5.3.2.1, 5.3.2.3. Командаларды қолдану


Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3 бөлім – Команда бойынша Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия
Күні: 30.01.2018ж. Мұғалімнің аты-жөні : Баумуратова Айман
Сынып: 8ғ Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Графикалық режим
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Графикалық режим операторларын пайдаланып программа құра алады.Сабақ соңында бүгінгі өткен тақырып бойынша, оқушылар паскаль тілінде қалай сурет салуға болатындығын меңгеріп шығады.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: оператор не екендігін біледі
Оқушылардың басым бөлігі: программамен жұмыс істей алады
Кейбір оқушылар: прграмманы толықтай менгерген
.
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу, түсіну, қолдану, жинақтау.
Бағалау критерийлері
Тілдік мақсаттар Лексика және терминология:
-
Пәнаралық байланыстар Геометрия, сызу алгебра
Алдыңғы меңгерілген білім
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері РесурстарСабақтың басы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
4 мин
«Жүректен шыққан жылы сөз» әдісі
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Доп лақтыру» әдісі
5 мин
Білу
(сұрақ - жауап әдісі бойынша)
Сабақтың ортасы
1.Жаңа сабақ.
30 минут
Түсіну және қолдану
2.Практикалық жұмыс.
Сергіту сәті:
Сабақтың соңы
10 минут
Талдау
Жинақтау Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
Оқушылар шеңбер құрып арнайы дайындалған жүрекшені бір-біріне жылы лебіздерін айтып береді және сол жүрекшенің ішінде үш түрлі сөздер болады, сол бойынша үш топқа біріктіріледі.
Оқушыларға допшаны лақтыра отырып үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы сұраймын, жауап бермеген топ басқа топтың оқушыларына жібереді.
Сұрақ қою арқылы тексеремін.
1. Паскаль тілінде операторлар қанша бөліктен тұрады?
2. Қарапайым оператор дегеніміз не?
3. Күрделі оператор дегеніміз не?
4. Меншіктеу операторы дегеніміз не?
5. Goto операторының міндеті қандай?
6. Қарапайым операторларға қандай операторлар жатады?
7.Циклдік алгортимдердің түрлерін ата және қызметтері қандай?
Дескриптор
1. Паскаль тілінде операторлар қанша бөліктен тұратындығын біледі
2. Қарапайым операторлармен танысады
3. Күрделі оператор дегеніміз не екендігін ұғады
4. Меншіктеу операторын біледі
5. Goto операторының міндеті қандай екендігін біледі
6. Қарапайым операторларға қандай операторлар жатадығын үйренеді
7.Циклдік алгортимдердің түрлері мен танысады
Турбо Паскальда графикамен жұмыс істеу үшін графиктік операторларды (Uses), драйверлерді   (GraphDrіver),   модульдерді (Crt, Graph),  режимдерді (GraphMode, CloseGraph) қосуымыз қажет.
Арнайы графиктік оператор Uses болып табылады.
Турбо Паскальда графикалық бейнелерді салу үшін стандартты кітапханалық Graph модулі арналған. Ол әр түрлі адаптерлі дисплейлерде графикалық режимдерді толығымен басқарудықамтамасыз ететін программалардың кітапханасы. Ал Crt модулі экранға ақпарттарды шығаруды, пернетақтадан берілгендерді енгізуді, сол сияқты терезелермен жұмыс істеуді, дыбыстық сигналдар мен түрлі-түсті текстік жолдарды экранға шығаруды қамтамасыз етеді.
Координаттар жазықтығыТурбо Паскальдағы графикалық режимде төмендегі координаттар жазықтығы  пайдаланылады.
Графикалық режимдегі координаталар жазықтығындағы бірінші Х координатасы көлденеңінен солдан оңға, ал екінші У координатасы тігінен жоғарыдан төмен қарай өзгеріп отырады. Координатаның басы сол жақ жоғарғы бұрыштағы (0,0)  координатасы болып табылады. Х координатасында  640, ал  У  координатасында 480 нүктесі бар, яғни координатаның оң жақ төменгі бұрыштағы нүкте (640,480)
PutPixel процедурасы – берілген орынға берілген түс бойынша нүкте бейнелейді. Жазылуы: 
Procedure PutPixel (X, Y: Integer; Color: Word);Мұндағы X, Y – координаталар, Color – түсі.
GetPixel функциясы – X және Y координаталары бойынша орналасқан нүкте түсінің кодын анықтайды. Жазылуы: 
Function GetPixel (X, Y: Integer) :Word;
Line процедурасы – берілген координаталар бойынша 2 нүкте аралығындағы түзуді бейнелеу процедурасы. Жазылуы: 
Procedure Line (X1, Y1, X2, Y2: Integer);Түзудің қалыңдығы мен бейнелеу түрін SetLineStyle процедурасының көмегімен анықтаймыз. Ал түзудің түсін SetColor процедурасымен анықтаймыз.
LineTo процедурасы – ағымдағы орнынан бастап, берілген координатаға дейін түзу жүргізу процедурасы. Жазылуы: 
Procedure LineTo (X, Y: Integer);GetLineSettings процедурасы – түзудің ағымдық стилін қайтарады. Жазылуы: 
Procedure GetLineSettings (Var StyleInfo: LineSettingsType);
SetlineStyle процедурасы – сызылатын түзудің  стилін құрады. Жазылуы:
Procedure SetLinestyle (Type, Pattern, Thick: Word);
Rectangle процедурасы – ағымдағы түсі және түрі  бойынша төртбұрыш бейнелейді. Жазылуы: 
Procedure Rectangle (X1, Y1, X2, Y2: Integer);
Мұндағы X1,Y1 – төртбұрыштың сол жақ жоғарғы нүктесінің координатасМысал экранға қоныр түсті үшбұрыш салу программасын жаз.
Program  Сурет-1;
Uses GraphABC;
BTGIN
Line (100, 100, 150, 50);
Line (150, 50, 200, 100);
Line (200, 100, 100, 100);
Floodfill(120,90,clbrown)
end


“ Информатика” сөзінен сөздер құрастыру
Өткен тақырыпты бекіту.1.Экран фонының және фигура жиегінің түсін білдіретін процедураларды ата.
2.Боялған нүкте және шеңбер салу процедурасына сипаттама бер.
3.Тік төртбұрыш және түзу салу процедурасына сипаттама бер.
4.Тұйық облысты бояу процедураларын ата.
5.Тұйық облыс дұрыс боялуы үшін нені ескерҮйге:
-Боялған тең бүйірлі үшбұрыштың ішіне боялған тіктөртбұрышты, ал оның ішіне боялған шеңберді салуға программа құр.  
-Боялған тікбұрышты үшбұрышқа боялған іштей және сырттай шеңберлерді салуға программа құр.
-Боялған тең бүйірлі трапецияға іштей шеңбер, ал оның ішіне тең қабырғалы үшбұрыш салуға программа құрРефлексия. Арнайы дайындалған жүрекше қағаздар
Доп, стикер

Слайд Дәптер, қалам.
Турбо Паскаль редакторы
Турбо Паскаль редакторы
Сұрақ-жауап.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Тапсырмалар арасында өзара байланыс орнату үшін,
«Доп лақтыру» әдісімен оқушыларды қамтып үй тапсырмаларын сұрадым. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
«Джигсо» әдісі бойынша жаңа сабақ ұғындырылды
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сабақты қорытындыладым
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Әр тапсырмаларды орындаған кезде оқушыларды « «Геометриялық фигуралар», бойынша бағалап отырдым. Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. Құндылықтардағы байланыс
Ынтымақтастық атмосферасын орнату кезінде және сергіту сәтін жасағанда, әрбір тапсырманы орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтап отырдық
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы бағалау
Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақта екі нәрсе сабақты жақсарта алды(оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Приложенные файлы

  • docx 23745925
    Размер файла: 991 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий