеңберін- circulus arteriosus cerebri түзуге қатысады. A.Basilaris сабауынан meatus acusticus internus арқылы ішкі құлаққа,көпірге баратын кішкене тармақшалар, мишыққа қарай екі тармақ - a.cerebelli inferior anterior және - a.cerebelli superior шығады.
2.Truncus thyrocervicalis – қалқанша-мойын сабауы, бұғанаасты артериясынан m.sclenus anterior-дың медиалды жиегі тұсында жоғары қарай шығады,үзындығы 4 см,мынадай тармақтарға бөлінеді:а) a.tryroidea inferior- қаланша бездің артқы бетіне қарай жүреді де ,көмейдің бұлшықеттерімен шырышты қаьбатында тармақталып a.laringea superior –мен жалғасатын a.laringea inferior-ді және кеңірдекке,өңешке,қалқанша безге тармақтар береді.Бұл тармақтар carotis externa жүйесіне кететін a.tryroidea superior –дың тармақтарымен жалғасады.ә)a.cervicflis ascendens m.sclenus anterior-дың бойымен жоғары көтеріліп,мойынның терең бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етеді.б) a.suprascapularis – сабаудың insesura scapule –ге қарай төмен және латериалды жүріп, lig.transversum scapulaе арқылы иіліп, жауырынның дорсальды бұлшықеттерінде тармақталады: a.circbmflexsia scapulaе-мен жалғасады .
3.A.thoracica interna –ішкі кеуде артериясы a. vertebralis-тің бастамасына қарсы жерден a.subclavia-дан шығады,өкпеқапқа жанаса төмен және медиалды жүреді:I қабырға шеміршегінен бастап төс жиегіне 12 мм-дей қашықтықта тік төмен кетеді.VII қабырға шеміршегіне жеткеннен кейін а.thoracica interna -екі соңы тармаққа бөлінеді:a.musculophrenica көкеттің беку сызығы бойымен латериалды созыла,оған және ең жақын қабырғааралық кеңістікке тармақтар щығарады және a.epigastrica superior, а.thoracica interna жолын төмен қарай созып, іштің тік бұлшықет қынабына өтіп, кіндік деңгейіне жетіп a.epigastrica inferior-ге (a.iliaca externa-дан ) жалғасады.
A.thoracica interna-өз жолындағф ең жақын анатомиялық құрылымдарға.Алдыңғы көкірекаралыққа,айырша безге,кеңірдекке төменгі шеті мен бронхтарға,алты жоғарғы қабырғааралықтарға және сүтбездеріне тармақтар береді .Оның ұзын тармағы a.pericardia –cophenica. n.phrenicus – пен бірге көкетке қарай жүріп,өз жолында өкпеқап пен жүрекқапқа тармақшалар береді.Оның rami intercostalis anteriores-тері жоғарғы алты қабырғааралықпен жүріп , aa.intercostalis pasteriorеs-пен жалғасады.
Бұғанаасты артериясының екінші бөлімінің тармақтары:
4.Truncus costocervicalis-қабырға –мойын сабауы , spatium intercalenum-де шығады,Одан 1 қабырға мойнына қарай артқа және жоғары жүріп,сол жерде екі тармаққа бөлінеді , бірінші артериядан тармақтар мойынның артқы бұлшықеттеріне еніп, canalis vertebralis арқылы жұлынға барады,ал екінші артерия бірінші және екінші қабырғааралыққа тармақтар береді.
5.A.Transversa coli-мойынның көлденең артериясы ,plexus brachialis-ті тесіп өтіп ,көршілес бұлшықеттердіқанмен қамтамасыз етеді де, жауырынның медиалды жиегі бойымен оның төменгі бұрышына дейін төмен түседі.
3.Қолқаның іштік бөлімінің париетальды және де жұп висцеральды тармақтары: топографиясы, қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.
Қолқаның барлық тармақтары париеталды –қуыстар қабырғаларына баратындар-rami parietales және висцералды –қуыс ішіндегіге, яғни ішкі ағзаларға баратындар- rami viscerales болып бөлінеді.
Қолқаның іштік бөлігінің қабырғалық тармақтары-rami parietales-жұп (a.sacralis mediana-дан басқасы);висцералды тармақтары-rami viscerles –жұп және тақ болып бөлінеді.
Жұп висцералды тармақтар ағзалардың орналасу ретімен шығады:
1.A.suprarenalis media-ортаңғы бүйрекүсті безі артериясы, a.mesenterica superior-дың бастамасы қасында қолқадан басталып, gl.suprarenalis-ке қарай кетеді.
2.A.renalis-бүйрек артериясы, ІІ бел омыртқа деңгейінде қолқадан тік бұрыш жасай шығып, көлденең бағытта сәйкес бүйректің қақпаларына қарай жүреді.Бүйрек артериясы көлемі жағынан жоғарғы шажырқай артериясына тең келіп қалады, бұл қанды көп керек ететін бүйректің несеп шығару қызметімен байланысты. Кейде бүйрек артериясы қолқадан екі немесе үш сабау түзе шығады, ал кейде бүйрекке қақпа аймағында ғана емес, сонымен бірге бүкіл медиалды жиек бойында көптеген сабау түрінде кіреді, мұны бүйректі алып тастағанда алдын ала артерияларды байлау кеінде ескеру керек. Бүйрек қақпаларында a.renalis әдетте үш тармаққа бөлінеді, олар бүйрек қойнауында өз кезегінде көптген тармақтарға тармақталады.
Оң жақ бүйрек артериясы v.cava inferior-дың , ұйқы безі басының және pars descendens duodeni-дің артында, ал сол жақ бүйрек артериясы pancreas-тың артында жатады. V.renalis артерияның алдында шамалы төмендеу орналасады. A.renalis-тен жоғары қарай бүйрекүсті безінің төменгі бөлігіне a.suprarenalis inferior, сондай-ақ несепағарға тармақша шығады.
3.A.testicularis(әйелдерде a.ovarica) a.renalis басталатын жерден төмендеу, кейде оның өзінен басталатын жіңішке ұзын сабау болып табылады. Атабезді қоректендіретін артерияның мұндай биік жерден шығуы оның бел аймағында болуына байланысты a.testicularis қолқадан ең қысқа қашықтықта пайда болады. Кейін, атабез ұмаға түскенде сонымен бірге a.testicularis-те ұзарады, ол нәресте туар кезде m.psoas major-дың алдыңғы бетімен түседі, несепағарға тармақ береді, шап өзегінің ішкі сақинасы келіп, ductus deferens-пен бірге атабезге жетеді. Әйелдерде сәйкес артерия ( a.ovarica) шап өзегіне емес, кіші жамбас астауына, ал одан әрі lig.suspensorium ovarii құрамында анабезге қарай келеді.
4.Бүйректер: топографиясы, фиксациялаушы аппараты, құрылымдық-қызметтік бірлігі, тостағанша-астаушалық жүйе, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Бүйрек,ren,(грекше nephros), іш қуысының артқы қабырғасында, ішастардың артында жататын жұп экскреттік несеп шығаратын ағза. Бүйректе жоғарғы және төменгі шеттерін, extremitas superior et inferior, латералды және медиалды жиектерін, margo lateralis et medialis және алдыңғы және артқы беттерін facies anterior et posterior , ажыратады. Латералды жиегі дөңес, медиалды жиегі ішіне ойыс бөлігінде қақпасы hilus renalis, болып табылады, ол арқылы бүйрек артериялары мен нервтері кіреді, вена, лимфа тамырлары мен несепағар шығады. Қақпа бүйрек қойнауы, sinus renalis,деп аталатын бүйрек затына еніп тұратын тар кеңістікке ашылады.
Бүйрек денешігі мен оған жататын өзекшелер бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігін –нефронды,nephron, құрайды. Нефронданесеп түзіледі.
Foramina papillaria арқылы бөлінетін несеп өз жолында несеп қуыққа дейін кіші тостағаншаға, үлкен тостағаншаға, бүйрек түбегі, несеп ағар арқылы өтеді.
Кіші тостағаншалар, calyces renalis minoris, саны 8-9-ға жуық, бір шетімен бір-екі, кейде үш бүйрек бүртігін қамтиды, екінші шетімен үлкен тостағаншалардың біреуіне құйылады. Үлкен тостағаншалар, calyces renalismajorеs, әдетте екеу болады: жоғарғы және төменгі. Бүйрек қойнауында үлкен тостағаншалар бір бүйрек түбегіне,pelvis renalis қосылады, ол қақпа арқылы бүйрек тамырлары артынан шығып, төмен бұрылып, бүйрек қақпасынан төмендеу дерлік несепағарға ауысады.
5.Ерлердің сыртқы жыныс мүшелері: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Жыныс мүшесі, penis, ұмамен бірге сыртқы жыныс ағзаларын құрайды. Құрамына үш дене енеді: жұп үңгірлі дене, corpus cavernosum penis және тақ, кеуекті дене, corpus spongiosum penis.
Жыныс мүшесінің үңгірлі денелері, corpus cavernosum penis шеттері үшкірленген екі ұзын цилиндр дене болып табылады, олардың шеттерінің арттары ажырап, қасаға сүйектердің төменгі тармақтарына бекитін crura penis түзеді. Бұл екі дене ортақ ақ қабықпен, tunica albuginea corporum cavernosorum, жабылған, ол екі дене арасында қалқа, septum penis, түзеді. Қалқаға сәйкес жоғарғы бетінде v.dorsalis penis үшін, ал төменгі бетінде spongiosum penis үшін жүлге орналасады.
жыныс мүшесінің кеуекті денесі, corpus spongiosum penistunica albunginea corporis spongiosi-мен жабылған, жыныс мүшесінің үңгірлі денелерінің астында жатады және бүкіл ұзына бойына несеп шығаратын өзек өтеді. Екі үңгірлі денеге қарағанда кіші, диаметрі 1 см-дей, бірақ олрдан өзгешелеу екі е\шеті жуандап, алдыңғы жағында жыныс мүшесінің басын, glans penis, ал артқы жағында буылтығын, bulbus penis, аяқталады.
Жыныс мүшесінің қасағаға бекіген артқы бөлігі түбір, radix penis, деп аталады. Жыныс мүшесі алдыңғы жағында баспен, glans penis, аяқталады. Басы мен түбірі арасында денесі, corpus penis, деп аталады.дененің жоғарғы беті төменгі бетінен кеңдеу, және арқашығы, dorsum penis , деп аталады. Жыныс мүшесінің басында вертикалды саңлау –үрпі, ostium uretrae externum, орналасады; басы дорсалды және латералды жақтарынан үңгірлі денелер деңгейінен сәл шығып тұард; бастың бұл жиегі corona glandis деп аталады, ал оның артындағы тарылған жері collum glandisдеп аталады.
Жыныс мүшесінің терісі басының негізгі жағында бос қатпар түзеді, ол күпек басы, preputium, деп аталады. Жыныс мүшесі басының төменгі жағында күпек бастың терісімен жүгенше, frenulum preputium, арқылы байланысады. Corona glandis айналасында және күпектің ішкі қатпарында көлемі әр түрлі май бездері, glandulae preputiales, орналасады. Бұл бездердің секреті Бұл бездердің секреті glans penis пен preputium арасындағы науашықта жиналатын препуиалды майдың, smegma preputii, құрамына енеді. Жыныс мүшесінің төменгі бетінде, frenulum perpytii-ден ортаңғы сызық бойында, төменде алғашқы екі жартының бітісіп өскен жерін көрсететін жік, raphe, байқалады. Жыныс мүшесінің үш денесі оларды қоршап, біріктіретін, борпылдақ тері асты шелмайында жатқан тұтас fasia penis-пен оралған. Оған қоса жыныс мүшесі байламдарымен бекітіледі.
Қан жыныс мүшесіне aa.profundae et dorsalis penis арқылы келеді. Артерия тамырлары дәнекер тінді қалқаларда өтіп, жіңішке артерияларға ажырайды, ал олар тікелей кеуекті, үңгірлі кеңістіктерге ашылады. Қан әкететін венаның, venae cavernosae-ның бір бөлігі үңгірлі денелердің орталық бөліктерінен, бір бөлігі шеттеу жақтан басталып, vv.profundae penis және v.dorsalis penis-ке құяды.
6.Әйелдердің сыртқы жыныс мүшелері: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Әйелдің жыныс аймағы, pudendum femininum, деген атауға әйелдің сыртқы жыныс ағзалары жиынтығы: үлкен жыныс ернеулері мен олардың арасындағы түзілістер жатады.
Labia majora pudenda , үлкен жыныс ернеулері, майы көп дәнекер тіні бар екі тері қатпары болып табылады. Олар өзара дәнекер деп аталатын тері бөліктерімен: жалпақтау алдыңғы дәнекер, commissura labiorum anterior, және енсіздеу артқы дәнекермен, commissura labiorum posterior, қосылады. Бүйір жақтарынан үлкен жыныс еріндерімен шектелген саңлау тәрізді кеңістік жыныс саңлауы, rima pudendi, деп аталады.
Үлкен жыныс ернеулерінен жоғары, қасаға біткен жердің алдында күшті дамыған май қабаты дөңесті – қасаға, mons pubis, түзеді. Қасаға төмпесі мен үлкен жыныс ернеулерінің латералды беті жүнмен жабылған, жүннің жоғарғы шекарасы кіндіктен 9-10 см төмен және әйелдерде горизонталды бағытталған. Үлкен жыныс ернеулерінің ортаңғы сызыққа жақын медиалды бетінің терісі жұқа да, қызыл түсті мен ылғалды жағынан шырышты қабыққа ұқсайды.
Үлкен жыныс ернеулерінен ішке қарай кіші жыныс ернеулері, labia minora pudenda, орналасады, олар үлкен жыныс ернеулері арасынан мүлдем көрінбейді және солар сияқты түрі шырышты қабыққа ұқсайтын екі бойлы тері қатпары болып табылады. Кіші жыныс ернеулерінің ішкі беттері бір-біріне жанасып жатады. Әрқайсысының алдыңғы шеті екі кішкене аяқшаға бөлінеді: латералды аяқша деліткіні айналып өтіп, қарама-қарсы жақтың дәл осындай аяқшасымен қосылып, деліткі күпегін, preputium clitoridis түзеді. Медиалды аяқтары сүйір бұрыш жасай қосылып, төмен жағынан frenulum clitoridis түрінде деліткінің басына бекиді. Кіші жыныс ернеулерінің артқы шеттері кішкене көлденең қатпар, frenulum labiorum pudenda, арқылы қосылады.
Кіші жыныс ернеулері арасындағы саңлаутәрізді кеңістік қынап кіреберісі,vestibulum vaginaeдеп аталады. Кіреберіс қуысына несепшығаратын өзек, қынап және кіреберіс бездерінің шығаратын түтіктері ашылады. Несепшығаратын өзектің сыртқы тесігі – үрпісі, ostium urethrae externum, шамамен деліткі басынан 2 см артқа қарай орналасады, тесіктіе жиектері сәл томпайып тұратындықтан, қолмен сипағанда оңай сезіледі. Одан артқа және төмен қарай едәуір кең, жыныстық қатынасында болмағандарда hymen жауып тұратын ostium vaginae жатады. Қынап тесігінің жан – жағында, hymen мен кіші жыныс ернеулері түбірі арасындағы жүлгеде кіреберісітің үлкен безінің өзегі, glandula vestidularis major (Bartoloni) ашылады. Бартолин бездері, әр жағынан біреуден, еркектердің бульбоуретралды (купер) бездеріне сәйкес диаметрі 10-12 см сопақ пішінді түзілістер болып табылады, олар кіреберіс буылтықтарының артқы шеттерінде орналасады. Үсақ майда бездері- glandula vestibulares minors бар, олар үрпі мен қынап тесіктері арасындағы шырышты қабықтың бетінде ашылады.
Әйел жыныс ағзаларында еркектердің үңгірлі денелеріне сәйкес келетін түзілістер бар; олар – bulbus vestibulімен clitoris.
Bulbus vestibulі, кіреберіс буылтығы,еркектердің corpus spongiosum penis-не сәйкес келеді, бірақ әйелдерде бұл жерде үңгірлі масса екі симметриялы бөлікке бөлінген. Әрбір буылтықтың ұзындығы 3 см, ені 1,5 см, қынаптың төменгі шетінен латералды орналасқан қою веналық өрім болып табылады.
Clitoris, деліткі, corpora cavernosa clitoridis penis-ке сәйкес келеді, бас, дене және кішкене аяқшалардан тұрады. Ұзындығы 2,5-3,5 см денесі, corpus clitoridis, тығыз фиброзды қабықпен, fascia clitoridis, жабылған, тұтас емес қалқа арқылы corpora cavernosa clitoridis болып табылатын екі симметриялы жартыға бөлінеді. Алға қарай деліткі денесі тарылып, баспен - Алға қарай деліткі денесі тарылып, баспен – glans clitoridis аяқталады. Артқы жағынан деліткі денесі екі аяқшаға –crura clitoridis, ажырайды, олар қасаға сүйектерінің төменгі тармақтарына бекиді. Деліткі денесіә қасаға симфизіне ілініп тұратын байламмен lig.suspensorium clitoridis бекиді.
Жүйкеленуі: plexus pudendus, n.pudendus
Қанмен қамтамассыз етілуі: a.bulbi vestibule (a.pudenda interna).
7.Жатыр: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Жатыр,uterus жамбас астауы қуысында алдыңғы жағынан несеп қуығымен, артқы жағында тік ішек арасында орналасқан тақ, қуыс бұлшықетті ағза болып табылады. Толық жетілген қыздың жатыры алдынан артына қарай қысыңқы алмұрт пішінді. Онда түбін, денесін және мойнын ажыратады. Түбі, fundus uteri, деп жатыр түтігінің жатырға кіретін сызығынан шығыңқырап тұрған жоғарғы бөлігін атайды. Денесі, corpus uteri, үшбұрыш пішінді, біртіндеп мойнына қарай тарылады. Мойны,cervix uteri, дененің жалғасы болып табылады, бірақ оған қарағанда дөңгелек және тар болып келеді. Жатыр мойнының сыртқы шеті қынаптың жоғарғы бөліміне еніп тұрады да, қынаптық бөлік, portio vaginalis (cervicis), деп аталады. Мойынның денегі жалғасатын жоғарғы бөлігі portio supravaginalis (cervicis) деп аталады. Алдыңғы және артқы беттері бір-бірінен жиектермен, margo uteri (dexter et sinister) бөлінеді. Қабырғасы едәуір қалың болғандықтан жатыр қуысы, cavitas uteri, ағзаның көлемімен алыстырғанда онша үлкен емес.
Фронталды кесіндісінде жатыр негізі оның- түбіне, ал ұшы мойнына қараған үшбұрышты тәрізді. Негізігндегі бұрыштарына түтіктер ашылады да, ал үшбұрыш ұшына жатыр қуысы, мойын өзегіне, canalis cervicis uteri, созылады. Жатырдың мойынға ауысатын жері тарылған және жатыр қылтасы, isthmus uteri, деп аталады. Мойын өзегі қынап қуысына жатыр тесігі, ostium uteri, арқылы ашылады. Жатыр тесігі тумаған әйелдерде сопақ пішінді, туған әйелдерде жиектерінде бітіп кеткен жарықтары бар көлденең саңлау пішінді болады. Жатыр тесігі екі ернеумен, labium anterius et posterius шектелген. Артқы ерін жұқалау және қалыңдау, алдыңғы ерінге қарағанда жоғары бекиді.
Жатыр қабырғасы үш қабықтан тұрады: 1. Сыртқы қабық, perimetrum, бұл жатырмен бітісіп, оның сірлі қабығын, tunica serosa, түзетін висцералды ішастар. 2. Ортанғы қабық, myometrium, бұлшықетті қабық, tunica muscularis. 3. Ішкі қабық, endometrium, бұл шырышты қабық, tunica mucosa. Жатырдың орташа ұзындығы 6-7,5 см.
Жатыр топографиясы. Бойлық білігі жоғарыдан төмен және алға қарай өтеді. Несепқуық боч кезде жатыр түбі алға, ал алдыңғы беті – алға және төмен қарай бағытталған, бұлай еңкеюі anteversioдеп аталады. Несепқуық керілген кезде жатыр артқа қисайып оның бойлық білігі жоғарыдан төмен және алға қарай өтеді.
Ішастар жатыр денесін мойнымен қосылатын жерге дейін жабады. Ішастардың несепқуығы мен жатыр арасындағы ұңғылы excavation vesicouterina деп аталады. Жатыр мойнының алдыңғы беті борпылдақ шелмай арқылы несепқуығының артқы бетәімен қосылған. Артынан тік ішек және алдынан жатыр мен қынап арасындағы терең ішастар ұңғылы excavito rectouterina деп аталады. Ішастар жатырдың алдыңғы және артқы беттерінен жатырдың жалпақ байламдары, ligg. late uteri, түрінде жатыр астауының бүйір қабырғаларына ауысып оның шажырақайын түзеді. Жалпақ байламның артқы бетіне қысқа шажырақай, mesovarium арқылы анабез бекиді.
Жүйкеленуі: plexus ovaricus, plexus uterovaginalis.
Қанмен қамтамассыз етілуі: r.tubaritus (a.uterina) a.ovarica тармақтары.
8.Иық өрімі: түзілуі, топографиясы. Ұзын тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.
Жауабы: Иық өрімі, plexus brachialis, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші мойын жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарының, rr. anteriores nn. cervicalium V-VIII (C5-Cg), бірігуінен түзіледі. Сонымен бірге өрімнің түзілуіне төртінші мойын жұлын нервтің алдыңғы тармағының кішкене тармағы (С4) және бірінші кеуде нервтің алдыңгы тармағының, r. anterior п. thoracici primi , көп бөлігі қатысады. Сонымен катар өрімге қолтық шұнкырында екінші кеуде нервтің, r. anterior п. thoracici secundi (Тһ2) және кейде үшінші кеуде нервтің (ТҺ,) алдыңғы тармағының кішкене бөлігі қатысады. Иық өрімін түзетін жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары төртінші мойын және бірінші (екінші) кеуде омыртқалары деңгейінен омыртқааралық кеңістікте, spatium interscalenum, бұғанаасты артерияның артында және үстінде жатады. Сабаулар сатыаралық кеңістіктен шықкасын бұғанаүсті кеңістігіне кіріп, өзара жақындасады. Топографиялык иық өрімінің екі бөлігін ажыратады: бұғанаүсті және бұғанаасты. Бұғанаүсті бөлігі, pars supraclavicularis, бұғанаүсті шұңкырда, fossa supraclavicularis, m.sternocleidomastoideus-тің төменгі бөлігінен латералді және артқа орналасады. Оны алдынан m.omohyoideus төменгі қарыншасы қиып өтеді. Бұғанаасты бөлігі, pars infraclavicularis, қолтық шүңқырында, fossa axillaris, орналасады, оның алдында mm. pectorales minor et major бар. Иық өрімінің сабаулары бүғанаүсті кеңістігінде үш будаға бірігеді: латералді буда, fasciculus lateralis, қолтық артериясынан, a. axillaris, жоғары жатады, медиалді буда, fasciculus medialis, артерия- ның астында немесе медиалді жатады, және артқы буда, fasciculus posterior, артерияның артында орналасады.
Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігі, pars supraclavicularis plexus brachialis мойынның терең бұлшықеттеріне бұлшыкеттік тармактар, rr. musculares және иық белдеуі бұлшықеттеріне қысқа нервтер береді. 1. бұлшыкеттік тармактар, rr. musculares, өрім тармактарынан мойынның терең бұлшыкеттеріне: mm. intertransversarii, m.scalenus anterior, m.scalenus medius, m. scalenus posterior, m. longus colli бағытталады. 2. Қысқа нервтер: - жауырынның артқы нерві, n. dorsalis scapulae; - кеуделік ұзын нерв, n. thoracicus longus; - бұғанаасты нерві, n. subclavius; - кеуделік алдыңғы нервтер, nn. thoracici anteriores; - жауырынүсті нерв, n. suprascapularis; - жауырынасты нервтер, nn. subscapulares; - кеудеарқалық нерв, n. thoracodorsalis. Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігінен таралатын тармақтардың -арасынан, оның дорсалді және вентралді бөліктерінен кететін тармақтар деп те ажыратады.Иық өрімінің бұғанаүсті бөліктің дорсалді бөлігінің тармақтары: а) жауырынның артқы нерві, п. dorsalis scapulae, (С5), m. levator scapulae-нің алдыңғы бетімен және m. scalenus posterior арасымен мойынның көлденең артериясының төмендеген тармағымен, г. descendens a. transversae colli, бірге жүріп, жауырынның медиалді жиегіне бағытталады және mm. rhomboidei major et minor, m. levator scapulae төменгі бөлімдеріне тармактар береді. б) Кеуделік ұзын нерві, n. thoracicus longus (С5-С7) (С8) m. serratus anteriorлатералді жиегімен төмен қолтық сызығына бағытталады және өзінің тармақтарымен m. serratus anterior тісшелерінің қалыңдығына кіреді. Иық өрімінің бұғанаүсті бөліктің вентралді бөлігінің тармақтары: а) Кеуделік алдыңғы нервтер, nn. thoraciсі anteriores , жиі екі сабау: біреуі медиалді, n.thoracicus anterior medialis, екіншісі латералді жататын, n. thoracicus anterior lateralis, нервтер бұғананың артында және бұғанаасты артерия мен венаның алдында жатады, және mm. pectorales, major et minor қалындығына кіріп, тармақтарының біреуі m. deltoideus бұғана бөлігіне жетеді. б) Бүғанаасты нерв, n. subclavius (С4), (С5), (С6), жіңішке сабауша, бұғанаасты артерияның алдында алдыңғы сатылы бұлшықеттің төменгі бөлігінен латералді орналасып, m. subclavius-ке барады; ол жиі көкет нервке, n. phrenicus, дәнекер тармақ береді. в) Жауырынүсті нерв, n. suprascapularis (С5-С6), m.supraspinatus-ке сабаушалар береді кейде articulatio acromioclavicularis-ке тар мактар береді). Кейін нерв m. infraspinatus-ке, және иық буынының буындық қабының артқы бетіне сабаушалар береді. г) Жауырынасты нервтер, nn. subscapulares (C5-C7), екеу, m. subscapularis-тің алдыңғы бетінде орналасып, аталмыш бұлшыкетке және m. teres major-ғa жіңішке сабаушалар береді. д) Кеудеарқалық нерв, n. thracodorsalis (С6), С7, С8, жауырынның латералді жиегімен т. latissimus dorsi-дің алдыңғы жиегіне жетіп, бұлшықет қалыңдығында тармақталады.
Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі, pars infraclavicularis plexus brachialis қолдың бұлшықеттері мен терісіне ұзын тармақтар және бір қысқа нерв қолтық нервін, n. axillaris, береді. Иық өрімінің бүғанаасты бөлігі қолтық шұңкырында mm. pectorales major et minor артында m. subscapularis алдында, m. serratus anterior-дш латералді орналасады. Өрімнің бұл бөлігі қолтық шұңқырынан шыға берісінде m. coracobrachialis, m. subscapularis жэне m. latissimus dorsi арасында жатады. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігінің үш будасы қолтық шұңкырында a. axillaris- ті медиалді, латералді және артынан қоршайды, артерияның тек алдыңғы беті жабылмайды. Қолтық венасы, v. axillaris, артерияның алдыңғы-медиалді бетінде жатады. Әрбір буда қолға ұзын тармактар береді. Латералді буда Латералді буда, fasciculus lateralis, бесінші, алтыншы, және жетінші мойын нервтерінің (С5-С7) алдыңғы тармақтарынан түзілген. Ол келесі тармақтарды береді: 1) бұлшықеттерілік нерв, n. musculocutaneus 2) орталық нервтің латералді түбіршігі, radix lateralis n. mediani Бұлшықет-терілік нерв 1 .Бұлшықет-терілік нерв, n. musculocutaneus (С5-С7) төмен және сыртқа бағытталады, т. coracobrachialis-ті жоғарыдан төмен қиғаш тесіп өтіп, m. brachialis және m. biceps brachii арасында жатады. Кейін нерв иықтың екібасты бұлшықеттің дисталді сіңірінің латералді жиегінің астынан шығып, шынтақ буын аймағында, иықтың меншікті шандыры арқылы теріасты майлы қабатқа кіріп, білектің терілік латералді нерв, n. cutaneus antebrachii lateralis, атауын алады. Бүлшыкет-терілік нерв өз жолында келесі тармақтарды береді: 1) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, m.coracobrachialis, m. brachialis, m.biceps brachii, нервтендіреді. 2) Тоқпан жілік сүйек кабығына және шынтақ буынының буындық қабына тармақтар. Кейде бұлшықет-терілік нерв пен орталық нерв арасында дәнекер тармақты кездестіруге болады. 3) Білектің терілік латералді нерві, n. cutaneus antebrachii lateralis, бұлшыкет-терілік нервтің соңғы тармағы. Ол шынтақ тенар аймағына дейін білектің алақан бетінің кәріжілік жартысы мен кәріжілік жиегі терісінде тармақталады. Осы нервтің жолында дәнекер тармақтар кездеседі: а) кәріжілік нервтің алақандық тармағымен, r. superficialis n.radialis; б) шынтақ нервтің сыртқы тармағымен, r.dorsalis n. ulnaris; в) білектің терілік медиалді нервімен, n. cutaneus antebrachii medialis; 2. Орталык нервтің латералді аякшасы немесе латералді түбіршегі, radix lateralis, алтыншы және жетінші мойын нервтерінен (С6, С7) түзіледі. Ол қолтық артериясын тысқары жатады. Медиалді буда Медиалді буда, fasciculus medialis, сегізінші мойын және бірінші кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Келесі тармақтарды береді: 1) шынтақ нерві, n.ulnaris; 2) иықтың терілік медиалді нерві, n.cutaneus brachii medialis 3) білектің терілік медиалді нерві, n.cutaneus antebrachii medialis; 4) орталық нервтің медиалді аяқшасы, crus medialis n. mediani.
ШЫНТАҚ HEPBI Шынтак нерві, п. ulnaris (C7, Cg), бастамасында колтык және иық артерияларынан медиалді орналасады, кейін иыктың ортаңғы үш деңгейінде иықтың медиалді перифериясымен, septum inter musculare mediate, бағытталады, иықтың төменгі жартысында оның артында жатады. Осы тұста шынтак нерві шынтақтың жоғарғы жанама артериясымен, a. collateralis ulnaris superior, бірге m. triseps медиалді басында жатып, epicondylus medialis humeri және olecranon арасындағы науаға төмен жүреді, осы жерде тек тері және шандырмен жабылып, сүйекте sulcus nervi ulnaris-те жатады. Шынтақ нервтің сабауы осы кеңістіктен шыққан сон m. flexor carpi ulnaris бастарының арасымен өтіп, білектің алдыңгы бетінде m. flexor digitorum profundus және m. flexor carpi ulnaris арасында, шынтақ артериясы мен венасынан a. et V. ulnares ішкері жатады. Нерв пен тамырларды білектің төменгі бөлігінде m. flexor carpi ulnaris сіңірі жабады. Иықта шынтақ нерві тармақтар бермейді. Білекте шынтақ нервімен орталық нерв арасында дәнекер тармақ кездеседі. Шынтақ нервтің сабауы иыктың ортаңғы және төменгі үш шекарасында, кейде жоғары немесе төмен өзінің соңғы тармақтарына: жіңішкелеу сыртқы тармаққа, ramus dorsalis, және ірілеу алакандық тармаққа, ramus palmaris, бөлінеді. Шынтақ нервтің тармактары: 1. Бұлшықеттік тармактар, rami musculares, т. flexor carpi ulnaris және m. flexor digitorum profundus-тың (IV жэне V саусактарға) шынтақтык бөлігіне; шынтақ нервтіңтармактары осы бұлшықет қалыңдығында орталық нерв тармағымен қосылып, бұлшықеттің қалған бөлігін нервтендіреді. 2. Буындық тармақ - ramus articularis, шынтақ буынының буындық қабына баратын жіңішке сабауша. 3. Алаканның терілік тармағы, ramus cutaneus palmaris, білектің төменгі учаскесінде тармақталатын екі жіңішке сабауша, шынтақ артериясына тармақ береді 4. Шынтак нервтің сырткы тармагы, ramus dorsalis m. ulnaris, шынтақ нервтің соңғы тармақтарының біреуі, шынтақ сүйегі мен m. flexor carpi ulnaris сіңірі арасымен өтіп, шандырды тесіп, қолұшының сыртқы бетіне жүреді және қолұшының сыртқы бетінің шынтақтық жағы терісіне тармақтар және саусақтардың сыртқы нервтерін береді. а) Саусақтардың сыртқы нервтері, nn. digitales dorsales, бесеу мөлшерінде бесінші, төртінші саусактардың сырткы беті жэне үшінші саусақтың шынтақтық жағы терілерін нервтендіреді, яғни олар бесінші саусактың тармак негізіне дейін жетеді, ол төртінші және үшінші саусактардың негізгі бунақтары терілерінде жайылады. б) Кәріжілік нервтің беткей тармағымен, r superficialis n. ulnaris, және білектің терілік медиалді, латералді және сыртқы нерв тармақтарымен. nn.cutanei anterbrachii- medialis, dorsalis et lateralis, дәнекер тармақтар. 5. Шынтақ нервтің алақандық тармағы, ramus palmaris n. ulnaris, шынтақ артериясымен бірге жүретін және шынтак нервтің негізгі сабауының жалғасы түрінде. Ол бұршақтәрізді сүйектің кәріжіліктік жағына жақындап, m. palmaris brevis, retinaculumflexorum арасында орналасып, беткей тармаққа, г. superficialis, және терең тармаққа, r. profundus, бөлінеді. A) Алақанның беткей тармағынан тармақталады: 1. бүлшықеттік тармак, ramus muscularis, m.palmaris brevis-ке баратын бір немесе бірнеше жіңішке сабаушалар; 2. терілік тармактар, rami cutanei, m. palmaris brevis қалыңдығына өтіп, hypothenar аймағы терісін нервтендіреді; 3. п. digitalis palmaris communis III (n. mediani) дәнекер тармақ; 4. саусақтың алақандық меншікті нерві , п. digitalis palmaris proprius , hypothenar бұлшықеттері бойымен алақан апоневрозының шынтақтык жиегінде орналасып, бесінші саусақтың алақан бетіне өтеді және оның шынтактык жиегі терісін нервтендіреді. 5. саусактың алақандык жалпы нерві, n.digitalis palmaris communis, жоғары көрсетілген нервтен қалың, IV spatium interroseum бойымен алақан апоневрозы астында жатып, екі тармаа бөлінеді: а) кіші саусақтың алақандык меншікті нерві, п. digitalis palmaris digiti minimi proprius , бесінші саусақтың кәріжіліктік жағы терісін нервтендіреді; б) IV саусактың алакандык меншікті нерві, n.digitalis palmaris digiti I V proprius (n. ulnaris), төртінші саусактың шынтақтык беті терісі мен тырнақтық бунакты нервтендіреді. Саусақтардың терілік нервтерінің соңғы тармақтары табақшалы денешіктерімен, corpuscula lamellosa, инкапсулалық рецепторлармен аяқталатын жіңішке тармақтар береді. Б) Терең тармақ, ramus profundus, бұршақтәрізді сүйектің кәріжіліктік бетінде жатады. Терең тармақ келесі нервтерді береді: 1) орталық нервтің саусактың алакандық бірінші жалпы нервімен, п. digitalis palmaris communis I n. mediani, дәнекер тармақтар; 2) буындық тармақтар, rami articulares, қолұшы сүйектерінің сүйекқабына және буындық қаптарға баратын жіңішке сабаушалар;. 3) бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, бұлшықеттерге бағытталады: а) thenar: бүлшыкеттері: m. adductor pollicis және m. flexor pollicis brevis (caput profundum); б) hypothenar бұлшықеттері: m. adductor digiti, m. flexor digiti minimi brevis, m. opponens digiti minimi; в) қолұшының ортаңғы тобына: m. lumbricales III, IV, mm. Interossei palmares et dorsales. 4) тесіп өтетін тармактар, rami perforantes, қолүшының сырткы бетіне сүйекаралық кеңістіктер арқылы өтіп, білектін артқы сүйекаралық нервінің, n.interosseus antebrachii posterior, сабаушаларымен қосылады.
Иықтың медиалді терілік нерві, п. cutaneus brachii medialis (С8,ТҺ,,ТҺ2,ТҺ3), медиалді будадан басталып, қолтық шұңқырында жауырынасты және арқаның жалпақ бүлшықеттері алдында жатады; алғашында колтық артерияның, a. axillaris, алдында, кейін медиалді орналасады. Осы тұста екінші кеуде нервтің латералді терілік тармағымен, r. cutaneus lateralis п. thoracici II, кейде үшінші кеуде нервтің (ТЦ) бірігіп, қабырғааралық иық нервтері, nn. іntercostobrachiales, атауын алады. Екі, кейде үш мөлшерінде нерв сабаушалары қолтық және иық шандырларын тесіп өтіп, қолтық шүңқыры және epicondylus medialis humeri жэне olecranon аймағына дейін иықтын алдыңғы, артқы медиалді беті терілерінде тармақталады. Білектің терілік медиалді нерві, п. cutaneus anterbrachii medialis (Cg,T h ), қолтық артериясымен, a. axillaris, қолтық шүңқырында, ол иық аймағында иық артериясымен және орталық нервпен, a. brachialis et n. medianus, бірге жатады. Ол иықтың ортасында шандыр арқылы өтіп теріасты кабаттан шыққасын, алақандык және шынтақтык тармақтарға бөлінеді: а) алақандык тармақ, aponeurosis m.bicipitis brachii алдында, v. basilica-ның кәріжіліктік жағында орналасады, кейін v. mediana cubiti артында жатады және кәріжілік-білезік буыны аймағына дейін білектің алакандык бетінің шынтақтык жартысы терісінде, тармақталады. Алақандық тармақ, өз жолында n. cutaneus antebrachii lateralis (n. musculocutaneus), r. perforans r. palmaris тармақтарымен байланысады. б) шынтақтық тармақ. Орталық нерв, n. medianus, орталық нервтің латералді және медиалді түбіршектерінен, radices lateralis et medialis, түзілген. Екі түбіршік үшкір бұрыш түзеп қосылып, қолтық артериясының алдыңғы бетінде орналасатын ілмек түзеді. Кейін орталық нерв бір сабау түрінде иық артериясының кәріжіліктік жағымен жүріп, артериямен бірге иық шандырының астында sulcus Ыcipitalis medialis-те жатады. Нерв иықтың ортасына жеткен соң артерияны алдынан қиып өтіп, оның шынтақтық жағында орналасады. Өз жолын артериямен бірге жалғастырып, білектің aponeurosis m.bicipitis астымен шынтақ шұңырынан өтеді. Кейін орталық нерв n. pronator teres бастарының арасымен білектің ортаңғы сызығына бағытталады. Орталық артериямен, a. ulnaris тармағы a. mediana бірге m. flexor digitorum superficialis-тің сіңірлі доғасының астына барады және саусақтардың беткей және терең бүккіштері арасымен кәріжілік- білезік буынына жүреді Осы тұста орталық нерв саусақтардың бүккіштері сіңірлерімен бірге білезіктің кәріжіліктік бүккіші мен алақандық ұзын бұлшықеттері арасымен, retinaculum flexorum астымен білезік өзегінде өтіп, өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Соңғы тармақтары алақан апоневрозының астында, қолұшы аймағында алдынан беткей алақан доғасы, arcus palmaris superflcialis, артынан саусақтардың беткей бүккіші сіңірлері арасында жатады.
ОРТАЛЫҚ НЕРВТІҢ ТАРМАҚТАРЫ 1. Дәнекер тармактар, rami communicantes: а) иық аймағында бүлшыкет-терілік нервпен, тұрақсыз, иыктың жоғарғы ұшында орналасады. б) білек аймағында n. ulnaris-пен, m.flexor digitorum profundus; в) қолұшы аймағында ramus palmaris superficialis n. ulnaris және ramus superficialis n. radialis. 2. Буындық тармақтар, rami articulares, шынтак буынының, жартылай білезік буындарының және бірінші-үшінші (төртінші) саусактардың алақан беті буындарының буындық қаптарына. 3. Бұлшықеттік тармактар, rami musculares, орталық нерв иық аймағында тармақтар бермейді. Білекте орталық нервтің негізгі сабауынан тоқпан жіліктің медиалді айдаршыкүсті деңгейінде бұлшыкеттік тармақтар шығып, m.pronator teres, m. flexor carpi radialis, m. palmaris longus, m.flexor digitorum superficialis бағытталады. 4. Білектің алдыңғы сүйекаралық нерві, n. interosseus antebrachii anterior, орталык нервтін негізгі сабауынан m. pronator teres түсында басталып, алдыңғы сүйекаралык артериямен a. interosseus anterior, бірге дисталді жүріп, m. flexor pollicis longus және m. flexor digitorum profundus арасында жатып, m. pronator quadratus-ке жетеді. Ол m. flexor pollicis longus, m.flexor digitorum profundus және m. pronator quadratus нервтендіреді. 5. Орталық нервтің алақандық терілік тармағы, орталық нервтің негізгі сабауынан білектің төменгі үшынде т. flexor carpi radialis және т. palmaris longus сіңірлері арасында тармакталатын жіңішке тармак. Ол білектің шандырын тесіп өтіп, кәріжілік-білезік буыны, үлкен саусақ және алакан терілерінде тармакталады. 6. I, II, III саусақтардың алакандық жалпы нервтері, nn. digitales palmares communes I, II, III, орталық нервтін негізгі сабауының тармакталу жолынан түзіледі.Олар retinaculum flexorum-нің дисталді жиегі тұсында тармақталып, алақан апоневрозы мен беткей алақан доғасының астында бірінші, екінші және үшінші сүйекаралық кеңістіктерде орналасып, келесі тармақтарды береді: 1) терілік тармактар, rr. cutanei 2) бұлшықеттік тармактар rr. musculares 3) саусақтардын алакандық меншікті нервтері, пп. digitales palmares proprii 1) Терілік тармактар - r. cutanei, алақан терісі қалыңдығына, оның ортаңғы бөлімінде алакан апоневрозы арқылы кіретін жіңішке сабаушалар. 2) Бұлшықеттік тармактар, r. musculares, әрбір саусақтардьщ алақандық жалпы нервтерінен тармақталып, алақан аймағында келесі бұлшықеттерді нервтендіреді. а) п. digitales palmares communes I- m. abductor pollicis brevis, m.flexor pollicis brevis , m. opponens pollicis және m. lumbricalis I; б) n. digitales palmares communes II- m. lumbricalis II; в) n. digitales palmares communes III- m. lumbricalis III 3) Саусақтардьщ алақандық меншікті нервтері, nn. digitales palmares proprii, жетеу мөлшерінде бірінші, екінші және үшінші саусактардың алақандық бетінің кәріжіліктік және шынтақтык жиектерінің терісін және төртінші саусақтың сол бетінің кэріжіліктік жиегі терісін нервтендіреді. Олардың барлығы саусактардьщ алакан дык жалпы нервтерінің соңғы тармак тары, яғни бірінші нерв үш нерв береді: бас бармакка екеу және екіншіге - біреу, екінші нерв - екеу: сұк жэне ортаңғы саусақтарға және үшінші нерв - ортаңғы және төртінші саусақтарға. Бас бармақтың алақандық меншікті нервтері, nn. digitales palmares pollicis, бас бармактын алакандык бетінің кәріжіліктік жэне шынтақтық жиектері терісін нерв- тендіріп, кэріжілік нервтің беткей тармағына r. superficialis n. radialis, дэнекер тармакка береді. 1 және IV саусактардьщ терілерін нервтендіретін саусақтардың меншікті аталмыш саусақтардьң тырнақтық және ортаңғы бунақтарының сыртқы беті терілеріне тармактар береді. АРТҚЫ БУДА Арткы буда, fasciculus posterior, V, VI, VII, VIII мойын жэне I кеуде нервтерінің (С5- С8,ТҺ1) алдыңғы тармактарынан түзілген. Ол келесі тармактар береді: ҚОЛТЫҚ НЕРВІ 1) қолтық нерві, п. axillaris және 2) кәріжілік нерві, п. radialis Қолтык нерві - п. axillaris (С5,С6), ірілеу сабау; ол қолтық шүнкыры ұшында, т. subscapularis сіңірі бетінде, а. axillaris-тің артында орналасады. Нерв тоқпан жіліктің арткы айналма артериясымен, a. circumflexa humeri posterior, бірге кішкене томен, сыртка жэне артка бағытталып, foramen quadrilaterum-нен өтеді және тоқпан жіліктің хирургиялық мойнын орап, токпан жілік пен m. deltoideus арасында орналасып, келесі тармактарды береді: а) Бұлшыкеттік тармактар, rami musculares үлкен жұмыр бұлшықет қалыңдығына оның төменгі - сырткы беті жағынан және дельтатәрізді бүлшықет қалыңдығына оның ішкі беті жағынан кіретін бірнеше нерв сабаушалары. Соңғы тармақтардың ішінде pars spina-та, pars acromialis et pars clavicularis m. deltoidei-jxe тармақталатын топ сабаушаларын ажыратады. Осы сабаушалардың кейбіреулері бұлшықет калыңдығын тесіп өтіп, теріге енеді, сонымен қатар колтық нерві m. subscapularis- тің төменгі - латералді бөлігіне бүлшықеттік тармак, ramus subscapularis береді. б) Буындық тармақтар, rami articulares, иык буынының буындық кабына баратын жіңішке сабаушалар, олар буын қабы мен дельтатәрізді бүлшыкеттің ішкі беті арасында орналасып, токпан жілік сүйеккабығына сабаушалар береді. в) Иыктың латералді терілік нерві, п. cutaneus brachii lateralis, дельтатәрізді және иыктың үшбасты бұлшыкетінің ұзын басы арасында орналасып, жогарлаған жэне төмендеген сабаушаларға бөлінеді, олар дельтатэрізді бұлшыкег аймағының артқы бөлімдері және иықтың артқы жэне латералді беттерінің жоғарғы үші терілерінде тармақталады. Соңғы тармактары иыктың артқы терілік нервімен, п. cutaneus brachii posterior, жэне білектің арткы терілік нервімен, п. cutaneus anterbrachii posterior, косылуы мүмкін.
КӘРІЖІЛІК НЕРВІ, n. radialis (С5-С8,ТҺ,) , қолтық шұнкырында, a. axillaris, артында жатады. m. brachioradialis арасында жатады. Кәріжілік нерві латералді айдаршықүсті деңгейіне жеткен соң sulcus cubitalis anterior lateralis-те беткей тармаққа, ramus superficialis, жэне терең тармакка, ramus profundus, бөлінеді. КӘРІЖІЛІК НЕРВ ТАРМАҚТАРЫ 1. Буындық тармак, ramus articularis , кэріжілік нервтің негізгі сабауынан токпан жіліктің хирургиялық мойыны түсында тармакталып, иық буыны қабына барады. 2. Иыктың артқы терілік нерві, п. cutaneus brachii posterior, кәріжілік нервтің негізгі сабауынан қолтық шүнкырында басталып, артқа киғаш бағытталады, кейде иықтың үшбасты бұлшыкетінің үзын басы калыңдығы арқылы өтіп, дельтатәрізді бұлшықет сіңірі деңгейінде иық шандырын тесіп, иықтың артқы-латералді беті терісінде тармақталады. Оның тармактары п.cutaneus lateralis тармақтарымен байланысуы мүмкін. 3. Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, иык аймағы түсында т. triceps brachii (барлык бастарына) m. anconeus жэне сирек т. brachialis-тің латералді бөлігіне бағытталады. 4. Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, шынтак буыны аймағында т. brachioradialis жэне т. extensor carpi radialis longus бағытталады. 5. Білектің арткы терілік нерві, п. cutaneus antebrachii posterior, кэріжілік нервтің негізгі сабауынан canalis humeromuscularis ішінде тармакталады, нервпен бірге septum intermusculare-ve дейін жүреді, иық - кэріжілік бүлшықетінің латералді жиегінде иық шандыры мен калканы тесіп өтіп, иықтың дисталді бөлігі жэне білектің артқы беті терілерінде тармақталып, кәріжілік- білезік буыны аймағына жетеді. Оның тармактары nn. cutanei antebrachii medialis et lateralis тармактарымен жэне ramus dorsalis manus n. ulnaris, ramus superficialis n. radialis байланысуы мүмкін. 6. Беткей тармак, ramus superficialis, кэріжілік нервтің негізгі сабауынан fossa cubiti-де, латералді айдаршықүсті тұсын- да тармақталып, т. brachioradialis-теи медиалді, томен кэріжілік артериядан тысқары жатады. Беткей тармак білектің ортаңғы үшінде кэріжілік жағына m. brachioradialis жэне т. extensor carpi radialis longus сіңірлері арасымен білектің кәрі- жіліктік жағының сыртқы жағына өтеді, кәріжілік-білезік буынынан сәл жоғары білек шандырын тесіп өтеді. Кейін кэріжілік нервтің беткей тармағы кәріжілік-білезікбуыны аймағының кэріжіліктік жағы терісінде жэне кол ұшы мен саусақтардың сыртқы кэріжілік жартысында саусақтардың сырткы нервтері, nn. digitales dorsales, түрінде тармакталады. Беткей тармактары: а) Дәнекер тармақ, rami communicantes, білектің төменгі үшінің сыртқы беті жэне кәріжілік-білезік буыны аймағындағы п. cutaneus antebrachii lateralis et dorsalis- пен байланысатын бірнеше катар жіңішке дәнекер тармақшалар түрінде; кэріжілік нервтің беткей тармағымен шынтақтық дәнекер тармак, rami communicans ulnaris rami superficialis n. radialis, ол - қолұшының сыртқы беті аймағында кэріжілік нервтің беткей тармағын ramus dorsalis manus п. ulnaris-пен қосатын дәнекер тармактардың ішіндегі ең ірі тармақ. б) Саусақтардың сыртқы нервтері, rr. digitales dorsales, бесеу мөлшерінде, терінің келесі учаскелерін нервтендіреді: бас бармақтың сыртқы бетінің шынтактық жэне кәріжіліктік жиектері терісін тырнақ негізіне дейін, сүк саусақтың сыртқы бетінің кэріжіліктік жэне шынтақтык жиектері терісін ортаңғы бунаққа дейін, үшінші саусактың сырткы бетінің кэріжіліктік жиегі терісін ортаңғы бунакка дейін. 7. Терең тармак, ramus profundus, беткейден ірілеу тармак, негізгі сабаудан беткей тармак сияқты латералді айдаршыкүсті деңгейінде тармакталып, т.supinator карыншасына кіріп, кәріжіліктің жоғарғы учаскесін орайды, білектің сыртқы бетіне қиғаш төмен бағытталады. Ол білектің сырткы бетіне m. supinator-дан шыккан соң m. extensor digitorum longus астында, беткей жэне терең жазғыштардың арасында жатады; кейін терең тармақ сыртқы сүйекаралык артериямен a. interossea posterior, бірге білезік аймағының сырткы бетіне дисталді жүреді. Терең тармақ береді: а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, білек аймағында келесі бұлшықеттерге: m. supinator, m. extensor carpi radialis brevis, m. extensor digitorum communis m. extensor digiti minimi, m. extensor carpi ulnaris, m. abductor pollicis longus, m. extensor pollicis brevis, m. extensor pollicis longus, m. extensor indicis. б) Артқы сүйекаралық нерв, n. interosseus posterior, бастамасында беткей жэне терең жазғыштар арасында, кейін білектің сүйекаралық жарғағының сырткы бетінде т. extensor pollicis longus және m. extensor pollicis brevis сіңірлері арасында орналасып, білезік аймағына жетеді. Арткы сүйекаралык нерв өз жолында келесі тармактарды береді: п. interosseus anterior мен байланысатын сүйекаралык жарғаққа; кэріжілік пен шынтақ сүйектерінің сырткы бетіне және сүйекқабына, білезік, білезік-алақан жэне де алақан-бунақ буындарының буындық каптарына.
9.Бел өрімі: түзілуі, топографиясы, тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.
Жауабы: PLEXUS LUMBALIS бұл жұлынны өрімдері ішінде XII кеуделік нервті төменгі тармағы одан кн барып, I, II, IV, бел жоғарғы тармағымен түзіледі. Бел өрімдері жұлыннан шыққанан к.н INCISSURA VERTEBRALIS SUPERIOR . INFERIOR арасында шығарылатын тесіктерінен шығып MUS.PSOAS MAJOR латериалды жиектеріненшығып ішке төмен қарай бағытталады. Нервтері: 1.INСISSURA VERTEBRALSTEN шЫҒЫП омырқа маңы бұлшықеттерін нервтендіретін NERVUS MUSCULARIS болады яғни оны RAMI MUSCULARIS дейді. Бұлықеттік нервтер олар майда-майда болып шыға салысымен бұлшықеттерді нервтентіреді.2.NERVUS GIPOGASTRICUS мықын құрсақ асты нервісі. Мықынға және құрсаққа барады ол Х!! Қабырғаға паралел шығады. MUS.PSOAS MAJOR дың латериалды жиегінен шығып төмен қиғаш бағытталып іштің мықын аймағына келіп іш бұлшықеттеріне тарайды.M.abdigus abdomens externus, internus дейтін бұлшықеттерді яғни ішкі қиғаш, сыртқы қиғаш,көлденең бұлшықеттерді нервтендіреді. Төмен қарай келгенде қасақаның жоғарғы терсін, бөксе аймағындағы терілерді нервтендіреді.3.NERVUS ILIOINGUNALIS-мықын шат нервісі. Мықынға ж.е шатқа келеді . бұл нерв MUS.PSOAS MAJOR яғни NERVUS GIPOGASTRICUS қа паралел есептеледі.MUS.PSOAS MAJOR ды летериалды жиегінен шығып шат сақинасынан шығып жыныс мүшелерін,терілерін нервтендіреді. Яғни ерлерде UMОтерісін, әйелдерде үлкен және кіші ерін терісін , сақинаның айналасындағы терілерді невтендіреді.4.NERVUS GENETOFEMORALIS –сан жыныс нервісі , санға ж,е жынысқа келеді. Оның екі тармағы бар GENETALIS тармағы жыныс мүшелерінекеледі. Шат өзегінің қабырғасын тесіп өтіп санның ішіне кіріпUMО қалтасының ұрық шығаратын түтікшесі мен бірге жүріп DUCTUS DEFERENSIA ны, ұрық шығаратын түтікшелерді,аталық безді көтеретін бұлшықеттерді,қалталарын UMО қалтасының қабырғаларын нервтендіреді.Ал әйелдерде жатырдың жұмыр байламын нервтендіреді.5.NERVUS CUFANEUS FEMORIS LATERIALIS –санның латералдық терілік нервісі. Ол санның сыртқы бөліктерін латериалды бөліктерін, терісін нервтендіреді.6.NERVUS FEMORALS -сан нервісі . санға келеді, LACUNA BAZORNI-тамырлық сағылауының латериалды жағынан өтеді,ол санға қарай өтіп, санныңбұлшықеттеріннервтендіреді және теріге шығады оның терілік тармағы NERVUS CUTANEUS FEMORIS MEDIALIS ,яғни санның медиады тері нервісі. Ол созылып балтырға дейін өтеді.7.NERVUS ABTRATORIUS-жапқыш нерв. Жамбастың латериалды қабырғасынан өтіп сол жерде жамбас сүйектің FORAMEN ABTRATORIUM нан өтеді.Сосын FORAMEN ABTRATORIUM шығып MUSABTRATORIUM ді нервтендіреді кейін санның медиалды бөлігінен шығады да медиалды топта орналасқан бұлшықеттерді әкелуші бұлшықеттерді нервтендіреді.
10.Сегізкөз өрімі: түзілуі, топографиясы. Қысқа тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.
Жауабы: Сегізкөз өрімі, plexus sacralis (L4-S3), үшбұрыш пішінді ірі табақша түрінде, оның ұшы foramen infrapiriforme бағытталады. Ол өзінің аз бөлігімен сегізкөздің алдыңғы бетінде және көп бөлігімен m. piriformis алдыңғы бетінде жатады. Өрім қоймалжың дәнекер тінмен қоршалған және жамбас астауы шандырының қабырғалық табақшасының астында жатады; оның медиалді беті жағында ішкі мықын тамырларының, vasa iliaca interna, тармақтар қатары орналасқан. Сегізкөз өрімінен қысқа және ұзын тармақтар түзіледі.
Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, келесі бүлшықеттерге тарайды: m.piriformis, m.obturatorius internus n.ischiadicus-тiң бұлшықеттік тармақтарымен нервтенуі мүмкін. 2. Жоғарғы бөксе нерві, n. gluteus superior (L4,L5,S,), кіші жамбас астауынан аттас тамырлармен бірге foramen suprapiriforme арқылы шығып, үлкен шонданай тілігін орап, бөксенің ортаңғы және кіші бұлшықеттері арасында жатады, доғатәрізді алға бағытталады. Көрсетілген бұлшықеттерге сабаушалар беріп, өзінің соңғы тармақтарымен m.tensor fasciae latae қалыңдығында тарайды. Жоғарғы бөксе нерві, mm.glutei, minimus et medius, және m.tensor fasciae latae, нервтендіреді. 3. Төменгі бөксе нерві, n.gluteus inferior (L5, S,, S2), кіші жамбас астауынан foramen infrapiriforme арқылы n. pudendus, n. ischiadicus және n.cutaneus femoris posterior, бірге, m. gluteus maximus астымен боксе аймағына шығады, және аттас тамырлармен бөксенің үлкен бүлшықеті қалыңдығында тармақталады. Төменгі бөксе нерві, m. gluteus maximus, ұршық буынының буындық қабын нервтендіреді. Ол кейде басқа нервтермен тең m.obturatorius internus, mm.gemelli жэне m.quadratus femoris, нервтендіруге қатысады. 4.Санның артқы терілік нерві, n.cutaneus femoris posterior (Sp S2, S3), өзінің бастапқы бөлімдерінде төменгі бөксе нервісіне өте жақын жатады немесе бірге жалпы сабау түрінде жүреді; жамбас астауынан foramen infrapiriforme арқылы, шонданай нервтен медиалді шығып, бөксенің үлкен бұлшықеті астында жатады; шонданай төмпесі ортасы мен ортан жіліктің үлкен ұршығы арасында орналасып, санның артқы бетіне түседі. Бүл жерде ол m. semitendinosus және m. biceps femoris арасындағы жүлгеде, жалпақ шандыр астында орналасады; төмен бағытталып, санның артқы беті бойындағы шандырды тесіп өтетін тармактар береді, олар санның артқы, әсіресе медиалді беті терісінде тармақталып, тақым шұңқыры аймағы терісіне жетеді. Санның артқы терілік нерв тармақтары: 1) Бөксенің төменгі нервтері, nn. clunium inferiores, негізгі сабаудан екі-үш тармақ түрінде тармақталып, бөксенің үлкен бұлшықетінің төменгі жиегін орап немесе тесіп отіп, жоғары бағытталады және боксе аймағы терісінде тармақталады. 2) Шатаралық нервтері, rami perineales, бір-екеу мөлшерінде негізгі сабаудан шығатын жіңішке сабаушалар, шонданай төмпесін орап, төмен бағытталады, алға жүріп, ұманың медиалді беті мен шатаралық терісінде тармақталады. Олар n.pudendus-тің аттас тармақтарымен қосылады. 3) Санның терілік тармақтары негізгі сабаудын екі жағынан шығып, санның медиалді және артқы беті терісінде тармақталады. Соңғы тармақтары тақым шұңкыры аймағы терісіне жетіп, сираққа түсуі мүмкін, ол түста n. cutaneus surae medialis тармақтарымен косылады.
Шонданай нерві - n. ischiadicus (L4, L5, S,, S2, S3), бел- сегізкөз өрімінің ғана емес, денедегі барлық нервтердің ішіндегі ең ірі нерв, ол сегізкөз өрімінің алдыңғы тармақтарының жалғасы. Шонданай нерв foramen infrapiriforme арқылы |шығатын барлық нервтер мен тамырлардан латералді орналасады және бір жағынан m. gluteus maximus, екінші жағынан mm. gemelli, m. obturatorius internus et m. quadratic femoris арасында, ортан жіліктің үлкен ұршығы мен шонданай төмпесі арасымен өткізілген сызыктың ортасында жатады. Шонданай нерв бөксенің үлкен бұлшықетінің төменгі жиегінен шыққасын, бөксе қатпары аймағында санның жалпақ шандырына жақын жатады; кейін ол санның екібасты бұлшықетінің ұзын басымен жабылып, аталған бұлшықет пен әкелетін ұзын бүлшықеттің арасында орналасады. Оны санның ортасында үзын басы қиып өтеді; ол төмен медиалді m. semimembranosus және латералді m.biceps femoris арасында орналасып, тақым шұңкырына жетеді, шұңкырдың жоғарғы бұрышында екі тармаққа: ірілеу, медиалді, асықты жілік нервке, n. tibialis, және ұсақтау, латералді, жалпы кішіжіліншік нервке, n. peroneus communis, бөлінеді.
ШОНДАНАЙ НЕРВ ТАРМАҚТАРЫ
1.Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, келесі бұлшықеттерде тармақталады: m. obturatorius internus, mm.gemelli, superior et inferior, m.quadratus femoris. 2.Буындық тармақ - ramus articularis, ұршық буынның буындық қабында тармақтаталатын жіңішке сабауша. 3.Бүлшықеттік тармақ, rami musculares, сан аймағында шонданай нервтің асықтыжілік бөлігінен m. biceps femoris (caput longum), m. semitendinosus, m.semimembranosus, m.adductor magnus, барады. Шонданай нервтің кішіжіліншік бөлігінен бұлшыкеттік тармактар m.biceps femoris (caput breve) бағытталадьг. 4.Буындык тармактар, rami articulares, шонданай нервтің асықтыжілік және кішіжіліншік бөліктерінен тармақталып, тізе буынының буындык кабына барады. 5.Жалпы кішіжіліншік нерві, n.peroneus communis (L4, Ц , Sp S2), шонданай нервтің негізгі сабауынан тақым шұңкырының проксималді үшында бөлініп, оның латералді жағына бағытталады және санның екібасты бұлшықетінің медиалді жиегі астында және балтыр бұлшықетінің латералді басы арасында орналасып, кішіжіліншік басын спиральтәрізді орайды, тек шандыр және терімен жабылған. Бұл учаскеден дисталдіреу кіші жіліншіктің ұзын бұлшықетінің бастапқы бөлігі қалыңдығына кіріп, өзінің соңғы тармақтарына: кіші жіліншіктің беткей нервіне, n.peroneus superficialis, және кішіжіліншіктің терең нервіне, n.peroneus profundus, бөлінеді.
Жалпы кішіжіліншік нерві тармактары:
1)Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, m. biceps femoris қалыңдығына бағытталады.
2) Буындық тармақтар, rami articulares, тізе буынының буындык қабының латералді бөлімдеріне және сирақ сүйектерінің проксималді косылысына барады. 3)Балтырдың латералді терілік нерві, n. cutaneus surae lateralis, тақым шұңқырында тармақталып, сирактың латералді беті терісінде тармакталады. 4) Кішіжіліншіктік дәнекер тармақ, ramus communicans peroneus, негізгі сабаудан немесе балтырдың латералді терілік нервтен басталуы мүмкін, теріде тармақталады. 5)Кішіжіліншіктің беткей нерві, n. peroneus superficalis. Ол кішіжіліншіктің қысқа бұлшықетінің медиалді бетіне өтіп, сирақтың төменгі ұшы аймағында сирақ шандырын тесіп өтіп, өзінің соңғы тармақтарына: артқы-медиалді және аралық терілік нервтерге, nn. cutanei dorsales, medialis et intermedius, бөлінеді: а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, кішіжіліншіктің ұзын бұлшыкетін және кіші жіліншіктің қысқа бұлшыкетін нервтендіреді. 6) Медиалді сыртқы терілік нерв n. cutaneus dorsalis medialis, медиалді толарсақ аймағы терісіне тармақтар береді, n.saphenus сабаушаларымен екі тармаққа бөлінеді. Медналді тармағы аяқұшының медиалді жиеті және үлкен бақайдың тырнақтык бунағы терісіне дейін тармақталады. Латералді тармақ n. peroneus profundus соңғы тармағымен бірігіп, екінші және үшінші бақайлардың бір-біріне қараған беті терісінде тармақталып, бақайлардың сырткы нервтерін, nn. digitales dorsales pedis, береді. в) Аралық сыртқы терілік нерв, n. cutaneus dorsalis intermidius. Латералді толарсақ аймағы терісіне сабаушалар береді. Ол екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі медиалді жүріп, үшінші және төртінші бақайлардың бір-біріне қараған беті терісінде тармақталады; басқасы латералді жатып,n. suralis пен қосылысы бар, төртінші және бесінші бақайлардың бір-біріне караған беті терісінде және бесінші бақайдың латералді беті терісінде тармақталады. 6.Кішіжіліншіктің терең нерві, n.peroneus profundus. Кішіжіліншіктің терең нерві тармақтары: Сирақтың аймағында: а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, келесі бұлшықеттерге бағытталады: үш тармақ - m. tibialis anterior, бұлшыкеттің жоғарғы, ортаңғы және төменгі, бөліктеріне кіретін, екі тармақтан — m.extensor digitorum longus және т. extensor hallucis longus, бұлшықеттердің жоғарғы ортаңғы және төменгі бөліктеріне кіретін; екі тармақтан -m. extensor digitorum longus және т. extensor halicus longus, бұлшықеттердің жоғарғы және төменгі бөліктеріне кіретін. б) Буындық тармақ, ramus articularis, сирақ-асық буынының буындық қабына бағытталады. Аякұшының сыртқы беті аймағында: а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares,m. extensor digitorum brevis және m. extensor hallucis brevis-ке. б) Дәнекер тармақ, ramus communicans, кішіжіліншіктің беткей нервіне бағытталады. в) Буындық тармақтар, rami articulares, табан сүйектер-бакайшақтар және бірінші, екінші бақайлардың бақайшақтараралық буындарының буындық каптарына барады. г) Бакайлардың артқы меншікті нервтері nn. digitales dorsales proprii, кішіжіліншіктің терең нервінің соңғы тармактары екі сабаушаға бөлінеді: 1) Үлкен бақайдың латералді сыртқы нерві, n. digitalis dorsalis hallucis lateralis, үлкен бақайдың сыртқы бетінің латералді жиегі терісінде тармақталады. 2) Екінші бақайдың медиалді нерві, n. digiti secundi medialis, екінші бакайдың сыртқы бетінің медиалді жиегі терісінде тармақталады. 6. Асықтыжілік нервтері, n. tibialis (L4, L5, Sj, S2, S3) бағыты бойынша шонданай нервтін тікелей жалғасы, жалпы кішіжілікшік нервтен едәуір ірі. Ол тақым шұңқырының проксималді ұшында басталып, оның дисталді бұрышына жүріп, шандыр астында, шандыр мен тақым тармақтарының vasa poplitea, арасында орналасады. Кейін нерв vasa tibiala posteriora, бірге acrus tendineus m.solei астымен canalis crupopliteus-ке кіріп, аталған бұлшықетпен жабылады. Кейін нерв сирақ шандырының терең табақшасы астымен төмен жүріп, m. flexor digitorum longus латералді жиегі мен m. flexor hallucis longus медиалді жиегі арасымен өтіп, медиалді толарсақтың артқы бетіне жетеді, бұл тұста нерв толарсақ пен өкше сіңірі арасындағы арақашыктық ортасында жатады. Нерв retinaculum mm. flexorum астында өзінің екі соңғы тармагына: табанның медиалді нерві, m. plantaris medialis, және табанның латералді нерві, n. plantaris lateralis, бөлінеді. Асықтыжілік нерв тармақтары: 1. Балтырдың медиалді терілік нерві, n. cutaneus surae medialis. Ол сирақтың ортасына жетіп, өкше t сінірінің басталар деңгейінде, кейде жоғары, шандырды тесіп өтіп, кішіжіліктік дэнекер тармак, ramus communicans peroneus, көмегімен бір сабауға - балтыр нервке, n. suralis, бірігеді. Балтыр нерві, n.suralis, өкше сіңірінің латералді жиегімен латералді толарсақтың артқы жиегіне жетіп, осы аймақтың терісіне өкшелік латералді тармақтар, rami calcanei laterales, сонымен қатар сирак-асык буынының буын қабына сабаушалар береді. Кейін балтыр нерві толарсақты орап, аяқшаның латералді бетіне терілік сыртқы латералді нерв, n. cutaneus dorsalis lateralis, түрінде өтеді. Соңғы нерв аяқшаның сыртқы беті мен латералді жиегі терісінде және бесінші бақайдың сыртқы бетіне V бақайдың сырткы нерві, n. dorsalis digiti quinti, түрінде тармақталып, n. cutaneus dorsalis intermedius-Ke дәнекер тармақ, ramus anastomoticus, береді. 2. Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, келесібұлшықеттерге бағытталады: a) m.gastrocnemius бастарына; медиалді тармақ а. poplitea-ға сабауша береді; б) m. soleus - бұл бүлшықеттің екі нерв тармағы; алдыңғы және артқы бар; кейде алдыңғы тармақ балтыр бұлшықетінің латералді басына, артқы тармақ - тақым бұлшықетіне сабауша беруі мүмкін; в) m.plantaris; г) m. popliteus; бұл бүлшықеттің тармақтары тізе буынының буын капсуласына сабаушалар және асықтыжіліктің сүйекқабы - сирактың сүйекаралық нервін, n. interosseus cruris, береді, одан сүйекаралық жарғақ қалыңдығына кірмес бүрын асықтыжілік тармақтарының қабырғасына, ал шыққан соң сирақ сүйектерінің сүйекқабына, сирақ сүйектерінің дисталді қосылысына және сирак-асық буынының буындык қабына тармактар бағытталады; д) m. tibialis posterior; е) m. flexor hallucis longus; ж) m. flexor digitorum longus. 3. Өкшелік медиалді тармақтар, rami calcanei mediales, sulcus malleolaris аймағында шандыр арқылы өтеді, кейде біржалпы сабау түрінде және табанның медиалді жиегі мен өкше терісінде тармақталады. 4. Табанның медиалді нерві, n. plantaris medialis, асықтыжіліктің екі соңғы тармақтарының бірі; өзінің бастапқы бөлімдерінде өзекте артқы асыкты жілік артериясынан медиалді, retinaculum mm. flexorum беткей және терең табақшаларының арасында орналасады. Нерв өзектен шықкан соң медиалді табан артериясымен бірге m. abductor hallucis астына бағытталады. Кейін m.flexor digitorum brevis және m. abductor hallucis арасымен алға жүріп, екі бөлікке - медиалді және латералді бөлінеді. Табанның медиалді нерв тармактары: а) Терілік тармақтар, rami cutanei, табанның медиалді беті терісінен тармақталатын жіңішке сабаушалар. б) Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, келесі бұлшықеттерге бағытталады: m. abductor hallucis, m. flexor digitorum brevis, m. flexor hallucis brevis. в) Бақайдың табандық меншікті нерві, n. digitalis plantaris proprius, m. plantaris medialis- тіңмедиалді бөлігі болып саналады, табан апоневрозын тесіп өтіп, үлкен бақайдың медиалді беті терісінде тармақталады. г) I, II, III бақайлардың табандық жалпы нервтері, nn. digitales plantares communes I, II, III, nn. plantares mediales-тің латералді бөлігінің тармақтары. Олар aa.metatarseae plantares бірге жүріп, бірінші және екінші mm. lumbricales-Ke бұлшықеттік тармақтар береді және сүйекаралық кеңістіктердің дисталді шеті денгейінде табан апоневрозын тесіп өтіп, табан терісіне жіңішке тармақтар береді, олар бірінші және екінші, екінші және үшінші, үшінші және төртінші бақайлардың табан бетінде бір-біріне қараған терісінде тармақталатын бақайлардың табандық меншікті нервтеріне, nn. digitales plantares proprii, бөлінеді. д)Дәнекер тармақ, ramus communicans, табанның сыртқы нервісінен III бакайдың жалпы нервіне бағытталады. 5.Табанның латералді нерві, n.plantaris lateralis, асықтыжілік нервтің соңғы тармағы, табанның медиалді нервісінен едәуір жіңішке, табанның a. plantaris lateralis-пен бірге m. quadratus plantae жэне m. flexor digitorum brevis арасында жүреді, кейін ол m.flexor digitorum brevis латералді жиегі мен m.abductor digiti minimi арасында жатып, бірнеше катар бұлшықеттік тармақтар беріп, өзінің соңғы тармактарына: беткей тармақ, ramus superficialis, және терең тармақ, ramus profundus, бөлінеді.
Табанның латералді нервісінің тармақтары: а) Бұлшықеттік тармактар, rami musculares негізгі сабаудан оның соңғы тармақтарға бөлінуіне дейін тармақталып, m. quadratic plantae және m. abductor digiti minimi бағытталады. б)Беткей тармақ, ramus superficialis, табан терісіне бірнеше ұсақ сабаушалар беріп, бөлінеді: 1) IV бақайдың табандық жалпы нервін, m. digitalis plantaris IV, түзетін медиалді бөлігі. Ол табан сүйектер бақайшақтар буынына жеткесін, табанның медналді нервіне дәнекер тармақ, ramus communicans, береді, ол бақайлардың табандық екі меншікті нервтеріне, nn. digitales plantares proprii, бөлінеді Соңғылары төртінші және бесінші саусақтардың бір-біріне қараған жағындағы табан беті терісінде тармақталып, тырнақтық бақайшақтың сыртқы бетіне өтеді. 2) Кіші бақайдың табандық меншікті нервін, n. plantaris proprius digiti minimi, түзетін латералді бөлігі кіші бақайдың табан беті терісінде тармақталады. Бұл нерв төртінші табан сүйектері арасындағы кеңістіктегі mm. interossei, m. flexor digiti minimi жэне m. opponens digiti minimi бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, береді. в) Терең тармақ, ramus profundus, табан доғасымен, arcus plantaris, бірге бір жағынан, mm. interossei, және екінші жағынан m. flexor digitorum longus, caput obliquum m. adductoris hallucis арасында орналасып, mm. interossei, екінші, үшінші және төртінші mm. lumbricales, m. adductor hallucis және m. flexor hallucis brevis-терге бұлшыкеттік тармақтар, rami musculares береді. Табанның латералді нервінің беткей және терең тармақтары жоғарыда көрсетілген нервтерден басқа табан сүйектері буындарының буындық қаптарына және табан сүйектері мен бақайшақтардың сүйек кабына сабаушалар береді.
11.Иық өрімі: түзілуі, топографиясы. Қысқа тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.
12.Аналық бездер: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Жауабы: Аналық без, ovarium, жамбас астау қуысында орналасқан жұп без. Аналық безде аналық жыныс жасушалары дамып жетіледі және қан мен лимфаға әйел жыныс гормондарын бөледі. Аналық без сопақша пішінді, алдынан-артқа кішкене жалпиған. Аналық бездің түсі ақ-қызғылт. Аналық без салмағы5-8 г. Аналық бездің орташа көлемі: ұзындығы- 2,5 см, ені-1,5 см, қалыңдығы – 1 см-ге жуық. Аналық бездің екі бос бетін: Жамбас астау қуысына қараған медиалді, facies medialis, және жамбас астау қабырғасында жатқан латералді,facies lateralis, ажыратады.Аналық без беттері шығыңқы бос жиекке, margo liber, ал алдынан-аналық бездің шажырқайына бекитін шажырқайлық жиекке, margo mesovaricus, өтеді. Шажырқайлық жиекте науашықтәрізді ұңғыл- аналық без қақпасы, hilus ovarii, орналасқан. Ол арқылы аналық безге артерия мен нервтер кіріп вена мен лимфа тамырлары шығады.Аналық бездің ұзыны вертикальды орналасқан, соған байланысты жатыр түтігіне қараған жоғарғы түтіктік шетін, extremitas tubaria, және жатырлық шетін, extremitas uterina, ажыратады. Ол жатыр мен аналық бездің меншікті байламымен, ligamentum ovarii proprium, байланысқан. Бұл жалғама дөңгелек жіп түрінде аналық бездің жатырлық шетінен жатырдың латералді бұрышына дейін, жатырдың жалпақ байламының екі табағының аралығында орналасқан.Аналық бездің байламдық аппаратына, ligamentum suspensorium ovarii, жатады, құрамында аналық бездің тамырлары мен фиброзды талшықтар будалары орналасқан, ол кіші жамбас астау қабырғасынан аналық безге өтетін ішастардың қатпары. Аналық без ішастармен жабылмайды. Аналық бездің түтіктік шетіне жатыр түтігінің аналық без шашағы бекиді. Аналық бездің топографиясы жатырдың орналасуына, оның ұлғаюына байланысты.Аналық без кіші жамбас астауында орналасатын қозғалмалы мүшелерге жатады.
Аналық бездің қабырғаларының құрылысы:
Аналық без беті бірқабатты эпителиймен жабылған. Оның астында дәнекер тінді ақ қабық, tunica albuginea, орналасды. Аналық бездің дәнекер тіні эластикалық талшықтарға бай негізін, stroma ovarii құрайды. Аналық без паренхимасы сыртқы және ішкі қабаттарға бөлінеді. Аналық без орталығында, оның қақпасына жақын ішкі қабатын – милы зат, medulla ovarii, деп атайды. Бұл қабатта көптеген лимфа және қан тамырлар орналасқан. Аналық бездің сыртқы қабаты, оның қыртыс заты, cortex ovarii, өте тығыз. Оның дәнекер тінінде жетілген аналық түйіншелері, folliculi ovarici matures, және алғашқы аналық без түйіншелері, folliculi ovarici primarii орналасқан. Жетілген аналық без түйіншелерінің диаметрлері 1 см-ге жетеді, оның дәнекер тінді қабығы,theca folliculi, болады. Тeканың тығыз дәнекер тіннен тұратын сыртқы қабығы және қан мен лимфа капиллярлары, интерстициалды жасушалар орналасатын ішкі қабығы ажыратылады. Ішкі қабығына түйіршікті қабат, stratum granulosum, жанасады. Бұл қабаттың бір жері қалыңдап, аналық жыныс жасушасы,овоцит, ovocytus орналасатын аналық без төмпесін, cumulus ovophorus, құрайды.Жетілген түйіншенің ішінде фолликулярлық сұйықтығы,liquor follicularis бар қуыс болады. Аналық жыныс жасушасы, zona pellucida мен corona radiata, қоршалып, аналық без төмтесінде орналасады. Аналық бездің жетілген түйіншелері біртіндеп аналық бездің беткей қабатына шығады. Овуляция кезінде пісіп жетілген түйінше жарылып, аналық жыныс жасушасы фолликулярлық сұйықтықпен бірге ішастар қуысына түседі, кейін түтіктің шашақтары арқылы жатыр түтігінің іштік тесігіне өтеді.
Жарылған түйіншенің орнында қанға толы ұңғыл қалады, кейін онда сары дене, corpus luteum қалыптасады. Егер аналық без ұрықтанбаса, оның көлемі кішкентай 1,0-1,5 см-ге жуық, көп тұрмайды, сондықтан циклдік сары дене, corpus luteum ciclicum menstruationis, деп аталады. Ол болашақта дәнекер тінмен алмасып, ақ дене, corpus albicans, атауын алады.Егер аналық жыныс жасушасы ұрықтанып, жүктілік пайда болса, жүктіліктің сары денесі, corpus luteum graviditatis, қалыңдап, диаметрі 1,5-2,0 см-ге іріленіп, жүктілік кезеңінде өмір сүріп, ішкі секреторлық қызмет атқарады. Кейін ол да дәнекер тінді ақ денемен алмасады. Аналық бездің жарылған түйіншелерінің орнында қатпар және ұңғыл түрінде іздер қалады.
Қанмен қамтамасыз етілуі: аналық безді құрсақтық қолқаның тармағы-аналық без артериясы, a.ovarica және жатыр артериясының тармағы-аналық без тармақтары, rr.ovaricae, қанмен қамтамасыз етеді.Аналық безденвеналық қан аттас веналар арқылы ағады.
Нервтендірілуі: аналық без құрсақтық қолқа және төменгі құрсақасты өрімнен тармақталған нервтермен нервтендіріледі.
13.Жүрек: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Жауабы: Жүрек ,cor, бұлшықет қабырғалары жақсы дамыған,конус пішінді қуысты ағза.Ол алдыңғы көкірекаралықтың төменгі бөлігінде, көкеттің сіңірлі орталығында, сол және оң өкпеқап қуыстарының аралығында орналасып,жүрекқаппен,pericardium,қапталып,ірі қантамырларменбекінген.Ерлерде жүректіңсалмағы мен көлемі әйелдерге қарағанда үлкен және оның қабырғалары қалыңдау.
Жүректің артқы – жоғарғы кеңейген бөлігі жүрек негізі, basis cordis;оған ірі веналар ашылып,одан ірі артериялар шығады.Алдыңғы – төменгі бос бөлігі жүрек ұшы, apex cordis, деп аталады.
Жүректің көкетке қараған беті жалпақ, артқы – төменгі – көкеттік бетін,facies diaphragmatica,төс пен қабырға шеміршектеріне қараған шеміршектерінеқараған беті дөңес,алдыңғы – жоғарғы - төс – қабырғалық бетін, facies sternocostalis,және оң – алдыңғы ұзын сол қысқа дөңгелек жиектерін ажыратады.жүректің бетінде үш жүлге бар.Тәждік жүлге – жүрекшелер мен қарыншалар шекарасында орналасады және алдыңғы, артқы бойлық жүлгелер бір қарыншаны екіншіден бөледі.
Тәждік жүлгеде,sulcus coronaries, жүректің меншіті тамырлары жатады,тәждік жүлге төс – қабырғалық бетте өкпе сабауының жиегіне дейін жетеді.
Алдыңғы қарынша - аралық, sulcus interventricularis anterior. Және артқы қарынша – аралық жүлгелерді, sulcus interventricularis posterior,ажыратады.Бұл жүлгелерде жүректің тәждік тамырларының тармақтары орналасады.
Жүрек қуысы
Жүрек қуысы 4 камераға: оң жүрекше,atrium dextrum,оң қарынша, ventriculus dexter,сол жүрекше, atrium sinistrum, сол қарынша, ventriculus sinister, бөлінеді. Жүрекшелер бір-бірінен жүрекшеаралық қалқамен,septum interatriale, қарыншалар қарыншааралық қалқамен,septum interventriculare, бөлінген.
Жүрекшелер,жоғарыда айтылғандай, сәйкес қарыншалармен жүрекше – қарынша тесігі, osita atrioventricularia арқылы байланысады.
Оң жүрекше оң қарыншамен - оң жүрекше – қарынша тесігі, ostium atrioventriculare sinistrum, арқылы байланысады,
Оң жүрекше,atrium dextrum, жүрек негізінің оң бөлігі аймағында орналасқан, дұрыс емес текше пішіндес,auricula dextra,құрайды.
Оң жүрекшеде оңға қараған сыртқы, солға қараған ішкі, ол оң жүрекше мен сол жүрекшеге ортақ,жүрекше-аралық қалқа, және жоғарғы артқы, алдыңғы қабырғаларын ажыратады.Оң жүрекше – қарынша тесігі орналасқандықтан төменгі қабырғасы жоқ.Оң жүрекшенің ең кеңейген бөлігі, ірі веналық сабаулардың түсу орнын қуыс веналар қойнауы,sinus venarum cavarum, деп атайды. Жүрекшенің тарылған бөлігі алдынан оң құлақшаға,жалғасады.
Жүрекшеің екі бөлігі сыртқы бетінде шекаралық жүлгемен, бөлінген. Оң құлақша,жүрекшенің ең дөңес бөлігі, жалпақ конус тәрізді,ұшымен солға, өкпе сабауына бағытталған. Құлақша өзінің ішкі иірімделген бетімен қолқа түбіріне бағытталған:Құлақшаның жоғарғы және төменгі жиектерінде сыртынан теңсіздік бар.
Оң жүрекшеге екі – жоғарғы және төменгі қуыс веналар тәждік қойнау және жүректің ұсақ меншікті веналары ашылады
а) Жоғарғы қуыс вена, v.cava superior, қанды бастан, мойыннан, қолдан және тұлға қабырғасынан жинап, жүрекшенің жоғарғы және алдыңғы қабырғаларының шекарасында, жоғарғы қуыс вена тесігімен, ostium venae cavae superioris, ашылады.
б) Төменгі қуыс вена, v.cava inferior, қанды аяқтан, жамбас астауы және құрсақ қуысы ағзалары мен қабырғаларынан жинап, оң жүрекшенің жоғарғы және артқы қабырғаларының шекарасында, төменгі қуыс вена тесігімен, ostium venae cavae inferioris, ашылады.
Төменгі қуыс вена тесігінің алдыңғы жиегінде жүрекше қуысы жағынан жартылай айтәрізді бұлшықеттік төменгі қуыс вена жапқышы, valvula venae cavae inferioris, орналасады. Қуыс веналар тесігінің ара қашықтығы 1,5 минус 2 см-ге, жетеді. Жоғарғы және төменгі қуыс веналар ашылу жерлері аралығында, жүрекшелердің ішкі бетінде внеааралық төмпешік,tuberculum intervenosum, орналасқан.
в)Тәждік қойнау, sinus coronarius - жүректі меншікті внеаларының ортақ коллекторы.Тәждік қойнаудың орны оң жүрекшенің медиалды және артқы қабырғалары арсында, төменгі қуыс вена жапқыншының астында, орналасқан.
г)жүректің меншікті веналарынына жүрек қабырғаларынан жинайтын жүректің ұсақ веналары, vv.cordis minimae, жатады.
Оң жүрекшенің ішкі бетінің рельефі әркелкі. Ішкі (сол) және артқы қабырғалары тегіс. Ал сыртқы (оң) және алдыңғы беттері кедір-бұдыр, себебі жоғары және төменгі бұлшықеттік бұдырлары бар қырлы бұлшықеттер,mm.pectinati, орналасқан; жоғарғы бударлары қуыс веналар тесігімен жүрекшенің жоғарғы қабырғасына,төменгілері тәждік жүлгеден жоғары қабырғасына, төменгілері тәждік жүлгеден жоғарығы оң қабырғаның төменгі жиегімен бағытталады.
Оң құлақшаның ішкі беті тегіс емес; ол түрлі бағытта қиылысқан қырлы бұлшықеттерде орналасады.
Жүрекшелер қалқасында сопақша пішіндес жалпақ ойық сопақша шұңқыр,fossa ovalis, бекітілген сопақша тесік, foramen ovalis, орналасқан.
Оң қарынша
Оң қарынша,ventriculus dexter, сол қарыншадан алдыңғы және артқы қарынша аралық жүлгелермен; оң жүрекшеден тәждік жүлгемен бөлінеді.
Оң қарынша дұрыс емес үшжақты пирамида пішіндес, негізгі жоғары оң жүрекше жағына, ұшы- төмен және солға қараған. Оң қарыншаның алдыңғы қабырғасыы дөңес, артқысы жалпақ.Оң қарыншаның сол, ішкі қабырғасы қарынша аралық қалқа,septum interventriculare, болып саналады; ол сол қарынша жағынан қысыңқы немесе оң қарынша жағынан шығыңқы.
Жүрек ұшы денгейінің көлденең кесіндісінде оң қарынша қуысы алдан-артқа бағытталған созылған сыңылау, ол жоғарғы және ортанғы үштен бірінде үшбұрыш пішіндес, негізі болып қарынша аралық қалқа есептеледі.
Оң қарынша қуысында екі бөлімді: кең артқы, меншікті қарынша қуысы және алдыңғы бөлімді ажыратады.
Қарынша қуысының артқы бөлімі оңынан және артынан орналасатын оң жүрекше – қарынша тесігі, ostium atrioventriculare dextrum, арқылы оң жүрекше қуысымен байланысады. Бұл тесік оң жүрекше жағынан сопақша дөңгелек пішіндес.
Шеңбер қарынша қуысының алдыңғы бөлімі, артериялық конус, conus arteriosus, цилиндр пішіндес, қабырғалары тегіс. Ал сыртқы беті жағынан дөңес.Оның қуысы өкпе сабауы тегісінің, ostium trunci pulmonalis, көмегімен жоғары бағытталып, өкпе сабауына, truncus pulmonalis, өтеді.
Оң қарыншаның артқы және алдыңғы бөліктерінің арасында жақсы айқындалған бұлшықеттік буылтық, қарынша үсті қыры, crista supraventricularis, орналасады.
Тесік айналымына жүректің ішкі қабығы – эндокардтың,endocardium дупликатурасы, оң жүрекше-қарынша қақпағы, valva atrioventricularis dextra, ол қанның оң қарыншадан кері бағытта оң жүрекше қуысыны өтуіне кедергі жасайды.
Қақпақ қалыңдығында кішкене мөлшерде дәнекер эластикалық тіндер және бұлшықет талшықтары бар; бұлшықет талшықтары жүрекше мускулатурасымен байланысты.
Үшжармалы қақпақ 3 ұшбұрыш пішіндес жармалардан,cuspides: қалқалық жарма,cuspis septalis, артқы жарма,cuspis posterior, алдыңғы жармадан,cuspis anterior, тұрады.Барлық үш жарма өздерінің бос жиектерімен оң қарынша қуысына енеді.
Жармалар жиектеріне біртүкті бұлшықеттерден басталатын жіңішке, ұзындығымен қалыңдығы әр түрлі сіңірлі жіпшелер,chordae tendinea бекиді.
Үш жармалы қақпақтың үш жармасына үш бүртікті бұлшықеттің сіңірлі жіпшелері бекиді, әрбір бұлшықет өздерінің жіпшелерімен екі көршілес жармамен байланысқан.
Оң қарыншада 3 бүртікті бұлшықетті ажыратады: сіңірлі жіпшелері алдыңғы және артқы жармаларға бекиді;бұл бұлшықет алдыңғы бүртікті бұлшықет,m.papillaris anterior, қарыншаның алдыңғы қабырғасынан тарайды; қалған екеуі көлемі жағынан кіші, қалқа аймағында орналасады – қалқалық бүртікті бұлшықет,m.papillaris septalis және қарыншаның артқы қабырғасында – артқы бүртікті бұлшықет,m.papillaris posterior.
Өкпе сабауының тесігі, ostium trunci pulmonalis, алдынан және солынан орналасып, өкпе сабауына әкеледі; оның жиегіне эндокарт дупликатурасынан құрылған жартыайлы, valvula semilunaris anterior, dextra et sinistra бекиді, бос жиектері өкпе сабауының ішіне енеді.
Осы үш аталған жапқыштар өкпе сабауының қақпағын, құрайды.
Сол жүрекше
Сол жүрекше, atrium sinistrum, оң сияқты дұрыс емес текше пішіндес, бірақ оңға қарағанда қабырғалары жұқа.
Сол жүрекшенің жоғарғы, алдыңғы, артқы және сыртқы қабырғаларын ажыратады.Ішкі қабырғасы – жүрекшеаралық қалқа.Төменгі қабырғасы болып сол қарынша қанша негізі саналады.
Жүрекшенің алдыңғы-жоғарғы қабырғасынан сол құлақша,auricula sinistra, тарайды.Ол оңға қарай иіліп, өкпе сабауының,septum interatriale, негізін қапсырады.
Жүрекшенің жоғарғы қабырғасының артқы бөлімінде өкпеден артериялық қанды әкелетін төрт өкпе веналарының тесігі, ostium venarum pulmonalim бар.
Сол жүрекшенің төменгі қабырғасында, сол жүрекшені сол қарынша қуысымен, байланыстыратын сол жүрекше – қарынша тесігі,ostium atrioventriculare sinistrum орналасады.
Сол жүрекшенің ішкі беті тегіс, тек ішкі қабырғасымен құлақшаларда өзгеше.Сол жүрекшенің ішкі қабырғасында жүрекшеаралық қалқада, сопақ тесікке,fossa ovalis сәйкес жалпақ ұңғыл,valve foraminis ovalis бар, ол қатпармен – сопақ тесік жапқышымен, қоршалған.
Сол құлақшаның ішкі бетінде әр түрлі бағытта өзара қиылысқан көптеген қырлы бұлшықеттер ,m.pectinati бар.
Сол қарынша
Сол қарынша, ventriculus sinister, сопақша пішіндес, жүректің басқа бөлімдеріне қарағанда солға, артқа және төмен орналасқан.Сол қарыншаның тарылған алдыңғы – төменгібөлімі жүрек тің ұшына, apex cordis, сәйкес келеді. Жүрек бетінде сол және оң қарыншалар шекарасы алдыңғы және артқы қарыншаарлалық жүлгелерге, sulci interventriculares, сәйкес келеді.Сол қарыншаның сыртқы жиегі дөңгелек пішіндес, өкпелік беті, facies pulmonalis деп аталады.
Сол қарынша қуысында екі бөлімді: едәуір кең артқы-сол меншікті қарынша қуысы және едәуір тар алдыңғы-оң бөлімді ажыратады.
Сол қарыншаның артқы-сол бөлімі солынан және артынан орналасатын сол жүрекше – қарынша тесігі арқылы сол жүрекше қуысымен, ostium atriventriculare sinistrum байланысады. Сол қарынша қуысының алдыңғы-оң бөлімі қолқа тесігінің, ostium aortae көмегімен қолқамен байланысады.
Сол жүрекше-қарынша тесік айналымына сол жүрекше-қарынша қақпағы, valve atrioventricularis sinistra бекиді, оның жармаларының бос жиектері қарынша қарынша қуысына енеді. Олар үшжармалы қақпақ сияқты, эндокардтың дупликатурасымен түзіледі.Бұл қақпақ сол қарынша жиырылған кезде, қанды өз қуысына кері бағытта сол жүрекшеге өткізбейді.
Қақпақтың алдыңғы, cuspis anterior, және артқы жармаларын, cuspis posterior, ажыратады, олардың аралығында екі кішкене тісшелер орналасуы мүмкін.
Алдыңғы жарма сол-жүрекше қарынша тесігі айналымының алдыңғы бөліміне,қолқа тесігінің дәнекертінді негізіне бекіп, солға және оңға орналасады.Алдыңғы жарманың бос жиектері сіңірлі жіпшелерімен,chordae tendinea, алдыңғы бүртікті бұлшықетке,m.papillaris бекиді.
Жармалар аралығында орналасқан кішкене тісшелер сіңірлі жіпшелер көмегімен бүртікті бұлшықеттерге, немесе қарынша қабырғасына бекиді.
Митралды қақпақ тісшелерінің қалыңдығын, үшжармалы қақпақ тісшелерінің қалыңдығында орналасатындай, дәнекертінді созылмалы талшықтар және сол жүрекшенің бұлшықет қабатымен байланысатын мөлшерде бұлшықет талшықтары орналасады.
Сол қарыншаның артқы сол бөлімінің қабырғасы ішкі беті жағынан көп мөлшерде шығыңқылармен-бұлшықет шарбақшаларымен,trabeculae carnee, көрсетілген. Бұл бұлшықет шарбақшалары бірнеше рет айырылып және қайтадан қосылып, қалың тор түзеді, торлар жүрек ұшында, әсіресе қарыншааралық қолқа аймағында көптеп кездеседі.
Сол қарынша қуысының алдыңғы-оң бөлімі артериялық конус, conus arteriosus, қолқа тесігімен, ostium aortae, қолқамен байланысады.Сол қарыншаның артериялық конусы митралды қақпақтың алдыңғы жапқышының алдында және оң қарыншаның артериялық конусының артында орналасып, жоғары және оң бағытталып, оны қиылыстырады.Осыған орай, қолқа тесігі өкпе сабауының тесігіне қарағанда кішкене артта жатады.Сол қарыншаның артериялық конусының ішкі беті оң сияқты тегіс.
Қолқа тесігі айналымына қолқаның үш оң, сол және артқы жартыайлы жапқыштары, valvulae semilunaris dextra, sinisstra et posterior, бекиді.Үшеуі қосылып қоқа қақпағын құрайды.Қолқаның жартыайлы жапқыштары эндокардтың дупликатурасынан түзілген, жақсы дамыған.Әрбі жапқыш қалыңдығында өте қатты және қалыңдау қолқа жапқышының түйіншісі, оның жан-жағында өте берік қолқа жапқышының шұңқыршалары, valva aortae, орналасқан.
Жүректің артериялары
Жүректің қанмен қамтамсыз етілуі екі артериямен: құлқаның алғашқы тармақтары оң тәждік, a.coronaria dextra, және сол тәждік артерия, a.coronaria sinistra, жүреді.Әрбір тәждік артерия қолқаның сәйкес оң және сол қойнауынан басталады.
Оң тәждік артерия, қолқаның оң қойнауынан басталып, оң қарыншаның артериялық конусы мен оң құлақшаның арасында қолқа қабырғасының бойымен төмен жүріп, тәждік жүлгеге барады;өзінің бастапқы бөлігінде оң құлақша жабылып, жүректің оң жиегіне тармақ береді.Кейін қолқа, құлақша және артериялық конус қабырғаларына бірнеше қатар тармақтар беріп, оң тәждік артерия жүректің көкеттік бетіне өтеді, ол жерде де тәждік жүлегнің тереңд жатады.Осы жерде оң жүрекшемен оң қарыншаның артқы қабырғасына тармақтар және де жүрекше – қарынша будасымен жүретін өте жіңішке тармақтар береді.Ол жүректің көкеттік бетінде артқы қарыншааралық жүлгеге артқы қарыншааралық тармақ, r.interventricularis posterior, түрінде жетеді.Тармақ қарыншааралық қалқаның артқы бөлігін және оң мен сол қарыншаның артқы қабырғасын қанмен қамтамасыз етеді.
Сол тәждік артерия, оңға қарағанда ірі тамыр; қолқаның сол қойнауы деңгейінен басталып, өкпе сабауы түбінің артынан солға, кейін өкпе сабауы мен сол құлақшаның арасында жүреді.Тәждік жүлгенің сол бөлігіне бағытталып, өкпе сабауының артында 2 тармаққа бөлінеді: алдыңғы қарынша аралық, r.interventricularis anterior, және қайырылма тармақ, r.circumflexus.
Алдыңғы қарыншааралық тармақ, негізгі сабаудың жалғасы, алдыңғы қарынша аралық жүлгемен төмен жүрек ұшына төмен жүрек ұшына түседі,жүрек ұшын қоршап, артқы қарыншааралық жүлгненің соңғы бөліміне енеді,бірақ артқы қарыншааралық тармаққа, r.interventricularis posterior, жетпей, миоакардтың қалыңдығына батырылады.Өз жолында артериялық конусқа, сол және оң қарыншаның жақын жатқан қабырғасына тармақтар және қарыншааралық қалқаның алдыңғы бөлігіне ірі тармақ береді.
Алдыңғы қарыншааралық тармақ өзінің бастамасында диагоналды тармақ береді, ол кейде сол тәждік артерияның негізгі сабауынан басталуы мүмкін.
Қайырылм тармақ, сол құлақшадан шығып, жүректің сол жиегіне тәждік жүлгемен және көкеттік бетіне тәждік жүлгемен жүріп, сол қарыншаның алдыңғы және артқы қабырғасын қанмен қамтанасыз ететін ірі тармақ береді. Артқы қарыншааралық көкеттік бетіне түседі, бірақ жүрек ұшына жетпейді. Өз жолында сол құлақша, сол жүрекше және сол қарынша қабырғаларына тармақтар береді.
Сонымен, оң тәждік артерия өкпе сабауы, қолқа, оң және сол жүрекшелер, оң қарынша қабырғаларын, сол қарыншаның артқы қабырғасын, жүрекшеаралық және қарыншааралық қалқаларды қанмен қамтамасыз етеді.
Сол тәждік артерия, өкпе сабауы, қолқа, оң және сол жүрекшелер қабырғасын, оң және сол қарыншаның алдыңғы қабырғасын, сол қарыншаның артқы қабырғасын, жүрекшеаралық және қарыншааралық қалқаларды қанмен қамтамасыз етеді.
Тәждік артериялар жүректің барлық бөлімінде өзара анастомоз құрайды, тек жүрек жиегі өзінің сәйкес артерияларымен қанмен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, тәждік сыртқы анастомоздарда бар, олар өкпе сабауын, қолқаны және қуыс веналарды қанмен қамтамасыз ететін тамырлардан және де жүрекшелердің артқы қабырғасының тамырларынан түзілген.
Бұл аталған тамырлар бронхтың, көкеттің және өкпеқаптың артерияларымен анастомоз түзеді.
Жүректе тәждікаралық анастомоздардан басқа бір артерияның тармақтарыарасында анастомоз кездеседі.
Жүректің артериялары, әсіресе қарыншалар аймағында, бұлшықет бұдаларының жолын қайталайды.
Сонымен, миокардтың сыртқы және терең қабаттары, бүртікті бұлшықеттер аймағында артериялар жүректің бойлық білігі бойына, ал миокардтың ортаңғы қабатында көлденең бағытталған.
Жүрек топографиясы. Жүрек кеуде аралығындағы ассимметриялы орналаскан. Оның көп бөлігі ортаңғы сызықтан солға карай жайғаскан, оң жағында тек оң жақ жүрекше мен қуыс веналар калады. Жүректің үзын білігі жоғарыдан төмен төмеқ оңнан солға, артынан алға карай қиғаш орналасып, бүкіл дене бөлігімен шамамен 40° бүрыш түзеді. Сондықтан жүректің оң жақ веналык бөлімі алға таман, сол жақ артериялды бөлімі артқа таман бүрыла орналасқан сиякты. Жүрек қабымен бірге өзінің алдыңғы бетінің көп бөлігінде (facies stemocostalis) өкпемен жабылып түрады, өкпенің алғы жиектері екі өкпекаптың сәйкесті бөліктерімен бірге жүректің алдынан өтіп, оның алдыңғы бетінің жүрекқап аркылы төске және V-VI кабырғалардың шеміршектеріне жанасатын жерінен баскасын алдыңғы кеуде кабырғасынан бөліп тұрады. Жүрек шекаралары кеуде кабыр-ғасына проекциялануы: жүрек үшының соғуы linea mammillaris sinistra-дан 1 см ішке қарай, бесінші сол жақ кабырғааралықта сезіліп тұрады. Жүрек проекциясының жоғарғы шекарасы үшінші қабырға шеміршек-терінің жоғарғы жиегі деңгейімен өтеді. Жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ жиегінен 2-3 см оңға қарай, III қабырғадан V қабырғаға дейін өтеді; төменгі шекарасы көлденең V оң жак қабырға шеміршегінен жүректің ұшына қарай, сол жақ шекарасы V қабырға шеміршегінен жүрек үшына дейін өтеді Қарыншалардан шығар тесіктер (колқа мен өкпе сабауы) III сол жақ кабырға шеміршегі деңгейінде жатады; өкпе сабауы (ostium trunci pulmonalis) осы шеміршектің чөс жағындағы үшында, қолқа (ostium aortae) төстің артқы жағында сәл оңға қарай орналасады. Екі ostia atrioven-tricularia төстің бойымен, үшінші сол жақ кабырғааралықтан бесінші оң жақ кабырғааралыққа қарай жүретін түзу сызық бойында проекцияланады.  
Жүректің қызметі:
Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады. Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар. Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады. Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады.
14.Қолтықтық артерия: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.
Қолтық артериясы,a.axillaris қолтық шұңқырында орналасады.Ол тікелей, a.suclavia, жалғасы, бұғананың төменгі жиегінен үлкен кеуде бұлшықетінің төменгі жиегіне дейін орналасады,осы тұстан қолтық артериясының жалғасы иық артериясы,a.brahialis.
Қолтық артериясын қолтық шұңқырының алдыңғы қабырғасындағы үш бұрышқа сәйкес шартты түрде үш бөлікке бөледі: 1.бұғана – кеуде үшбұрышына сәйкес бөлік; екінші – кіші кеуде бұлшықеті деңгейіне сәйкес, үшінші – кеуде асты үшбұрышы деңгейіне сійкес.
Қолтық артериясының бірінші бөлігі алдынан,fascia clavipectoralis-бен жабылып, жоғарғы тістерінде жатады.Артерияның ішінен және алдынан бұғанаасты венасы, алдынан және сыртынан – иық өрімінің сабаулары, орналасады.
Қолтық артериясының бұл бөлігінен келесі тармақтар таралады:
Ең жоғарғы кеуде артериясы,a.thoracica suprema, бұғананың төменгі жиегінде баасталып, медиалды және төмен бағытталады және екі жоғарғы қабырғааралық бұлшықеттерге, алдыңғы тісті бұлшықетке, сонымен бірге үлкен және кеуде бұлшықеттері мен сүт безіне тармақтар береді.
Кеуде – акромион артериясы, a.thoracoacromealis, кіші кеуде бұлшықетінің жоғарғы – медиалды жиегінде басталып, тереңінен беткейге кіріп, келесі тармақтарға бөлінеді.
А) Акромион тамағы,r.acromealis, жоғарғы және сыртқа бағытталып, үлкен кеуде және дельтатәрізді бұлшықеттердің астына өтіп, аталған бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етеді. Б) Бұғаналық тармақ,r.clavicularis, бұғана аймағына бағытталып, бұғанаасты бұлшықетін қанмен қамтамасыз етеді.
В) Дельта тәрізді тармақ,r.deltoideus, төмен және сыртқа жүріп, m.pectoralis major-мен, m.deltoideus,арасындағы жүлгеде жатады, аталған бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етеді.
Г) Кеуделік тармақтар,rr.pectorales, үлкен және кіші кеуде бұлшықеттері мен алдыңғы тісті бұлшықетке барады.
Қолтық артериясының екінші бөлігі кеудe бұлшықетінің артында орналасып, иық өрімімен артынан, медиалды және латералды қоршалады. Қолтық артериясының бұл бөлігінен тек бір ғана тармақ-латералды кеуде артериясы таралады.
Латералды кеуде артериясы,a.thoracica lateralis қолтық артериясының төменгі перифериясынан басталып, төмен бағытталады, алғашында кіші кеуде бұлшықетінің артында, кейін алдыңғы тісті бұлшыұеттің сыртөы бетіне жатады. Артерия қолтық шұңқұрындағы лимфа түйіндері мен шелмайды, сонымен қатар алдыңғы тісті, кіші кеуде бұлшықеттерін, сүт безін қанмен қамтамасыз етіп анастамоз түзеді.
Қолтық артериясының үшінші бөлігі үлкен кеуде бұлшыетінің артында, жауырынасты бұлшықеті мен арқаның жалпақ бұлшықеті сіңірінде және үлкен жұмыр бұлшықетте жатады; артерияның сыртынан құстұмсұқ – иық бұлшықеті орналасады.Иық өрімінің тармақтары артерияның бұл бөлігінен бүйір және алдынан орналасады.
Қолтық артериясының үшінші бөлігінен келесі артериялар тармақталады:
Жауырынасты артерия, a.subscapularis, жауырынасты бұлшықеттің төменгі жиегі деңгейінде басталып, төмен бағытталады, екі тармаққа бөлінеді: А)жауырынның айналма артериясы, a.circumflexa scapulae, артқа жүріп, үш жақты тесіктен өтеді және жауырынның бүйір жиегіне оралып, жоғары қылқанасты шұңқырына бағытталады.Mm,subscapularis,tetes major et minor,latissimus dorsi, deltoideus,infraspinatus, Қанмен қамтамасыз етеді. б) Кеуде – арқа артериясы, a.thoracodorsalis жауырынасты артериясы сабауының бағытын жалғастырады.Ол қолтық шұңқырының артқы қабырғасы бойымен төмен жүріп, жауырынның бүйір жиегімен, арасындағы саңылау арқылы жауырының төменгі бұрышына жетеді және, қалыңдығында, анастомоз түзеді.
2. Тоқпан жіліктің алдыңғы айналма артериясы, a.circumflexa humeri anterior қолтық артериясының сыртқы жағынан басталып, құстұмсық – иық бұлшықетімен астымен латералды, кейін иықтың екі басты бұлшықетінің қысқа басының астымен, тоқпан жіліктің алдыңғы бетімен жүріп,төмпешікаралық жүлге аймағына жетеді де екі тармаққа бөлінеді: біреуі жоғарылыған бағытта жүріп, иықтың екі басты бұлшықетінің ұзын басы сіңірімен ере жүреді және иық буынына еніп, тоқпан жілік басына бағытталады;екінші тоқпан жіліктің сыртқы жиегін айналып, анастомоз түзеді.
3. Тоқпан жіліктің артқы айналма артериясы, a.circumflexa humeri posterior қолтық артериясының артқы бетінен, бірге басталып, артқа бағытталады және төрт жақты тесігі арқылы өтіп, тоқпан жіліктің хирургиялық мойынының артқы және сыртқы беттерін айналып, қолтық нервпен, бірге дельтатәрізді бұлшықеттің терең бетінде жатады.
a.circumflexa humeri anterior a.circumflexa humeri posterior a.cicumflexa scapulae a.thoracodorsalis, және,a.suprascapularis анастамоз түзеді.Ол иық буынының буын қабын, дельтатәрізді бұлшықетті және сол аймақтың терісін қанмен қамтамасыз етеді.
15.Иық артерясы: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.
Жауабы: Иық артериясы, a.brahialis,қолтық артериясының тікелей жалғасы.Ол үлкен кеуде бұлшықетінің төменгі жиегі деңгейінде басталып, дөңгелек пронатор мен иықкәрыжілік бұлшықеттері арасындағы кішкене науада, m.bicipitalis brahii апоневрозының астында екі тармаққа бөлінеді; кәріжілік артериясына,a.radialis, және шынтақ,a.ulnaris, артериясына.
Иық артериясынан келесі тармақтар таралады:
Иықтың терең артериясы,a.profunda brahii иық артериясының артқы ішкі бетінен иықтың жоғарғы үштен бөлігінде басталады.Иықтың терең артериясы кәріжіліктің жанама артериясына,a.collateralis radialis,жалғасды.Ол шынтақтың буын торының,rete articulare cubiti, түзілуіне тармақтар беріп, a.reccurens radialis-пен анастомоз түзеді.
Иықтың терең артериясы келесі тармақтар береді:
а) Дельтатәрізді тармақ, r.deltoideus, иықтың терең артериясының алғашқы блімінен таралып, құстұмсұқ-иық және иықтың екі басты бқлшықеттерінің астында жатып оларға тармақтар беріп, тоқпан жіліктің алдыңғы бетімен дельта тәрізді бұлшықетке жетеді.
б) Тоқпан жілікті қоректендіретін артериялар, aa.nutriciae humeri, тоқпан жіліктің қоректендіретін тесіктеріне бағытталады.
в) Ортанғы жанама артерия, a,collateralis media, иықтың үш басты бұлшықетінің латералді және медиалды бастарының арасымен төмен жүреді.Кейін латералды басы қалыңдығына еніп, шынтақ буынына жеткен соң, sulcus cubitalis posterior lateralis-те жатады және осы тұста шынтақтық буын торы, rete articulare cubiti, түзілуіне қатысады.
г) Бұлшықеттің тармақтар, rr. Musculares, иықтың үш басты және құстұмсұқ иық бұлшыеттеріне барады.
2. Шынтақтың жоғарғы жанама артериясы, a.collateralis ulnaris superior, иық артериясының медиалды бетінен, иықтың терең артериясының тармақталатын жерінен сәл төмен басталады.Төмен бағытталып, медиалды айдаршыққа жетеді де, шынтақтың буын торы,rete articulare cubiti түзілуіне қатысады.Артерия иық бұлшықетін, иықтың үш басты бұлшықетінің медиады басын және осы аймақтың терісін қанмен қамтамасыз етіп, медиалды айдаршықта,r posterior a.reccurens ulnaris, анастомоз түзеді.
3. Шынтақтың төмнгі жанама артериясы, a.collateralis inferior, иық артериясының медиалды бетінен, иықтың төменгі үшінде басталады.Иық бұлшықетінің алдыңғы бетімен төмен бағытталып, шынтақтың қайырылма артериясының алдыңғы тармағымен,анастомоз түзеді.Өзінің тармақтарымен медиалды айдаршық аймағына жетіп, кіреді және шынтақтың буын торы, түзілуіне қатысады.
16.Кәрі жіліктік және шынтақтық артериялар: топографиясы, тармақтары және олардың қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.
Жауабы: Кәрі жілік артериясы - a.radialis - бағыты жағынан иық артериясының жалғасы болып табылады.
7 тармағы:
1. a.reccurens radialis - кәрі жіліктің қайрылма артериясы жоғары қарай қайырылып a. collateralis radialis-пен анастомозданып, rete articulare cubiti, түзілуіне қатысады.
2. rami musculares - айнала қоршаған бұлшықеттерге барады
Қолдың басына барғанда 5 тармаққа бөлінеді:
3. rami carpeus palmaris -алақан-білезік тармағы , ramus cutaneus palmaris-пен аностомозданып, rete carpi palmare түзуге қатысады.
4. ramus palmaris superficialis - беткей алақан тармағы, arcus palmaris superficialis, түзуге қатысады.
5. ramus carpeus dorsalis - сыртқы білезік тармағы, rete carpi dorsale, түзуге қатысады.
6. a. metacarpae dorsalis prima - алақан сүйектерінің бірінші сыртқы артериясы.
7. a. principis pollicis - басбармақ артериясы
Шынтақ артериясы - a.ulnaris - иық артериясының екі соңғы тармақтарының бірі болып табылады.
5 тармағы:
1. a.reccurens ulnaris - шынтақтың қайрылма артериясы 2 тармаққа бөлінеді:
а.reccurens ulnaris anterior a.collateralis ulnaris inferior-мен анастомозданады
a.reccurens ulnaris posteriora.collateralis ulnaris superior-мен анастомозданады
2. a.interossea comminus - жалпы сүйекаралық артерия сүйекаралық жарғаққа барады. Сүйекаралық жарғақ арасындағы мембрананы қанмен қамтамасыз етеді.1-2 тармақтары шығып профунда тармақтарымен анастомозданады.
3. ramus carpeus palmaris - алақан-білезік тармағы - кәрі жілік артериясының аттас тармағына қарсы жүріп, онымен жалғасады.
4. ramus carpeus dorsalis - білезіктің сыртқы тармағы - a.radialis-тің аттас тармағына қарсы жүреді
5. ramus palmaris profundus - терең алақандық тармақ - a.radialis-пен бірге терең алақан доғасын түзуге қатысады.
Ары қарай metacarpi алақанаралық жерлерге тармақтар қол басында a.digitalis әр саусақтың шетінен қантамырлары жүріп отырып қанмен қамтамасыз етеді.
17.Соқыр ішек және құрттәрізді өсінді: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Соқыр ішек,caecum, басталатын жерінен оған аш ішек құятын жерге дейінгі тоқ ішектің бірінші бөлігі болып табылады. Тік шамасы 6 см-дей, көлденең шамасы 7-7,5 см-дей қапшық тәрізді. Сaecum оң жақ мықын шұңқырында ілі-шала,lig.inguinale латералды жартысынан жоғары орналасқан. Алдыңғы беті тікелей іштің алдыңғы қабырғасына жанасып жатады немесе одан үлкен шарбымен бөлінеді. Қалыпты орналасқан соқыр ішекте құрт тәрізді өсіндінің 4 түрлі орналасу қалпын ажыратады:
1.Төмен түсуші қалып
2.Латералды қалып
3.Медиалды қалып
4. Соқыр ішектің арт жағында жоғары көтерілуші қалып
Қарт адамдарда құрт тәрізді өсіндінің саңылауы ішінара немесе тұтас бітелуі мүмкін.
Аппендикстің шырышты қабығы folliculi lymphatici aggregate appendicis verformis түріндегі лимфа тканіне бай да, кейбір авторлар оның қызметін осымен байланыстырады. Қабырғасы дәл ішектікіндей. Деректер бойынша апппендикстің лимфалық түзілістері лимфопоэз бен иммуногенезде маңызды рөл атқарады, бұл иммундық жүйенің мүшесі деп қарауға негіз болады.
Соқыр ішек пен құрт тәрізді өсінді жан-жағынан ішастармен жабылған. Құрт тәрізді өсіндінің шажырқайы,mesoappendix, әдетте оның ең шетіне дейін созылады. 6%жағдайда соқыр ішектің артқы беті ішастармен жабылмайды.
Соқыр ішек және құрт тәрізді өсіндінің қанмен қамтамасыз етілуі, нервтенуі.
Соқыр ішек пен құрт тәрізді өсіндіні-мықын-жиек артериясы және оның тармақтары, aa.iliocolica (r.ascendens rr.caecales anterior et posterior a.appendicularis) қанмен қамтамасыз етеді. Жиек ішек кезбе нервтің тармақтары (сигматәрізді жиек ішек-ішкі мүшелік бел нервтері) мен жоғарғы және төменгі шажырқайлық өрімнің симпатикалық нервтерімен нервтенеді.
18.Өт қалтасы: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.Өт шығарушы жолдар.
Өт қалтасы, vesica fellea c biliaris, алмұрт пішіндес. Оның бауырдың төменгі жиегінен сәл шығып тұратын кең шеті-түбі,fundus vesica fellea,деп аталады;оған қарама-қарсы тар шеті- мойны,collum vesica fellea , деп аталады;ортаңғы бөлігі денесі, fundus vesica fellea, түзеді. Мойын тікелей ұзындығы 3,5 см өт қалтасы өзегіне айнала созылады. Өт қалтасы тек төменгі бетінде ғана ішастармен жабылған.
Өт қалтасы орналасу қалпы бауырдың орналасуына , оның тыныс алу кезіндегі қимылдарына және т.б. байланысты XII кеуде және V бел омыртқа деңгейлері арасында өзгеріп отырады.
Құрылысы. Серозды қабықтың астында жатқан бұлшықет қабаты,tunica muscularis, фиброзды тін қоспасы бар еріксіз бұлшықет талшықтарынан тұрады. Шырышты қабық қатпарлар түзеді және онда көптеген шырышты бездер бар.
Өт шығару жолдары. Өт бауырда тәулік бойы жасалып, ал ішекке керегіне қарай келіп тұратындықтан , өтті сақтайтын ыдыс қажет болады. Ол ыдыс өт қабы болып табылады. Бауырда жасалатын өт одан бауыр өзегі,ductus hepaticus communis арқылы ағып шығады. Керек болған жағдайда ол,ductus choledochus арқылы бірден он екі елі ішекке келеді. Егер қажеттілік болмаса , онда ductus choledochus пен сфинктері жиырылған күйінде болады да, өтті ішекке жібермейді, сол себепті өт тек ductus cysticus және одан әрі өт қабына ағады, Бұған спираль қатпардың,plica spiralis, құрылысы жағдай жасайды.
Өт қалтасының қанмен қамтамасыз етілуі.Өт қалтасын меншікті бауыр артериясының тармағы, өт қалтасы артериясы, a cystica, қанмен қамтамасыз етеді және кезбе нервпен,сонымен қатар бауыр өрімімен(симпатикалық) нервтенеді.
19.Ауыз қуысы: қабырғасының құрылысы, бөлімдері. Еріндер, ұрт, қызыл иектің құрылысы.
20.Жоғарғы қуысты вена және қақпа венасы: түзілуі, топографиясы, қан жинайтын тармақтары.
Жоғарғы қуысты вена, vena cava superior, жоғарылаған қолқаның оң жағы мен сәл артына таман орналасқан жуан (2,5 см шамасында), бірақ қысқа (5-6 см) сабау. Жоғарғы қуыс вена І оң жақ қабырғаның төспен қосылатын жерінде vv.brachiocephalicae dextra et sinistra-лардың қосылуынан пайда болады. Ол бұл жерден төстің оң жақ жиегінен бойлай бірінші және екінші қабырғааралықтардың артымен жүріп ІІІ қабырғаның жоғарғы деңгейіне дейін төмен түсіп, жүректің оң жақ құлақшасы артында орналасып, оң жақ жүрекшеге құяды. Оның артқы қабырғасы оны оң жақ бронхтан бөліп тұратын a.pulmonalis dextar-мен жүрекшеге құйылар жерінде оң жақ жоғарғы өкпе венасымен жанасады, бұл екі тамыр да оны көлденеңінен қиып өтеді. Оң жақ өкпе артериясының жоғарғы жиегі деңгейінде оң жақ өкпенің түбірі иіліп (сол жақ өкпенің түбірі арқылы қолқа иіледі)жоғарғы қуыс венаға құяды- v.azygos –құяды.Оның алдыңғы қабырғасы кеуде торының алдыңғы қабырғасының едәуір қалың оң жақ өкпе қабатымен бөлінеді.
Қақпа венасы ,v.portae, бауырдан басқа іш қуысының барлық сыңар ағзаларынан қан жинайды,қоектік заттар сіңірілетін бүкіл асқазан –ішек жолынан, қоректік заттар залалсыздандырылып, гликоген жиналу үшін қақпа венасымен бауырға келеді, ұйқы безінен қант алмасуын реттейтін инсулин келеді, көкбауырдан бауырда өт жасау үшін пайдаланылатын қант түйіршіктерінің ыдырау өнімдері келеді. Қақпа венасының асқазан-ішек жолымен және оның ірі бездерімен (бауыр және pancreas тиімді байланысы)функционалдық байланысынан басқа олардың даму ортақтығының бірлігімен (генетикалық байланыс) белгіленеді. V.portae- қақпа венасы, бауыр артериясы және ductus choledochus-пен lig.hepatoduodenale-де орналасқан жуан веналық сабау болып табылады. V.portae ұйқы безінің артқы жағында көкбауыр венасы мен екі-жоғарғы және төменгі шажырқай веналарынан құралады. Олар өз жолында v.gastricae sinistra et dextra және v.prepylorica-ны қабылдап, бауыр қақпаларында бауыр паренхимасына кететін екі тармаққа бөлінеді. Бұл тармақтар бауыр үлесшелерін шырмайтын көптеген ұсақ тармақшаларға (vv.interlobularis)ыдырайды; көптеген капиллярлар бөліктердің ішіне өтіп, ақыр соңында v.centralis-ке қосылып төменгі қуыс венаға құятын бауыр веналарына жиналады. Қақпа венасы капиллярлардың екі торының арасында жатады, бірінші торы қақпа венасын құрайтын вена сабауларына бастама береді, екінші торы бауыр затында жатып, соңғы тармақтарына бөлінеді. V. lienalis, көкбауыр венасы көкбауыр, асқазан және ұйқы безінен қан жинап, V.portae-ға барады. Vv.mesenterica superior et inferior- жоғарғы және төменгі шажырқай веналары аттас веналарға сәйкес келеді. Жоғарғы шажырқай веналары өз жолында жіңішке ішектен, соқыр ішектен, жоғарылаған жиек және көлденең жиек ішектен вена қанын жинап, ұйқы безінің басында төменгі шажырқай венасымен қосылады. Төменгі шажырқай венасы тік ішектің веналық өрімімен басталып, жоғары бағытталады, жолында оған сигматәрізді тоқ ішектің , төмендеген тоқ ішектің және көлденең тоқ ішектің сол жақ жартысынан салалар қосылады. Ұйқы бездің артында алдын ала көкбауыр венасымен қосылып,кейін жоғарғы шажырқай артериясымен қосылады.
21.Төменгі қуысты вена жүйесі, сыңар және жартылай сыңар веналар: түзілуі, топографиясы, қан жинайтын тармақтары.
Төменгі қуысты вена, vena cava inferior, денедегі ең ірі вена сабауы, іш қуысында қолқамен қатар, оның оң жағында жатады.Ол IV бел омыртқаның деңгейінде қолқаның бөлінетін жерінен сәл төмендеу және одан оңға қарай екі ортақ мықын веналарының қосылуынан түзіледі. Төменгі қуыс вена қолқаның оң жағында орналасып, жоғары көтерілген сайын қолқадан алшақтай береді. Оның төменгі бөлімі оң жақтағы m.psoas-тың медиалды жиегіне жанасып жатады, содан кейін оның алдыңғы бетіне өтіп, жоғарғы жағында көкеттің бел бөлігі арқылы және бауырдың артқы бетінде sulcus venae cavae-де жайғасып, көкеттің foramen venae cavae арқылы кеуде қуысына өтіп, бірден оң жақ жүрекшеге құяды. Тікелей төменгі қуыс венаға құятын салалар қолқаның жұп тармақтарына сәйкес келеді (v.hepatica-дан басқалары). Олар қабырғақасылық веналарға және ішкі ағзалар веналарына бөлінеді.
Қабырғақасылық веналар:
1.vv.lumbales dextrae et sinistrae-әр жағынан төртеуден, аттас артерияларға сәйкес келеді, омыртқалық өрімдерден анастомоздар қабылдайды; олар өзара бойлық сабаулармен-vv.lumbales ascendens-қосылады
2.vv.phrenica inferiors бауыр жүлгесінен өтер жерде төменгі қуыс венаға құяды.
Ішкі ағзалар веналары:
1.vv.testiculares- еркектерде (v.ovaricae-әйелдерде) атабез аймағында басталып, аттас артерияларды өрім түрінде ( plexus pampiniformis ) шырмап алады; оң жақ v.testicularіs тікелей сүйір бұрыш жасай төменгі қуыс венаға құяды, ал сол жақ v.testicularіs тік бұрыш жасай сол жақ бүйрек венасына құяды.
2.vv.renales-бүйрек веналары
3.v.suprarenalis dextra-бүйрек веналарынан жоғарылау, бірден төменгі қуыс венаға құяды.
4.vv.hepaticae-бауыр веналары
Сыңар және жартылай сыңар веналар
Сыңар вена,v.azygos, мен жартылай сыңар вена, v.hemiazygos, іш қуысында бел веналарын бойлық бағытта байланыстыратын белдің өрлеме веналарын -vv.lumbales ascendens түзіледі. Олар m.psoas major артында жоғары жүріп, көкет аяқшаларының бұлшықет шоғырлары арасында кеуде қуысына: v. Azygos –оң жақтағы n.splanchnicus-пен бірге, v.hemiazygos сол жақтағы n.splanchnicus немесе симпатикалық сабаумен бірге өтеді.
v.azygos кеуде қуысында өңештің артқы қабырғасына тығыз жанасып, омыртқа бағанасының оң бүйір жағын бойлай жоғары көтеріледі. Ол IV немесе V омыртқа деңгейінде омыртқа бағанынан ажырап, оң жақ өкпе түбірінен асып, иіліп өтіп, жоғары қуыс венаға құяды. Көкірекаралық ағзаларынан қанды әкететін тармақтардан басқа, сыңар венаға тоғыз оң жақ төменгі қабырғааралық вена және солар арқылы омыртқалық өрімдердің веналары құяды.Сыңар вена оң жақ өкпе түбірінен иіліп асып өтетін жерге жақын жоғарғы үш оң жақ қабырғааралық веналардың қосылуынан түзілетін v.intercostalis superior dextra-ны қабылдайды.
Омыртқа денелерінің сол жақ бүйір беттерінде төмен түсетін кеуде қолқасының артында v.hemiazygos жатады. Ол тек VII немесе VIII кеуде омыртқасына дейін көтеріліп, кеуде қолқасы мен ductus thoracicus артында омыртқа бағанасының алдыңғы бетімен қиғаштай жоғары өтіп, v.azygos-қа құйылады.Ол өзіне көкірекаралық ағзалардан тармақтар мен төменгі сол жақ қабырғааралық веналары, сондай-ақ омыртқа өрімдері веналарын қабылдайды. Жоғарғы сол жақ қабырғааралық веналар v.hemiazygos accessory-ға құйылады, ал ол да v.hemiazygos сияқты омыртқа денелерінің сол жақ бүйір бетінде орналасып, жоғарыдан төмен қарай жүріп, не v.hemiazygos-ке немесе оңға қарай иіліп VII кеуде омыртқасы денесінің алдыңғы беті арқылы тікелей v.azygos-қа құйылады.
22.Тұрақты тістердің құрылысы мен формуласын жазыңыз.
23.Сүт тістердің құрылысы мен формуласын жазыңыз.
24.Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі. Жүректің артериялары, олардың жүрек қабырғаларына тармақталу ерекшеліктері. Веналары.
25.Тік ішек: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Тік ішек,rectum,нәжіс массасының жиналуы үшін қажет. Мүйіс деңгейінде басталып, олсегізкөз алдында кіші жамбасқа түсіп, алдыңғы-артқы бағытты екі иілім түзеді: біріншісі-жоғарғы, сегізкөз ойысына сәйкес дөңесі артқа қараған-flexura sacralis; екіншк- төменгі, құйымшақ бөлігінде дңесі алға қараған, шатаралық- flexura perinealis.Хирургияның дамуына байланысты қазіргі кезде оны бес бөлімге бөлген ыңғайлы: ампулаүстілік, жоғарғы-ампулалық, ортаңғы –ампулалық, төменгі –ампулалық бөлім және аралық бөлімдер.
Топографиясы.Тік іішектің артында сегізөз бен құйымшақ жатады, ал алдында еркектерде ішастары жоқ бөлімімен-шәуетқуықшалары мен шәует шығаратын түтікке, сондай-ақ олардың арасындағы несеп қуықтың бөлігіне, ал одан төменде қуықасты безіне жанасып жатады. Әйелдерде тік ішек алдынан жатырмен және қынаптың артқы қабырғасымен шектеседі. Тік ішек қынаптан дәнекер тін қабатымен, тік ішек-жатыр қалқасымен бөлінеді.
Шырышты қабық,tunica mucosa,ішек қабырғасы созылғанда оңай жазылып кететін көптеген бойлық қатпарлар түзеді. Canalis analis-те бойлық қатпарлар 8-10 мөлшерінде columnae analis деп аталатындар түрінде тұрақты болып қалады. Шырышастылық негіз, tela submucosa, күшті дамыған, бұл артқы тесік арқылы шырышты қабықтың сыртқа шығуына жағдай жасайды. Бұлшықетті қабық,tunica muscularis,екі қабаттан тұрады:сыртқы-бойлық, ішкі- циркулярлық қабаттан тұрады.Ішкі қабатаралық бөлімнің жоғарғы бөлігінде 5-6мм-ге дейін жуандап, осы жерде сфинктер,m sphincter, түзеді, оның биіктігі 2-3см, аналь тесігінің терімен қосылатын жерінде аяқталады.
Тік ішектің қанмен қамтамасыз етілуі.Тік ішек қабырғасын жоғарғы тік ішек артериясы, a.rectalis superior , (төменгі шажырқайлық артерияның тармағы) , жұп ортаңғы және төменгі тік ішек артериялары, aa.rectales media et inferior, (ішкі мықын артерияларының тармақтары)қанмен қамтамасыз етеді.
Тік ішектің парасимпатикалық нервтенуі ішкі мүшелік бел нервтерімен және симпатикалық нервтенуі төменгі шажырқайлық өрім тармақтарымен жүреді.Сонымен қатар жоғарғы және төменгі құрақ асты өрімдерінен ішек қалыңдығына ортаңғы және төменгі тік ішек өрімдері қалыптасады.
26.Кава-кавальды анастомоздар және олардың маңызы.
Бауырда қан ағыны үшін кедергі пайда болғанда (цирроз)қақпа венасы жүйесінен айналма жол ретінде қан ағу үшін маңызы портокавалды және кавокавалды анастомоздар пайда болады.Мұндай кезде кіндік айналасындағы веналар кеңейіп өзіне тән түрге ие болады(медузаның басы)
Артқы жағында, бел аймағында, тоқ ішектің мезоперитонеалды бөлімдер веналары (қақпа венасы жүйесінен) мен қабырғақасылық- vv.lumbales (v.cava inferior жүйесінен) түбірлері арасында.
Сонымен қатар, артқы құрсақ қабырғасында vv.lumbales түбірлері (v.cava inferior жүйесінен) мен v.lumbalіs ascendens арасында кавокавалды анастомоз бар. v.lumbalіs оі жағында сыңар венаға,сол жағында жартылай сыңар венаға жалғасады, ал олар v.cava superior-ға барып құйылады.
Vv.lumbales және мойын аймағында жоғары қуыс венаның түбірлері болып табылатын омыртқааралық веналар арасындағы кавокавалд анастомоз.
27.Порта-кавальды анастомоздар және олардың маңызы.
Қақпа венасы түбірлері жоғарғы және төменгі қуыс веналар жүйелеріне жататын венлар түбірлерімен анастомозданып, тәжірибелік маңызы бар портокавалды анастомоздар түзеді.
Егер құрсақ қуысын шаршымен салыстырсақ, онда бұл анастомоздар оның барлық жақтарында жатады:
1.Жоғарыда, өңештің, pars abdominalis-інде қақпа венасына құятын v.gastricae sinistrae мен vv.azygos et hemiazygos-те арқылы v.cava superior -ға құятын vv.esophagae түбірлері арасында
2.Төменде тік ішектің төменгі бөлігінде v.mesenterica inferior арқылы қақпа венасына құятын v.rectalis superior мен v.iliaca interna-ға, одан әрі v.cava inferior -ға баратын v.iliaca communis-ке құятын vv.rectales media(v.iliaca interna саласы ) et inferior (v.pudenda interna саласы) арасында.
3.Алдыңғы жағында, кіндік аймағында lig.teres hepatic қабатындақақпа венасына баратын vv.paraumbilicalis пен v.cava superior жүйесіне баратын (v.thoracica interna, v.brachiocephalica арқылы) v.epicastrica superior және v.cava inferior жүйесіне баратын (v.iliaca externa, v.iliaca communis арқылы) v.epicastrica inferior салалары анастомозданады.
28.Өңеш: топографиясы, бөлімдері, тарылулары, құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Жауабы: Өңеш,esophagus, жұтқыншақ пен асқазанның аралығында, алдынан артына қарай қабысып орналасқан, ұзындығы 25-30 см түтіктәрізді мүше. Өңеш орналасуына қарай: мойындық бөлікке,pars cervicalis, кеуделік бөлікке, pars toracica және құрсақтық бөлікке,pars abdominalis, бөлінеді.
Топографиясы:
-Өңештің мойындық бөлігі, pars cervicalis, ол VI- мойын омыртқа мен II- кеуде омыртқалардың аралығында орналасқан.Өңештің бұл бөлігінің алдыңғы беті кеңірдекпен,бүйір қапталы жалпы ұйқы артериясымен,a.carotis communis, және қайрылма көмей нервімен,n.laryngeus reccurens, шектеседі.
-Өңештің кеуделік бөлігінің, pars toracica , топографиялық орналасуы өте күрделі:
а)Өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің алдыңғы беті- кеңірдектің сол жағының артқы бетімен, сол қайрылма көмей нервімен,n.laryngeus reccurens, жалпы ұйқы артериясымен шектеседі; оң беті: көкірекаралық өкпеқаппаен,pleura mediastinalis; артқы беті омыртқа бағанасымен шектескен.
ә)Өңештің ортаңғы бөлігінің алдыңғы беті: кеуде омыртқаның тұсында кеңірдектің айырығымен,bifurcatio tracheae, және сол басты бронхпен шектеседі; артқы беті:кеуде түтігімен,ductus thoracicus; сол төменгі беті: қолқаның кеуделік бетімен,pars thoracicae aortae; оң беті: оң кезбе нервпен,n.vagus, және сыңар венамен,v.azygos, шектескен.
б) Өңештің төменгі бөлігінің артында және оң жағында қолқа, aorta; алдында жүрекқап, pericardium; сол кезбе нерв, n.vagus sinistra; артында жартылай сыңар венамен, v.hemyazygos, шектеседі
-Өңештің құрсақтық бөлігінің,pars abdominalis, алдыңғы және бүйір беттері ішастармен жабылып орналасқан; алдыңғы және оң беті бауырдың сол бөлігімен ; сол беті көкбауырдың жоғарғы ұшымен шектескен.
Өңештің құрылысы: өңештің мойындық бөлігі кеңірдекпен жанасуына байланысты, оның өту жолы көлденең саңылау түрінде , кеуде бөлігінің өту жолы дөңгелек жұлдыз тәрізді болып келген, Өңештің қабырғасы ас қорыту жүйесінің тікелей жалғасы болғандықтан, қабырғаларының құрылысы: шырышты , шырышасты бұлшықеттік, сыртқы дәнекер тінді қабаттан тұрады.
-Шырышты қабығы,tunica mucosa, ол жұтқыншақтың шырышты қабығының тікелей жалғасы.Шырышты қабығы қалыңдау болып келуімен қатар бұлшықеттік қабығыда жақсы дамыған. Шырышты қабығының қуысқа қараған беті көпқабатты эпителиймен қапталған. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде өңеш бездері,glandulae esophageae, мен дараланып орналасқан көптеген лимфа түйіндері болады.
-Шырышасты негізі, tela submucosa, жақсы дамыған.Шырышасты негізі аралығында қантамыр өрімдері мен нервтер орналасқан іркілдеген жылжымалы дәнекер тіннен тұрады.Шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты, өңештің ішкі бетінде бойлық қатпарлар түзіледі.Бұл шырышты қатпарлар, өңештің көлденең кесіндісінде жұлдыз тәрізді болып келеді.Шырышасты негізінің әсерінен шырышты қабығы жылжымалы келіп, тамақтың өңеш арқылы өтуін жеңілдетеді.
-Өңештің бұлшықеттік қабығы, tunica muscularis, сыртқы бойлық, stratum longitudinale, және дөңгелек қабаттан, stratum circulare, тұрады. Құрылысы жағынан өңештің жоғарғы бөлігінгің бұлшықеттік қабығы көлденең-жолақты ерікті еттік қабаттан тұрады, ортаңғы бөлігінде –аралас, төменгі бөлігі бірыңғай салалы бұлшықеттік қабаттан тұрады.
Өңештің қанмен қамтамасыз етілуі: өңештің мойындық бөлігі төменгі қалқанша артериясының(a.thyroidea inferior) өңештік тармақтарымен, rr.esophagei кеуделік бөлігін кеуде қолқасының(aorta thoracica) тармағы, өңештік тармақтармен, rr.esophagei, құрсақтық бөлігін сол асқазан артериясының тармағы, өңештік тармақтармен, rr.esophagei, қандандырылады.
Өңештің анатомиялық тарылулары:
-Жұтқыншақтық тарылу, жұтқыншақтың өңешке өткен жерінде(6 мойын омыртқасы деңгейінде ) орналасқан.
-Бронхтық тарылу, кеңірдектің бифуркациясының тұсында немесе өңештің сол жақтық бронхпен(5 кеуде омыртқасы деңгейі) шектескен жерінде орналасқан
Өңештің физиологиялық тарылулары:
-Қолқалық тарылу, өңештің қолқа доғасымен жанасқан жерінде орналасқан.
-Кардиальды тарылу, өңештің асқазанға өтетін жерінде орналасқан. Бұл тарылулар тірі адамда ғана байқалады.
29.Тіл: құрылысы, қызметтері.Тілдің бұлшықеттері. Тістің құрылысы. Тұрақты және сүт тістер. Тіс формуласы. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Жауабы: Тіл,lingua, бұлшықетті мүше. Ол ауыз қуысының ауыз қуысының төменгі қабырғасына жақын тіласты безі, мен жақ-тіл астылық бұлшықеттің үстінде орналасқан. Тіл ауыз қуысының сілекей бездерінің секреті арқылы ұнтақталған тамақты жұтыну актісі кезінде аран арқылы жұтқыншаққа өткізіп, сөйлеу және тамақтың дәмін анықтайтын күрделі мүше. Тілдің ұшы, денесі, және түбі ажыратылады.
Тілдің шырышты қабығының бүртіктері:
1.Тілдің жіп тәрізді және конустәрізді бүртіктері, papillae filiformes et papillae conicae ,тілдің бүкіл дорзалді бетін жауып,тіл ұшынан түбіне дейінгі аралықта орналасқан.Тілдің дорзалды бетінің немесе арқашығыныңбархыт тәрізді болып келуі осы бүртіктерге байланысты.Жіп тәрізді және конустәрізді бүртіктердің негізгі қызметі:жалпы сезімдерді қабылдау.
2.Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер, papillae fungiformis, тілдің бүйір беттерінде,арқашығында шашыранды түрде,тіл ұшында топталып орналасқн.Мұндай бүртіктердің қызыл түсті болып келуі қан тамырлар капиллярларыныңбеткей орналасуына байланысты.
Қызметі: тамақтың тәтті және қышқыл дәмін анықтау.
3.Науашықтәрізді бүртіктер, papillae vallatae бүртіктердің жалпы саны 7 – 12-дей, олар тіл түбінің маңында шекаралық саланың алдында бұрыш құрап орналасқан.Науашықтәрізді бүртіктердің көлденең ені 2 – 3 мм-дей.Бүртіктердің ұшында дәм сезгіш рецепторлар орналасқан.
Қызметі: дәмді сезу.
4.Жапырақтәрізді бүртіктер,papillae foliatae, олар тілдің бүйір қабырғаларында орналасқан.
Қызметі:тұзды, тәтті сезімдерде қабылдау.
Тілдің шырышты қабығы тіл түбіне қарай өтіп,көпқабатты эпителиймен қапталған шырышты–қабыққа жалғасады.Тіл түбінің шырышты қабығын құрап,көмейдің бөбешігіне, epiglottis қарай өтіп,ортаңғы тіл–бөбешік қатпарын, plica epiglottis medialis,және латералды тіл-бөбешік қатпарын, plica epiglottis lateralis, аралығында орналасқан қорғаныш қызметін атқаратын тіл-бөбешік қалтасын құрайды.
Тілдің төменгі бетінің шырышты қабығы бұрыш құрап орналасқан шашақтәрізді екі қатпарды құрайды.Шашақтәрізді қатпарлар,тіл ұшында бұрыш құрай түйісіп,ауыз қуысының түбінде алшақтай өтіп,аралығында тіл жүгеншігін, frenulum linguae, құрайды.Тіл жүгеншігінің төменгі бөлігінің бүйір қапталында,тіласты бүртігі,caruncula sublingualis,орналасқан.Бұл бүртіктің артқы бүйір қапталында,тіласты сілекей безінің меншікті түтіктері ашылатын тіласты қатпары, plica sublingualis, орналасқан.
Тіл бұлшықеттері.
Тіл бұлшықеттері,көлденең – жолақты ерікті бұлшықеттерден тұрады.
Топогрофиялық орналасуына қарай тіл бұлшықеттері скелеттік және меншіктік бұлшықеттерге бөлінеді.
Тілдің бұлшықеттері:
1.Біз – тіласты бұлшықеті, m.styloglossus, самай сүйектің біз тәрізді өсіндісінен басталып,тіл түбінің маңында тілдің меншікті жоғарғы және төменгі бойлық бұлшықеттеріне жалғасады.
Қызметі: тілді жоғары және артқа тарту.
2. Тіласты – тіл бұлшықеті, тіласты сүйегінің денесінен және үлкен, кіші мүйіздерінен басталып,тілге қарай өтіп, тілдің көлденең бұлшықетіне жалғасады.
Қызметі: тілді төмен және артқа қарай тарту.
3.Иек – тіласты бұлшықеті, m.geniaglossus, ол төменгі жақсүйектің иектік қылқанынан, басталып, тілдің меншікті вертикалды бұлшықетіне жалғасады.
Қызметі: тілді төмен және алға қарай тарту.
Тілдің меншікті бұлшықеттері:
1. Тілдің жоғарғы бойлық бұлшықеті,m.longitudinalis superior, тілдің біз – тіласты бұлшықетінің тікелей жалғасы. Бұлшықет тіл түбінің маңынан басталып, бойлай алға қарай өтіп, тіл ұшындағы фасциялдық қабыққа барып бекиді.
Қызметі: тілді қысқартып, тіл ұшын жоғары көтеру.
2. Тілдің төменгі бойлық бұлшықеті, m.longitudinalis inferior, бұл бұлшықетте біз – тіласты бұлшықетінің тікелей жалғасы. Ол тіл түбінің маңындағы фасциялдық қабыққа барып бекиді.
Қызметі: тілді қысқартып,арқашығын жоғары көтеріп, тіл ұшын төмен түсіру. Біржақты жиырлғанда тілді бүйір жағына тартады.
3. Тілдің көлденең бұлшықеті, m.transversus linguae, ол тілдің тіл асты – тіл бұлшықетініңбүйірқапталында орналасқанфасциялдықтінге барып бекиді.
Қызметі: тілдің көлденең енін кішірейту.
4.Тілдің вертикалды бұлшықеті,m.verticalis linguae, тілдің бүйір бөлігінде орналасқан,тілді жалпайтады.
Тідің қанмен қамтамасыз етілуі
Тіл сыртқы ұйқы артериясының тармағы тіл артериясымен, a.lingualis,қанмен қамтамасыз етіледі.
Тіл нервтері бірнеше қайнар көздерінен қалыптасады. Тілдің бұлшықеттерін, тіл асты нерві, n.hypoglossus, нервтендіріледі.
Тілдің шырышты қабығының алдыңғы үштен екі бөлігі тіл нервісімен, n.lingualis, артқы үштен бірі IX жұп тілжұтқыншақ нерв талшықтарымен, тіл түбінің шырышты қабығы Х жұп кезбе нервтің жоғарғы көмей нервімен;алдыңғы үштен екі бөлігі VII жұп бет нервісінің дабыл ішегінің, талшықтары құрамында тіл нервімен нервтендіріледі.
Тіс, dens, шайнау және сөйлеу аппаратының негізі болып саналады.Тіс: тіс сауытынан, corona dentis, мойнынан,cervix dentis және түбірінен,radix dentis, тұрады.
Тіс сауыты,corona dentis, қызылиектен жоғары орналасқан. Тіс сауытының тілдік беті,facies lingualis, кіреберістік беті, facies vestibularis, түйісу беті,facies contactus, артқы беті және қабысу беті, facies occlusalis, ажыратылады.
1.Тіс түбірі, radix пішіні конус тәрізді, жоғарғы жақ сүйек пен төменгі жақ сүйектің ұяшықтық өсінділерінде орналасқан.
2. Тіс мойны, cervix, тіс сауыты мен түбірінің аралығында орналасқан бөлік.Тіс сауытының ішінде шағын келген тіс сауыт қуысы бар Тіс сауыт қуысының ішінде тісті қандандырушы тамырлар мен нервтерге бай жұмсақ заты орналасқан. Тіс затының құрылысы:
а) эмаль
ә)Дентин
б)цемент
Тіс жалпы пішініне және атқаратын қызметіне қарай: күрек, ит, кіші азу және үлкен азу тістерге бөлінеді.
Тістердің арбір қатары симметриялы орналасқан. Тістердің сан түрінде белгіленген түрі тістердің формуласы деп аталады. Ересек адамның тұрақты тістерінің жалпы формуласында горизонталді сызықтың жоғарғы бөлігінде жоғарғы жақсүйектің тістері белгіленсе, төменде төменгі жақ сүйектің тістері, оң және сол жақ болып бөлінеді.
Тістердің қанмен қамтамасыз етілуі: тістерді жоғарғы жақсүйек артериясының артқы жоғарғы ұяшықтар артериясы, aa.alveolares superiors posteriores; Алдыңғы тістерді көзұясы артериясының тармақтары-aa.alveolares superiores anteriores; төменгі жақсүйек тістерін төменгі жақсүйек артериясының тармағы төменгі ұяшық артериясы a.alveolaris inferior, қанмен қамтамасыз етеді.
30.Мұрын қуысы: қабырғалары, мұрын жолдары, мұрынмаңы қойнаулары, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Жауабы: Мұрын қуысы, cavum nasi, сыртқы мұрын мен бет сүйектерімен шектелген. Мұрын қуысы кіреберіс бөлігіне, vestibulum nasi, және меншікті мұрын қуысына, cavum nasi proprium, бөлінеді. Мұрын қуысы кіреберісі, vestibulum nasi, меншікті мұрын қуысынан мұрын қуысының босағасы, limen nasi, арқылы шектелген. Мұрын қуысы кіреберісінің терісінде май бездері мен тер бездері және шаштар немесе вибристер көптеп орналасқан. Меншікті мұрын қуысының, cavum nasi proprium, қабырғалары сыртқы мұрын мен бет сүйектерінен тұрады. Мұрын қуысының: жоғарғы, төменгі, латеральды және аралық қабырғалары ажыратылады.
-Жоғарғы қабырғасы: сыртқы мұрынның латеральді шеміршегінен, cartilage nasi lateralis, мұрын сүйегінен, os nasale, торлы сүйектің торлы табағынан, lamina cribrosa, сынатәрізді сүйек денесінен,corpus ossis sphenoidalis, түрады;
-Төменгі қабырғасы: қатты таңдай, palatum durum, мен жұмсақ таңдайдан, palatum molle, тұрады;
-Бүйір қабырғасы: сыртқы мұрынның латеральді шеміршегінен, жоғарғы жақсүйектің мұрын бетінен, facies nasalis maxillae, таңдай сүйектің перпендикулярлы табағанаң мұрын бетінен, lamina perpendicularis, торлы лабиринттің мұрын бетінен, facies nasalis labirinthi ethmoidalis, көзжас сүйегінен, os lacrimalis, және төменгі мұрын қалқанынан, concha nasalis inferior, тұрады.
Мұрын қуысының бүйір ұабырғасындағы үш мұрын қалқанының аралығында: жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары және мұрын жанындағы қойнаулардың мұрын қуысымен жалғасатын тесіктері орналасқан.
1.Жоғарғы мұрын жолы, meatus nasi superior, жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқандарының аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолы сынатәрізді сүйектің қойнауымен, sinus sphenoidalis және артқы торлы ұяшықпен, cellulae ethmoidalis posterior, байланысқан.
2.Ортаңғы мұрын жолы, meatus nasi medius, ортаңғы және төменгі мұрын қалқандарының аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолы маңдай қойнауымен, sinus frontalis, жоғарғы жақсүйек қойнауымен, sinus msxillaris, және алдыңғы, ортаңғы торлы ұяшықтармен, cellulae ethmoidalis anterior et medius, байланысқан.
3.Төменгі мұрын жолы, meatus nasi inferior, ол төменгі мұрын қалқаны мен таңдайдың аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолына мұрын-көзжас өзегі, canalis nasolacrimalis, ашылады, және күрек тіс өзегі, canalis incisivus, арқылы ауыз қуысымен байланысады.
-Мұрын қуысының аралық қабырғасы: желбезек, vomer, пен мұрын қуысының аралық шеміршегінен,cartilage septi nasi, тұрады.
Мұрын қуысының шырышты қабығы, tunica mucosa, кірпікшелі эпителиймен көмкерілген, терең қабатында шырышты бездермен қатар күрделі ұяшықты, шырыш-сірлі бездер көптеп орналасқан.Сонымен қатар, шырышты қабықтың астында, төменгі және ортаңғы мұрын жолдарының тұсында ауаны жылытуға арналған қалқандардың үңгірлі веноздық өрімдері, plexus cavernosi concharum, орналасқан. Шырышты қабық топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай: мұрын қуысының жоғарғы мұрын жолының маңында орналасқан иіс сезу аймағына, region olfactoria және ортаңғы, төменгі мұрын жолының маңында орналасқан тыныс алу аймағына, region respiratoria, бөлінеді.
Қанмен қамтамасыз етілуі: мұрын қуысының шырышты қабығы (жоғарғы жақсүйек артериясының тармағы) сынатәрізді-таңдай артериясының тармақтарымен, a.sphenopalatina, және (көз артериясының тармағы) жұп алдыңғы және артқы торлы артериялар, aa.ethmoidalis anterior et posterior, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.
Нервтендірілуі: мұрын қуысы мен сыртқы мұрын үшкіл нервтің бірінші және екінші тармақтарымен нервтендіріледі. Мұрын қуысының шырышты қабығының алдыңғы бөлігін (үшкіл нервтің, n.trigeminus, бірінші тармағының) мұрынкірпіктік нервтің тармағы, n.nasociliaris, алдыңғы торлы нерв тармақтарымен, n.ethmoidalis anterior, қалған бөлігін – мұрын қалқанын (n.maxillaris, тармағы) мұрын-таңдай және артқы мұрын нервтерінің, nn.nasales posteriors et nasopalatinus, тармақтары, мұрын қуысының шырышты қабығының бездерін қанат-таңдай түйіні тармағы, мұрын таңдай нерві мен артқы мұрын тармақтары, rr.nasales posteriors et n.nasopalatinus, нервтендіреді.

Приложенные файлы

  • docx 23757237
    Размер файла: 157 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий