Уч прогр ГЭК ХТОВ каз 15-16++++


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Химиялық технология кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Қ.Жұбанова атындағы АӨМУ ректоры
профессор___________КК.Кенжебаев
«_____» _____________20_____ж.
5В072100-«ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
мемлекеттік емтихан БАҒДАРЛАМАсы
Ақтөбе – 20 __ ж.
Бағдарлама 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының үлгілік оқу жоспарының талаптарына сай, пәндердің үлгі оқу бағдарламарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған.
Орындаушылар: х.ғ.к., аға оқытушы Убайдулаева Н.А., аға оқытушы Айжарикова А.К., х.ғ.к., доцент Тастанова Л.К., оқытушы Махамбетова Ж.К.
Бағдарлама Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді.
Хаттама № 5 «29» 12. 2015 ж.
Сын-пікір берушілер:
Дильмагамбетов С.Н. – х.ғ.к., М. Оспанова атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Химиялық пәндер» кафедрасының профессоры
Орынбасар Р.О. – х.ғ.к., Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, «Мұнайгаз ісі» кафедрасының меңгерушісі
АЛҒЫ СӨЗ
Мемлекеттік квалификациялық емтихан тапсыру кезінде студент келесідей білім көрсету керек:
жалпы химиялық профильді (бейорганикалық химия, органикалық химия, физикалық химия) базалық пәндерден;
жалпы инженерлік профильді (жалпы химиялық технология, химия өндірістерінің негізгі процестері мен аппараттары, химия өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау) базалық пәндерден;
кәсіптендіру пәндерінен (көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы, органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері, органикалық заттардың химиясы мен физикасы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы, жобалау негіздері және кәсіпорын жабдықтары);
технологиялық схемалар құру, қалдықсыз технологиялар жобалау, сәйкес негізгі және қосалқы жабдықтарды таңдау принциптерін;
салалық және кәсіпорын экономикасы, өндірісті ұйымдастыру, жобалау және басқару негіздерінен.
Мамандық бойынша мемлекеттік квалификациялық емтихан тапсыру кезінде студент келесідей біліктіліктер көрсете білу керек:
өндірістің технологиялық схемасын таңдау және құру;
өндірістің тиімді технологиялық режимін таңдау;
берілген физикалық-химиялық және эксплуатациялық қасиеттері бар өнімдер алуға негізгі аппараттар мен қосалқы жабдықтарды есептеу және таңдау;
өндірістің материалдық және жылулық ағындарын есептеу, жеке жағдайларда ЭЕМ қолданумен;
өндірістің экологиялығын бағалау, түзілетін қалдықтарды утилизациялау шараларын қарастыру;
техникалық шешімдердің экономикалық эффективтілігін бағалау;
еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын жобалау.
БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
Көмірсутекті шикізатты өңдеу технологиясы
Көмірсутекті шикізаттарды алғашқы өңдеу технологиясы. Мұнайды өңдеудің бағыттары және ғылыми негіздері
Мұнай өңдеу және мұнайхимия өндірісінің даму тарихы, негізгі бағыттары мен келешегі. Мұнай өңдеу және мұнайхимия өндірісінің жаңа, өнімділігі жоғары, үнемді технологиялық процестерін жасау және меңгеру.
Отын өндірісінің даму тарихы. ҚР және шет елдерде мұнай мен газды өндіретін және өңдейтін негізгі аймақтар.
Көмірсутекті заттардың пайда болуының заманауи түсініктері, олардың құрамы мен қасиеті; мұнай, газ, көмірдің пайда болу заңдылықтары; мұнайдың хмиялық және технологиялық классификациясы мен мұнай өнімдерінің тауарлық сипаттамалары.
Мұнай мен газды өңдеуге даярлау процестерінің технологиясы. Табиғи және ілеспе газдардың құрамы. Мұнайдағы қоспалар және оларды тасымалдау мен өңдеуге әсері. Газдарды кептіру және күкіртсіздендіру. Мұнайды газсыздандыру және тұрақтандыру. Мұнай кешенініде мұнайды жинау, сусыздандыру және тұзсыздандыру. Мұнайды сорттау. Жеңіл фракциялардың жоғалуымен күрес. Мұнай эмульсиясының түрлері және оларды бұзу әдістері. Мұнайды сусыздандыру және тұрақтандыру процесінің теориялық негіздері.
Мұнай көмірсутек шикізатын бөлу және алғашқы өңдеудің негізгі әдістері
Мұнай мен газды айдаудың теориялық негіздері. Біртіндеп және бір рет буландыру. Негізгі физикалық және физика-химиялық заңдылықтары. Мұнайды бір- және көпсатылы айдау әдістері. Вакуумда, қысыммен, су буының қатысуымен, буландырғыш агентті қолдану арқылы айдау. Азеотропты және экстрактивті айдау. Негізгі физикалық және физика-химиялық заңдылықтар. Алынатын әдістердің қолдану аймақтары.
Мұнайды алғашқы айдау қондырғыларының сыныптамасы. Мұнайды алғашқы айдаудың бір- және көп сатылы құбырлы қондырғылары. Мұнайды атмосфералық және атмосфералы-вакуумды айдау қондырғыларының технологиялық схемасы. Мазутты вакуумды айдаудың технологиялық схемасы. Мұнайды алғашқы айдау қондырғыларының негізгі аппараттары жылуалмастырғыштар, пештер, колонналар, конденсатор салқындатқыштар, реакторлар, сепараторлар, газгольдерлер, электродегидраторлар, насостар.
Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының аппараттары, олардың түрлері мен негізгі технологиялық көрсеткіштері. Мұнай мен газды алғашқы өңдеу процесінің аппараттары мен жабдықтары.
Ректификациялық колонналар мен қолданылатын табақшалар түрлері. Ректификациялық колоннаның материалдық және жылулық тепе-теңдігі. ИТК, ОИ қисығын тұрғызу. Колоннаның температуралық режимін реттеу әдістері (қысымы, температурасы және төменгі бөлігіне жылу беру әдістері).
Вакуум жасаушы құрылғылар. Адсорбция, десорбция және тұрақтандыру процестерінің колонналарының ерекшеліктері. Колоннаның негізгі өлшемдерін анықтау.
Жылуалмастырғыш аппараттар, классификациясы мен түрлері. Жылу алмастырғыштың түрін таңдау және есептеу. Жылуды регенерациялаудың көрсеткіштері.
Конденсаторлар мен салқындатқыштар, конструкциялық ерекшеліктері мен салқындатушы агенттер.
Құбырлы пештер, классификациясы, температуралық режимі, жылу тепе-теңдігі, технологиялық есептеу элементтері.
Мұнай мен газды өңдеудің заманауи өндірістік қондырғылары; АҚ, ВҚ және АВҚ қондырғыларының түрлері мен қолданылуы; мұнайды алғашқы өңдеуге арналған ЭСТҚ-АҚ, ЭСТҚ-АВҚ құрама қондырғылары, алынған өнімдердің классификациясы мен тауарлық сипаты.
Көмірсутекті шикізаттарды терең өңдеу технологиясы. Екінші қайта өңдеудің термиялық процестері
Мұнай мен газды алғашқы өңдеу өнімдерін қайта өңдеу – құрылымын өзгертіп өңдеу процестерінің классификациясы.
Көмірсутекті шикізаттарды өндіру және өңдеу технологиясының теориялық негіздері туралы негізгі ұғымдары; органикалық заттарды өңдеу процестерінің (термиялық крекинг, каталитикалық крекинг, каталитикалық риформинг, гидро-гендеу және полимерлеу процестері) физика-химиялық негіздері.
Көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу процестерінің режимі мен жылулық қасиеттері; термиялық процестердің типтері мен мақсаты;
Дистиллятты шикізаттың термиялық крекингі, мақсаты, негізгі факторлары, алынған өнімдердің қолданылуы; принципиалды технологиялық схемасы. Ауыр шикізатты висбрекингтеу қондырғысы; ауыр мұнай қалдықтарын кокстеу, негізгі факторлары, алынған өнімдердің қолданылуы, технологиялық схемаларының түрлері; мұнай шикізатын пиролиздеу қондырғысы, мақсаты; техникалық көміртекті өндіру; мұнай битумдарын өндіру.
Мұнай фракцияларын өңдеудің термокаталитикалық процестері
Каталитикалық процестер, классификациясы мен мақсаттары. Каталитикалық крекинг процесінің катализаторлары, процестің химизімінің, механизімінің негіздері. Процестің кинетикасы, негізгі факторлары. Каталитикалық крекинг процесінің өндірістік қондырғылары. Процестің материалдық және жылулық тепе-теңдігі. Алынған өнімдердің сапалары мен қолданылуы. Каталитикалық крекингтің негізгі аппараттары мен жабдықтары.
Каталитикалық риформинг процесі. Катализаторлары. Процестің теориялық негіздері. Риформингтің негізгі факторлары. Каталитикалық риформингтің өндірістік қондырғылары. Ароматты көмірсутек өндіруге арналған каталитикалық риформинг.
Бензиннің пентан-гександы фракциясын каталитикалық изомерлеу. Каталитикалық изомерлеу процестің негізгі факторлары мен технологиясы. Процестің технологиялық жүйесі мен теориялық негіздері.
Гидрогендеу процестері: гидротазалау, гидрокрекинг. Гидрогендеу процестерінің химизмі мен механизмі, катализаторлар мен олардың әсер ету механизмі. Процестің технологиялық өнідірістік жүйесі.
Мұнайды өңдеудің ағындық жүйесі және төмен қайнаушы фракцияларын өңдеу процестері
Зауыт газдарының қасиеттері, компоненттерге бөлу және оларды отын және мұнай химия синтезінің шикізаты ретінде өңдеу: Өндірістік ГФУ және АГФУ қондырғылары.
Изобутанды олефиндермен каталитикалық алкилдеу, алкилат жоғары октанды бензиннің компоненті. Процестің мәні, негізгі факторлары мен технологиясы. Каталитикалық алкилдеудің өндірістік қондырғылары.
Газ түріндегі олефиндерді полимерлеу. Өндірістік қондырғылары.
МӨЗ сипаттамалары мен классификациясы. Отынды және комплексті әдістер бойынша мұнай өңдеудің ағындық схемалары. Автомобиль бензиндерін алудың перспективті процестері.
Мұнай шикізатының құрылымын өзгертіп өңдеуде қоршаған ортаны ластаушы көздер (тасталымдар).
Химиялық өндірістердің негізгі процестері мен аппараттары
Химиялық технологияның негізгі процестерінің түрлері. Стационарлы және стационарлы емес процестер. Үздіксіз және мерзімді әрекетті процестер. Химиялық технология процестері мен аппараттарының халық шаруашылығы және экологиялық проблемаларды шешудегі орны. Химиялық технология процестері мен аппараттары пәнінің дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. Қазақстан және шет ел ғалымдарының химиялық технология процестері мен аппараттары туралы ғылымға қосқан үлесі.
2. 1 Химиялық технология процестерінің теориялық негіздері
Масса мен энергияның сақталу заңдары. Материалдық баланстар. Термодинамиканың бірінші заңы (энергияның сақталу заңы). Жылу және қозғалыс мөлшерінің баланстары. Термодинамикалық тепе-теңдіктің заңдары. Термодинамиканың екінші заңы. Процестердің өту жылдамдығы және қозғаушы күші. Тепе-теңдік теңдеулері.
2.2. Гидромеханикалық процесер мен аппараттар
Сұйық орталарда араластыру. Араластырудың түрлері. Араластырудың қарқындылығы және тиімділігі. Механикалық араластыру. Сұйықтың араластырғышы бар аппараттарда қозғалысы. Араластыруға жұмсалған энергия шығыны. Араластырғыштардың конструкциялары, олардың сипаттамасы және таңдау. Пневматикалық араластыру. Газ шығынын және қысымын анықтау. Циркуляциялық араластыру.
Сұйықтарды тасымалдау. Насостардың классификациясы (көлемдік және динамикалық). Насостардың негізгі параметрлері: өнімділік, тегеуірін, энергия шығыны, п.ә.к. Көлемдік және динамикалық насостар, олардың салыстырмалы сипаттамасы және қолданылу салалары. Сұйық берілуінің графиктері. Ортадан тепкіш насосты жүйе тармақтарына жұмыс істеуі, жұмыс нүктесі. Насостарды іске қосу және тоқтату. Насостардың конструкциялары (поршенді, ортадан тепкіш, өстік, тісті доңғалақты және т.б.).
Газдарды тасымалдау және сығу. Газдарды тасымалдау және сығу машиналарының классификациясы. Сығу дәрежесі. Көлемдік п.ә.к. және өнімділік. Машиналардың негізгі түрлерінің конструкциялары (поршенді, ортадан тепкіш және т.б.).
Газдарды тасымалдау және сығу машиналарының салыстырмалы сипаттамасы, олардың қолданылу салалары.
Сұйықты және газды әртекті жүйелерді ажырату. Әртекті жүйелердің негізгі сипаттамасы және классификациясы. Әртекті жүйелерді ажыратудың негізгі әдістері және олардың экологиялық мәні.
Ауырлық күшінің өрісінде ажырату. Тұндыру. Тұндырғыштардың түрлері және оларды есептеу.
Қысым айырмасының әсері арқылы ажырату. Сүзу. Тұнбалардың түрлері (сығылатын және сығылмайтын). Сүзу жылдамдығы және оның негізгі факторларға (қысым айырмасынан, температурадан, тұнба структурасынан) байланыстылығы. Сүзгілердің түрлері. Сүзгілерді есептеудің негіздері.
Сұйықты әртекті жүйелерді ажырату үшін қолданылатын негізгі сүзгілердің конструкциялары (сүзгі-престер, барабанды және т.б.). Газды әртекті жүйелерді ажырату үшін қолданылатын негізгі сүзгілердің конструкциялары (жеңді, түйіршікті қабат және т.б.). Ортадан тепкіш тұндырғыш және сүзгі.
Циклонды процесс. Ажырату факторы. Центрифугалау. Центрифугалардың түрлері. Негізгі мерзімді және үздіксіз әрекетті тұндырғыш, сүзгіш центрифугалардың конструкциялары. Центрифугалардың өнімділігін және центрифугалауға жұмсалатын энергия шығынын есептеу.
Газдарды электрлі өрісте тазалау. Негізгі электр сүзгілердің түрлері (құбырлы және пластиналы).
Газдарды сұйықтармен тазалау және сұйықты пайдаланатын аппараттардың негізгі түрлерінің конструкциялары (табақшалы, насадкалы және т.б.).
2.3. Жылу процестері мен аппараттары
Химиялық аппараттарға жылу жеткізудің өндірістік тәсілдері. Жылу жеткізу әдістерінің классификациясы. Жылу тасымалдағыштарға қойылатын талаптар. Су буымен және жоғарғы температуралы органикалық жылу тасымалдағыштардың буларымен ысыту. Ыстық сұйықтармен ысыту. Оттық газдармен ысыту. Электр тогымен ысыту.
Химиялық аппараттардан жылу алып кетудің өндірістік тәсілдері. Жылуды алып кету әдістерінің классификациясы. Сумен және төмен температуралы сұйық салқындатқыш агенттермен салқындату. Ауамен салқындату. Химиялық өндірістердегі су айналымдарының циклдары.
Жылу алмастырғыш аппараттар. Негізгі бетті жылу алмастырғыштардың классификациясы және конструкциялары (қаптама құбырлы, ирек құбырлы, пластиналы және т.б.). Араластырушы жылу алмастырғыштардың конструкциялары. Жылу алмастырғыштарды жобалау және тексеру мақсатымен, есептеу, олардың оптималды режимдерін анықтау.
Буландыру. Буландыру және оның қолданылу салалары туралы жалпы мәліметтер. Буландыруды жүргізудің әдістері. Бір корпусты және көп корпусты буландыру қондырғылары. Екіншілей буды термокомпрессиялау арқылы буландыру. Буландыру қондырғыларындағы температуралық шығындар. Біркорпусты және көпкорпусты буландыру қондырғыларының материалдық жылу баланстары. Температуралардың пайдалы айырмасын аппараттарға бөліп тарату. Көпкорпусты буландыру қондырғысындағы аппараттардың шектік және оптималды сандары. Көпкорпусты буландыру қондырғыларын есептеу.
Буландыру аппараттары. Буландыру аппараттарының негізгі түрлерінің конструкциялары (табиғи және еріксіз циркуляциялы, қабықшалы, жанарғы батырылған және т.б.)
2.4 Масса алмасу процестері және аппараттары

Масса алмасу процестері туралы жалпы мәліметтер. Химиялық технологиядағы масса алмасу процестерінің маңызы. Масса алмасу процестерінің түрлері және жалпы сипаттамасы. Бұл процестердің экологиялық проблемаларды шешудегі маңызы.
Колонналы аппараттардағы масса алмасу процестерінің қарқынын асыру жолдары.
Абсорбция. Абсорбция және оның іс жүзінде қолданылу салалары туралы жалпы мәліметтер. Абсорбциядағы тепе-теңдік. Генри заңы. Абсорбцияның материалдық балансы. Жұмыстық сызық теңдеуі. Абсорбенттің меншікті шығынының ең аз меншікті оптималды мәндері. Төменгі температуралы абсорбция. Көп компонентті абсорбция. Химиялық реакция арқылы жүретін абсорбция.
Десорбция және оның тәсілдері. Абсорбция-десорбциялық қондырғылардың принципиалдық схемалары.
Абсорберлердің конструкциялары және түрлері. Қабықшалы және насадкалы колонналар (насадканың түрлері, олардың сипаттамасы). Насадканы таңдау. Құйылу құрылғысы бар және табақшалы колонналар (тор тесікті, құлап ағатын және т.б.) Табақшаның конструкциясын таңдау. Шашыратпалы абсорберлер. Абсорберлердің салыстырмалы сипаттамасы және оны жетілдіру шаралары.
Сұйықтарды айдау. Айдау және оның іс жүзінде қолданылу салалары жөнінде жалпы мәліметтер. Айдаудың түрлері: жай айдау және ректификация. Бу-сұйық жүйесіндегі тепе-теңдік. Рауль заңы. Тепе-теңдік сызығының теңдеуі.
Жай айдау. Дефлегмациялық жай айдау. Жай айдаудың материалдық балансы. Молекулалық дистилляция. Су буымен айдау. Айдау температурасын және су буының шығынын анықтау.
Ректификация. Ректификация принципі. Мерзімді және үздіксіз ректификация қондырғыларының схемалары. Бинарлы қоспаларды үздіксіз ректификациялаудың материалдық балансы. Ректификация колоннасының нығайту (жоғарғы) және тауысу (төменгі) бөліктерінің жұмыс сызықтарының теңдеуі. Ректификация колоннасының жылу шығынының флегма санына байланыстылығы. Ректификация кезіндегі бірлескен жылу және масса тасымалдау. Бинарлы қоспаларды мерзімді әрекетті ректификациялауды есептеудің негіздері. Көпкомпонентті қоспаларды ректификациялауды талдау және есептеу принциптері.
Ректификациялық аппараттардың конструкциялары. Ректификациялық колонналардың құрылымының ерекшеліктері.
Экстрактивтік және азеотроптық ректификацияның физикалық-химиялық негіздері. Экстрактивтік және азеотроптық ректификация қондырғыларының схемалары.
Сұйықтық экстракция. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылу салалары. Экстракциялық процестердің негізгі схемалары, экстрагентті регенерациялаусыз және регенерациялау, экстракцияны реэкстракциямен бірге өткізу.
Сұйық-сұйық жүйесіндегі тепе-теңдік. Материалдық баланс. Бір сатылы және көп сатылы қарама-қарса ағынды экстракция. Экстракция кезіндегі масса өту. Экстракциялық аппараттарды есептеудің ерекшеліктері. Экстракция процестерінің қарқындылығын арттыру жолдары.
Экстракторлардың конструкциялары және классификациясы. Фазалар үздіксіз жанасатын гравитациялық экстракторлар: шашыратпалы, насадкалы. Фазалар сатылы түрде жанасатын экстракторлар (араластырушы-тұндырғышты, табақшалы). Фазалар үздіксіз жанасатын механикалық экстракторлар (роторлы, пульсациялық және т.б.). Экстрактордың түрін таңдау.
Экстракторлардың салыстырмалы сипаттамасы және оларды жетілдіру шаралары.
Қатты дене және сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу. Қатты фазалы жүйелердегі масса өтудің ерекшеліктері. Сыртқы фазадағы масса тасымалдау. Қатты фазадағы масса тасымалдау. Масса өткізгіштік. Кеуекті денелердің негізгі сипаттамалары (кеуектердің пішіні, олардың өзара орналасуы және қосылуы, кеуектік, кеуектердің өлшемдері бойынша таралуы, меншікті бет және кеуектердің иреңділіккоэффициенті). Кеуекті денелердегі масса тасымалдаудың қарапайым процестерінің негізгі түрлері. Масса өткізгіштіктің теңдеуі. Қатты фазада масса тасымалдау үшін масса берудің ұқсастық сандар теңдеуі. Қатты дене қатысатын жүйелер үшін масса өтудің теңдеуі.
Адсорбция. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы мәліметтер. Негізгі өндірістік адсорбенттер, олардың құрылымы және қасиеттері. Адсорбция кезіндегі тепе-теңдік. Адсорбция изотермалары. Адсорбцияның материалдық балансы. Адсорбцияның тепе-теңдік және тепе-теңсіздігінің динамикасы. Адсорберлерді есептеу. Десорбция, оны жүргізудің және есептеудің әдістері. Мерзімді және үздіксіз әрекетті адсорбция процесінің схемалары.
Иондық алмасу. Иондық алмасу кезіндегі тепе-теңдік. Иондық алмасудың динамикасы. Ионалмасу аппараттарын есептеу. Адсорберлердің және ионалмастырғыштардың конструкциялары. Қозғалыссыз, жалған сұйылған және нығыздалған түйіршікті материалдың қозғалмалы қабатты аппараттар.
Кептіру. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы мәліметтер. Конвективті және контактты кептіру. Ылғалдың материалмен байланысының түрлері. Ылғал ауаның негізгі параметрлері. Ылғал ауа күйінің диаграммалары. Кептірудегі тепе-теңдік. Конвективті және контактты кептіргіштердің материалдық және жылу баланстары. Конвективті кептірудің варианттары. Кептіру процесінің кинетикасы. Кептіру процесіндегі жылу-масса тасымалдау. Кептірудің кинетикалық қисық сызықтары. Кептіру жылдамдықтарының тұрақты және төмендеу кезеңдері (периодтары). Мұндай шартты жағдайларда жылдамдықты есептеу әдістері. Кептіру процестерінің қарқындылығын арттыру тәсілдері.
Кептіргіштердің конструкциялары. Кептірілетін материалдың қозғалыссыз қабаты бар конвективті кептіргіштер ( камералы, ленталы және т.б.). Кептірілетін материал араластырылатын конвективті кептіргіштер (барабанды және т.б.).
Кептірілетін материалдың жалған сұйылған қабатындағы конвективті кептіргіштер. Кептірілетін материалды пневматикалық жолмен тасымалдайтын конвективті кептіргіштер. Контактты кептіргіштер (кептіргіш шкафтары, білікшелі және т.б.).
Кептірудің арнаулы түрлері: радиациялы, сублимациялық, жоғарғы жиілікті (диэлектрикті) кептіргіштер.
Қатты дене-сұйық жүйесіндегі еру және экстракциялау. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы мәліметтер. Еру. Еру кезіндегі тепе-теңдік шарттары. Еру кинетикасының теңдеуі. Толық еру уақытын анықтау.
Ерітілген затты экстракциялау. Процестің кинетикасы. Еру және экстракциялау әдістері. Тұйықталған мерзімді процесс; бір бағыттас және қарама-қарсы бағытты процестер; қозғалыссыз қабаттағы процесс. Еру және экстракциялау процестері үшін керекті аппараттар (араластырушы-тұндырғыш, карусельді және т.б.).
Ерітінділер мен балқымалардың кристалдануы. Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылу салалары. Кристалдануды жүргізудің әдістері. Кристалдану кезіндегі тепе-теңдік. Кристалданудың материалдық және жылу баланстары. Кристалданудың кинетикасы. Кристалдардың пайда болу және өсуінің жылдамдықтары. Қоспаларды көп рет қайта кристалдарға бөлшектеп (фракцияланған) және қарама-қарсы кристалдандыру әдістерімен ажырату.
Кристаллизаторлардың конструкциялары және классификациясы. Еріткіштің бір бөлігін шығару арқылы кристалдауда қолданылатын кристаллизаторлар. Ерітіндіні суыту арқылы кристалдауда қолданылатын кристаллизаторлар. Барабанды кристаллизаторлар. Вакуум-кристаллизаторлар. Жалған сұйылу қабатты кристаллизаторлар. Кристалдану процестерінің қарқындылығын арттыру шаралары.
3. ХӨ Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғаудың жалпы сұрақтары
Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері. Еңбектің таза және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін кәсіпорын әкімшілігінің міндеттері. Еңбекті қорғауда жұмысшылар мен ИТҚ атқаратын негізгі міндеттері. Өндіріс ұжымының еңбекті қорғаудағы құқығы. Еңбекті қорғау ережелерін бұзушыларды жауапкершілікке тарту.
Өндірістегі еңбектің таза және қауіпсіз жағдайларын құру. Өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттау жүйесі. Жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін үйрету. Еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлау. Өндірістегі еңбек қорғаудың ережелері мен еңбек туралы заңдарының сақталуын қадағалау.
3.2 Химия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы және өндірістік санитария
Зиянды заттар және кәсіби аурулардың алдын алу. Зиянды заттардың жіктелуі. Зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРЕК). Зиянды заттардың адам организміне әсер ету жолдары. Өндірістік шаң-тозаң. Өнеркәсіптегі зиянды заттар өндірісімен байланысты қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар. Зиянды заттармен улану және химиялық күю кезіндегі көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек. Өндірістік жарақаттану, кәсіби аурулар мен бақытсыз жағдайлар туралы түсінік. Оларды тіркеу және талқылау. Өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулар көрсеткіштері.
Радиациялық қауіпсіздік негіздері. Иондаушы сәулеленудің негізгі сипаттамасы. Иондаушы сәулеленудің биологиялық әсері. Олардың дозиметриялық шамасы мен өлшеу бірліктері. Радиоактивті заттар мен сәулелену көздерінен қорғау іс-шараларын ұйымдастыру.
Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайлары. Жұмысшы организмінің терморегуляциясы және оның бұзылу әсері. Жайлы метеорологиялық ортаны қалыптастыру. Вентиляция. Метеорологиялық параметрлерін анықтау.
Жұмысшыларды қорғау жабдықтары. Діріл мен вибрациядан қорғау. Жұмысшыларды қорғау жабдықтарының жіктелуі. Жеке және коллективтік қорғану әдістері. Діріл мен вибрацияның зияндылығы. Көз, құлақ, қол және тыныс алу органдарын қорғау құралдары. Өндірістік ғимараттарды жарықтандыру. Негізгі жарықтандыру өлшемдері. Табиғи жарық. Нормалау мен есебі. Жасанды жарық. Светильниктер. Апаттық (авариялық) жарық.
3.3 Қауіпсіздік техникасының инженерлік негіздері
Электр қауіпсіздігі. Адамға электр тоғының әсері. Электр тоғының қауіптілігін анықтайтын факторлар. Электр қондырғыларын эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Адамды электр тоғы соққанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.
Технологиялық процестердің қауіпсіздігі. Потенциалды қауіпті технологиялық процестер. Технологиялық процестерге қойылатын қауіпсіздік талаптары. Еңбек қауіпсіздігі үшін өндірістік процестерді автоматтандыру. Технологиялық процестің қауіпсіздік негізі – технолог
иялық регламент. Инженерлік-техникалық қауіпсіздігінің құралдары. Авариялық жағдайларын болдырмау жоспары.
Технологиялық қондырғылардың қауіпсіздігі. Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық қондырғылар. Химия қондырғыларын құрастырудағы жалпы бағыты. Қысым астында жұмыс істейтін аппараттарды эксплуатациялаудың қауіпсіздігі. Сығылған, сұйытылған және ерітілген газдарға арналған баллондар қауіпсіздігі. Сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналар мен ыдыстар.
Жөндеу және тазалау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Техникалық қызмет көрсету жүйесі және химия өндірісіндегі қондырғыларды жөндеу. Жөндеу жұмыстарына дайындау және ұйымдастыру шаралары. Жөндеу жұмыстарына қондырғыны тапсыру және тапсыру реті. Жабық аппараттар мен сыйымдылықтарда жұмыс жүргізу қауіпсіздігі. Отты жұмыстар жүргізу қауіпсіздігі. Тазалау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
3.4 Өрттің алдын алу және өртті сөндіру негіздері
Өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру. Жану процестері. Өртқауіпті және қопарылыс қауіпті материалдар мен заттардың қасиеттері. Мемлекеттік өрт надзоры. Өртке қарсы күрес инструкциялары. Жану туралы жалпы мәліметтер. Өртті сөндіру жабдықтары мен тәсілдері. Өрт сөндірудің автоматты стационарлы жүйесі. Қондырғыларды өрт пен жарылыстан сақтау. Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті шекаралардың классификациясы. Статикалық электр тоғынан қорғау.
Өрт сөндіру әдістері мен құралдары. Өрт сөндіру әдістері. Өрт сөндіру құралдары. Су - өрт сөндіруші зат. Өрт сөндіру көбіктері. Галогенкөмірсутекті қоспалар. Өрт сөндірудің алғашқы құралдары. Автоматты стационарлы өрт сөндіру жүйелері.
Технологиялық процестердің өрт қауптілігінің алдын алу. Өрт пен жарылыс сигналдары. Қондырғыны өрт пен жарылыстан сақтау. Жарылғыш және өрт қауіпті зоналардың классификациясы. Жарылғыш және өрт қауіпті зоналардағы электрқондырғылар қауіпсіздігі. Статикалық электр тоғынан қорғау.
3.5 Химиялық өнеркәсіптегі өндірістік ғимараттар мен үймереттерді жобалағанда еңбекті қорғау талаптары
Химия өнеркәсібінің өндірістік ғимараттарын жобалау. Өндірістік ғимараттарға қойылатын талаптар, олардың жіктелуі. Химия өнеркәсібінің өндірістік ғимараттарын жобалау жағдайындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету. Зауытішілік жүк көтергіш және тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға арналған қондырғылар. Құрылыс конструциясына зиянды физика-химиялық факторларының әсері. Өндірістік ғимараттардың реконструкциясы.
Химия өнеркәсібінің өндірістік ғимараттарын жобалаған кезде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары. Ғимараттар мен бөлмелерді өрт қауіптілігіне және жарылыс қауіптілігіне байланысты категорияларға бөлу. Құрылыс материалдарының жанғыштығы және құрылыс конструкцияларының өртке тұрақтылығы. Адамдарды қауіпсіз эвакуациялау. Өртке қарсы талаптарды ескеріп, өндірістік ғимараттарды көлемдік жоспарлау есебі. Өндірістік өнеркәсіптегі санитарлық техника. Сумен қамтамасыз ету. Канализация.
Әдебиет
Омаралиев Т.О. Мұнай мен газды өңдеудің химиясы мен технологиясы.1-бөлім. Құрылымды өзгертпей өңдеу процестері. – Астана, Фолиант. 2011–504б.
Омаралиев Т.О. Мұнай мен газды өңдеудің химиясы мен технологиясы.2- бөлім. Құрылымды өзгертіп өңдеу процестері. - Астана:Фолиант, 2011ж.–344б.
Бишімбаева Г.Қ. Мұнай мен газ өңдеудің химиясы және технологиясы. – Алматы: Бастау, 2007 – 242б.
Серіков Т.П., Ахметов Мұнай мен газды терең өңдеу технологиясы: Оқулық. 3 томдық. – Атырау: Атырау мұнай және газ институты. 2005.
Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы. Т 1-5. – Алматы.: Ғылым, 2001.
Туманян Б.П. Практические работы по технологии нефти. – М.: Техника, ТУМА ГРУПП, 2006. – 160с.
Умиргалин Т.Г. Методы расчетов основного оборудования нефтепереработки и нфтехимии. – Уфа.: Нефтегазовое дело. 2007 – 236с.
Дауренбек Н.М., Еркебаева Г.Ш., қалдыгозов Е.К. Мұнай мен газ технологиясы және мұнайхимиясы бойынша мысалдар мен есептер. Оқу құралы. – Шымкент: М.Әуезов ат. ОҚМУ, 2009. – 142б.
Капустин В.М. технология переработки нефти. – М.: КолосС., 2008 - 334с.
Рудин М.Г., Драбкин А.Е. Краткий справочник нефтепереработчика. – Л.: Химия, 1980 – 327с.
Вержичинская С.В., Дигуров Н.Г., Синицин С.А. Химия и технология нефти и газа. – М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2009 – 400с.
Ахметов С. А. Технология глубокой переработки нефти и газа. — Уфа:Гилем, 2002. — 672 с.
Смидович Е.В. Технология переработки нефти и газа. Ч 2. Крекинг нефтяного сырья. – М.: Химия, 1980г. – 328 с.
Рябов В.Д. Химия нефти и газа. – М.: РГУ НиГ им.И.М.Губкина, 2004 – 288с.
Сериков Т.П. Перспективные технологии переработки нефтей Казахстана. – Алматы.: Гылым, 2001 – 276с.
Проскуряков В.А., Драбкин Е.А. Химия нефти и газаа. – Л.: Химия,1981–359с.
Калдыгозов Е.К., Кульчиманов С., Еркебаева Г.Ш. Промышленная безопасность и охрана труда в нефтеперерабатывающей и нефтехимической отрасли. Учебное пособие. – Шымкент.: Изд. «Нурлы Бейне», 2011 – 152с.
Банов П.Г. Процессы переработки нефти. М., 2000г.
Ахметов С.А.Технология глубокой переработка нефти и газа. – Уфа: Гилем, 2002-672с.
Чуракаев А.М. переработка нефтяных газов. – М.: Недра, 1983.– 280с.
Смидович Е.В. Технология переработки нефти и газа. Часть 2.- М.: Химия, 1980 – 328с.
Каминский Э.Ф., Хавкин В.А. Глубокая переработка нефти: технологические и экологические аспекты. Москва, Техника, 2001-384с
Банов П.Г. Процессы переработки нефти. М., 2000г.
Левинтер М.Е. Производство моторных топлив. - Куйбышев, 1982 - 92с.
Ахметов С.А., Левинтер М.Е. Глубокая переработка моторных топлив. – М.: Химия. 1992 - 223с.
Сарданашвили А.Г., Львова А И. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа. М: Химия, 1980.
Кузнецов А.А., Кагерманов. С. М., Судаков Е. Н. Расчеты процессов и аппаратов нефтеперерабатывающей промышленности – Л.: Химия, 1974.
Танатаров М. А., Ахметшина М. Н. и др. Технологические расчеты установок переработки нефти. М.: Химия, 1989.
Эмирджанов Р. Т., Лемберанский Р. А. Основы технологических расчетов в нефтепереработке и нефтехимии. – М: Химия, 1983.
Фарамазов С. А. Оборудование нефтеперерабатывающих заводов и его эксплуатация. М: Химия, 1983.
Сериков Т.П., Оразбаев Б.Б., Джигитчеева К.М.Технологические схемы переработки нефти и газа в Казахстане. Ч.2. – Алматы.: КазПТИ, 1994. - 179с.
Омаралиев Т.О. Батыс Қазақстан мұнайларының газойльді фракцияларының каталитикалық крекингі. – Алматы: Ғылым, 1988. – 176б.
Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы. Т1-5. – Алматы.: Ғылым, 2001. - 2000с.
Сериков Т.П. Перспективные технологии переработки нефтей Казахстана. – Алматы.: Ғылым, 2001. – 276с.
Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии. -Изд. 10-е, стереотип. дораб. перепечатка с 1973. -М.: ТИД Альянс, 2004.
Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии. -13-е изд., стереотипное. - М.: Альянс, 2006.
Тастанова Л.К. Методические указания к практическим занятиям по дисциплине «Процессы и аппараты химической промышленности». Часть 2. Актобе: РИО АкГУ им. К.Жубанова, 2008. -44с.
Тастанова Л.К. Методические указания к лабораторным занятиям по дисциплине «Процессы и аппараты химической промышленности». Часть 2. Актобе: РИО АкГУ им. К.Жубанова, 2008. -12с.
Баранов Д.А. Процессы и аппараты/ Баранов Д.А., Кутепов А.М.. -М.: Асадема, 2004.
Основные процессы и аппараты химической технологии. (Пособие по проектированию). Под ред. Ю.И.Дытнерского. М.: Химия, 1991.-496с.
Руководство к практическим занятиям в лаборатории процессов и аппаратов химической технологии. Под ред. П.Г.Романкова, 5-е изд. Л.: Химия, 1979.-256с.
Фролов В.Ф. Лекции по курсу «Процессы и аппараты химической технологии». С-П.: Химиздат, 2003.
Плановский А.А., Николаев П.И. Процессы и аппараты химической и нефтехимической технологии, 3-е изд. М.: Химия,1987. -540с.
Гельперин И.И. Основные процессы и аппараты химической технологии. М.: Химия, 1981. -812с.
Берд Р., Стюард, Лайтфут Е. Явление переноса. М.: Химия, 1974. –688с.
Иоффе И.Л. Проектирование процессов и аппаратов химической технологии. -Л.: Химия, 1991
Коган В.Б. Теоретические основы типовых процессов химической технологии. Л.: Химия,1977. –512с.
Процессы и аппараты химической технологии: Явления переноса, макрокинетика, подобие, моделирование, проектирование. Т. 1. Основы теории процессов химической технологии. - М.: Логос, 2000.
Таубман Б.И. Выпаривание. М.: Химия, 1982. -328с.
Шервуд Т., Пигфорд Р.А., Уилки У. Массопередача. М.: Химия, 1982. -698с.
Александров А.И. Ректификационные и абсорбционные аппараты. М.: Химия, 1978. -280с.
Романков П.Г. и др. Массообменные процессы химической технологии. Л.: Химия, 1975. -336с.
Ягодин Г.А., Каган С.З. Основы жидкостной экстракции. М.: Химия, 1981. -400с.
Гельперин Н.И., Носков Г.А. Основы техники кристаллизации расплавов. М.: Химия, 1975. -351с.
Сажин Б.С. Основы техники сушки. М.: Химия, 1984. -365 с.
Насосы. Каталог-справочник. 3-е изд. М.: Машиностроение, 1959.
Баратов А.Н., Иванов Е.Н. Пожаротушение на предприятиях химической и нефтеперерабатывающей промышленности. - М.: Химия,1979. - 448с.
Кушелев В.П. и др. Охрана труда нефтеперерабатывающей и нефте- химической промышленности. – М.: Химия, 1983. - 472 с.
Охрана труда в химической промышленности. Под.ред. Макарова Г.В.- М.: Химия, 1989. - 496с.
Вредные вещества в промышленности. Ч.1. Сост. Ж.И.Абрамова, А.Я. Бройтман. - Л: Химия,1971. - 832с.
Дениско Г.Ф. Охрана труда. - М.: Высшая школа, 1985.- 320с.
Захаров Л.Н. Техника безопасности в химических лабораториях. - Л.: Химия,1985. - 184с.
Карпов Ю.В., Дворняцева Л.А. Защита от шума и вибрации на предприятия химической промышленности. - М.: Химия,1991.
Маргулис У.Я. Атомная энергия и радиационная безопасность. - М.: Энергоатомиздат, 1983. - 160с.
Охрана труда. Сборник производственных ситуации и деловых игр. По курсу охрана труда, - Л.: Химия, 1988. - 216с.
Дехтерман А.Ш. Лаборант нефтеперерабатывающего завода. - М.: Химия,1989.
Жуков В.И. Служба техники безопасности на химическом заводе. - М.: Химия,1979. - 208с.
Иванов Б.И. Пожарная безопасность в химических лабораториях. - М.: Химия,1988. - 112с.
Линецкий В.А., Пряников В.И. Охрана труда, техника безопасности и пожарная профилактика на предприятиях химической промышленности. - М.: Химия,1976. - 440с.
Медведева В.С., Билиникис Л.И. Охрана труда и противопожарная защита в химической промышленности. – М.:Химия, 1982. - 296с.

Приложенные файлы

  • docx 23718064
    Размер файла: 34 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий